Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Kärcher SC 1133 Originalbetriebsanleitung Seite 270

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Қапталған, жалатылған немесе
лакталған беттерді тазалау
Ас бөлмесінің жəне үй жиһазы, есіктер,
паркет сияқты лакталған немесе
жасанды материалдармен қапталған
беттерді тазалаған кезде, балауыз,
жиһаз политурасы, жасанды
материалдардан жасалған беттер жəне
сыр бөлініп, түсіп қалуы, дақтар пайда
болуы мүмкін. Осы беттерді тазалау
кезінде матаны кішкене құрғатыңыз
жəне беттерін сүртіңіз.
Сақтық нұсқауы
Жапсырылған жиектерге буды
бағыттамаңыз, себебі жабыстырғыш
түсіп қалуы мүмкін. Бұйымды лак
жағылмаған ағаш немесе паркет
едендерді тазалау үшін
пайдаланбаңыз.
Əйнектерді тазалау
Суық ауа райы кезінде, əсіресе қыста,
терезе əйнектерін, əйнек бетін бумен
ақырындап өңдеп, жылытыңыз.
Осылайша, əйнекте жарықшақтардың
пайда болуына əкелуі мүмкін əйнек
бетінің деформациялану кернеуі түседі.
Содан кейін терезе бетін қол
бүріккішімен жəне қаптамамен
тазалаңыз. Судан босату үшін ракельді
қолданыңыз немесе беттерін құрғақ етіп
сүртіңіз.
Сақтық нұсқауы
Терезе жақтауының лакпен қапталған
жерлеріне нұқсан келтіріп алмас үшін,
буды оған қарай бағыттамаңыз.
Бу пистолеті
Сіз бу пистолетін саптамаларсыз да
пайдалана аласыз, мысалы:
ілулі тұрған киімдегі иістер мен
бүрмелерді кетіру үшін оларды 10-20
см қашықтықтан бумен өңдеңіз.
өсімдіктерден шаңды кетіру үшін.
Сол үшін 20-40 см қашықтығын
сақтаңыз.
шаңды ылғалды кетіру үшін, осы
мақсатта шүберекті аздап бумен
өңдеп, онымен жиһазды сүртіңіз.
270
Нүктелі ағын шүмегі
Тазалау сапасы нүктелі ағын шүмегінің
кірленген жерге жақындығына тəуелді
жоғарылайды, себебі температура мен
қысым шүмегінің шыға берісінде ең
жоғары болып табылады. Қол жетуге
қиын жерлерді, фугаларды,
арматураларды, суағарларды,
шұңғылшаларды, дəретханаларды,
жалюзилерді жəне жылыту
батареяларын тазалауға əсіресе тиімді
болып табылады. Əктің қатып қалған
жерлерін бумен тазалаудың алдында
сірке суымен немесе лимон
қышқылымен сулап, сірке суы 5 минут
ішінде əсер ету үшін тосып, содан кейін
бумен тазалап, кетіруге болады.
Цилиндрлік қылшақ
Цилиндрлік қылшақты қосымша ретінде
нүктелі ағын шүмегіне орнатуға болады.
Қылшақпен тазалаудың арқасында,
тұрып қалған кірлерді оңайырақ кетіруге
болады.
Сақтық нұсқауы
Тез ақауланатын беттерді тазалауға
келмейді.
 Сурет
Цилиндрлік қылшақты шүмегіне
орнатыңыз.
Түкті матадан жасалған тысқапты қол
шүмегіне тартып кигізіңіз. Əсіресе үлкен
емес, жууға болатын аудандар үшін
жақсы келеді, мысалы, душ кабиналары
жəне айналар үшін.
– 11
KK
Қол шүмегі

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis