Аккумулятордың қалған заряды бақылау
шамдары (8) арқылы көрсетіледі.
Телескоптық қарнақ ұзындығын
реттеу
► 4-бет., 3-тармақ
– Бекіткіштің иінтірегін (3) бұғаттан шыға-
рыңыз.
– Телескоптық қарнақты (10) қажетті
ұзындыққа тартыңыз.
– Бекіткіштің иінтірегін (3) қайтадан
бұрап бекітіңіз.
Жетек түйінінің жұмыс күйін реттеу
► 3-бет., 1-тармақ
– Құлыптан босату түймесін (11) басып,
жетек түйінін (2) бекітілгенше бұраңыз.
Қосу алдында тексеріңіз!
ҚАУIП! Абайлаңыз, жарақаттану
қаупі бар! Құрылғыны тек ешқан-
дай ақаулар табылмаған кезде пай-
далануға болады. Егер белгілі бір
бөлшек зақымданған болса, оны
міндетті түрде ауыстыру қажет.
Қорғаныс құралдары мен құрылғының
қауіпсіз күйін тексеріңіз:
– Барлық бөлшектердің берік орналасқа-
нын тексеріңіз.
– Көзге көрінетін ақаулардың бар-жоғын
тексеріңіз: сынған бөлшектер, сызаттар
жəне т.б.
Қосу/өшіру
► 3-бет., 1-тармақ
– Құрылғыны екі қолмен мықтап ұстап,
тасымалдағыш белдікті пайдала-
ныңыз.
– Қосу: қосу құлпын (7) алға қарай
жылжытып, дəл сол уақытта ажы-
ратқышты (8) басыңыз.
– Өшіру: Ажыратқышты (8) жіберіңіз.
Бақшаға арналған жəне ретінде
пайдалану
Пайдалану алдында шынжырлы аралар-
дың көмегімен аралау технологиясымен
жақсылап танысып шығыңыз. Ұсыныстар
арнайы əдебиетте келтірілген. Тиісті оқу
курстарына баруға кеңес береміз. Мұнда
келтірілген нұсқаулар тек қосымша болып
табылады!
Дұрыс қалпы
ҚАУIП! Жарақаттану қаупі! Ешбір
жағдайда тұрақсыз жерде жұмыс
істемеңіз!
Ешбір жағдайда сатыда тұрып
жұмыс істемеңіз!
Жұмыс кезінде қатты алға еңкеюге
болмайды!
Аппаратты тек қана жағымды ауа
райы мен қоршаған орта жағдайла-
рында пайдаланыңыз!
– Екі аяқпен жерде қауіпсіз тұрыңыз.
– Жұмыс аймағындағы кедергілерге
назар аударыңыз.
– Жұмыс барысында аспапты əрқашан
екі қолмен нық ұстаңыз!
– Тасымалдағыш белдік сол иықтан асы-
рылуы тиіс.
– Аппаратты ұстап тұрыңыз:
• сол қолыңызбен аралау штангасын
• сол қол тұтқада.
• қауіпсіз күйде тепе-теңдікті сақтап.
Аралауды дұрыс орындау!
ҚАУIП! Жарақаттану қаупі! Аппа-
ратты қолыңыздан шығару алдында
əрдайым қозғалтқышты өшіріңіз!
• Жұмыс аймағын бақылап, кедергі кел-
тіретін барлық заттарды алып
тастаңыз.
• Жұмысты бастау алдында аппараттың
қауіпсіздігін тексеріңіз (► Қосу алдында
тексеріңіз! – 227-бет.).
• Аппаратты тиісінше екі қолмен алыңыз.
Кері соққы қаупі бар!
Кері соққы аралау шинасының жоғарғы
жағы немесе ұшы ағашқа немесе басқа
қатты заттарға тигенде орын алады. Бұл
ретте аппарат операторға қарай үлкен
энергиямен лақтырылып, ауыр жарақат
алуға апарып соғуы мүмкін.
Міндетті түрде оң жақта көрсетілген ара-
лау шынжыры аймағының ағашпен немесе
басқа қатты заттармен жанасуынан сақта-
ныңыз.
KAZ
227