Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Kärcher SC 1133 Originalbetriebsanleitung Seite 266

Inhaltsverzeichnis

Werbung

механикалық беріктікті
қамтамасыз ету қажет.
 Пайдаланушы бұйымды нысанына
байланысты қолдану керек.
Бұйыммен жұмыс істеу кезінде
жергілікті ерекшеліктерге назар
аударуы керек, жақында жүрген
адамдарды ескеруі қажет.
 Бұл бұйымды физикалық, сенсорлық
немесе ақыл есі шектелуі бар
адамдар (осылардың ішінде балалар
да) тарапынан, немесе керекті білім
не тəжірибесі болмаған адамдар
тарапынан қолданбауы лазым, ал
осылар арнайы дайындалған не
оқытылған мамандар тарапынан
бақылау астында болып немесе
оларға осы мамандар тарапынан
бұйыммен жұмыс істеу тəсілі
көрсетіліп, анықталып берілгенде
қолдануы мүмкін. Бұйыммен ойнауға
жол бермеу үшін, бұйым жанындағы
балаларды бақылап отыру лазым.
 Балалар құрылғыны тек
ересектердің бақылауында
тазалауы жəне пайдалануы мүмкін.
 Бұйымды ешқашан қосулы күйінде
қалдыруға болмайды.
 Электр розеткалары бар кафельді
қабырғаларды тазалау кезінде
қауіпсіздікті сақтаңыз.
Сақтық нұсқауы
 Электр тоққа қосу кабелі мен
ұзартқыштың қиылу, қысылу,
созылу жəне т.б. нəтижесінде
пайда болған ақаулардың болмауын
қадағалау керек. Электр кабелдер
ыстықтың, майдың əсерінен жəне
өткір қырлардың зақымдануынан
сақтаңыз.
 Су резервуарына еріткіштерді,
еріткіші бар сұйықтықтарды жəне
де араластырылмаған
қышқылдарды (мысалы, жуғыш
заттар, жанармай, бояуларға
арналған еріткіш немесе ацетон)
құюға тыйым салынады, əйтпесе,
бұйымның жасалған
266
материалдарына зиян келтіруі
мүмкін.
 Бұйым тұрақтылықты сақтайтын
жерде тұруы қажет.
 Бұйымды сипаттамаға немесе
суретке сəйкес қана қолдану жəне
сақтау қажет!
 Жұмыс барысында Бу берудің
деңгей реттегішін бекітуге
болмайды.
 Бұйымды жаңбырдан сақтаңыз.
Далада ашық аспан астында
сақтауға болмайды.
Қауіпсіздік құралдары
Сақтық нұсқауы
Қауіпсіздік құралдарының мақсаты
қолданушыны қауіптен сақтандыру,
осыларды өзгертуге немесе
ықылассыз қалдыруға болмайды.
Қысымды реттегіш
Қысымды реттегіш жұмыс кезінде
қазандағы қысымды ең жоғарғы
бірқалыпты мөлшерде сақтап тұрады.
Қазандағы жұмыс қысымының ең
жоғарғы деңгейіне жеткенде, жылытқыш
элемент айырылады, ал бу шығыны
нəтижесінде қысым төмендесе, қайта
қосылады.
Қауіпсіздік термостаты
Егер қысым реттегіші қатеге
байланысты істен шықса жəне бұйым
қатты қызып кетсе, қауіпсіздік
термостаты бұйымды өшіреді.
Қауіпсіздік термостатын бастапқы
қалпына қайтару үшін KÄRCHER
компаниясының өкілетті қызмет көрсету
бөліміне хабарласыңыз.
Бу қазанының қауіпсіздік
қалпақшасы
Бу қазанының қалпақшасы қазанды бу
қысымының жоғарылауына қарсы
тұрады. Қысымды реттегіш істен шыққан
жағдайда жəне егер қазандағы бу
қысымы өте жоғары болса, бу
қазанының қалпақшасындағы қысымды
шектеу клапаны ашылады да, бу қақпақ
арқылы сыртқа шығады.
– 7
KK

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis