KAZ
• Ара шынжырын қайрау жəне оған
қызмет көрсету үшін өндірушінің
нұсқауларын сақтау керек. Кесудің
тым төмен шектегіштері кері соққыға
қатысты еңісті ұлғайтады.
Биіктіктегі бұтақтарды кесу үшін
қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
• Жұмыс ортасы кедергілерден бос екен-
дігіне көз жеткізу керек. Құрылғыны
басқарған кезде ағаш шарбақ,
бұтақтардың жəне т.б. ара шынжыры-
ның артына тиюіне жол бермеу қажет.
• Құрылғыны баспалдақтарда немесе
тұрақсыз беттерде қолдануға бол-
майды. Тепе-теңдікті жоғалтпау үшін
екі аяқпен жерде нық тұру керек.
• Электр тогының соғуынан қорғану үшін
құрылғыны электр тарату желісінен 10
м жақын қашықтықта пайдалануға бол-
майды.
• Құлап бара жатқан бұтақтардан қорғану
үшін араланып жатқан бөліктердің тура
астында тұруға болмайды. Құрылғыны
жерге қатысты 60°-тан артық бұрышта
ұстауға болмайды.
Бақша қайшысына арналған
қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулық
• Тек қана бұтақтар мен шыбықтарды
кесіңіз. Бақша қайшысын мақсатына
қатысы жоқ жұмыстар үшін қолдан-
баңыз. Бақша қайшысын тағайында-
луы бойынша қолданбау қауіпті
жағдайларға əкелуі мүмкін.
• Бақша қайшысын гүлзарды/гүлзар жие-
гін кесу үшін немесе компостерлеу мақ-
сатында ұсату үшін қолдануға бол-
майды.
• Егер ерекше қатты діріл пайда болса
немесе жұмыс барысындағы шудың
деңгейі жоғарыласа, дереу
құрылғыны сөндіріп, ашасын розет-
кадан шығарыңыз. Мүмкін кесуші
құрал бөгде заттан зақым алып, ары
қарай қауіпсіз жұмыс кепілді емес
болып табылады.
• Кесіліп отырған материалды қолмен
ешқашан ұстамаңыз. Бітеліп қалған
кесілген материалды тек аппарат
сөндірілген кезде алып тастаңыз.
Бақша қайшысын қолдану барысын-
дағы бір секундтық зейінсіздік ауыр
жарақаттарға əкелуі мүмкін.
222
• Бақша қайшысын екі қолмен мықтап
ұстаңыз, үлкен саусақ пен басқа сау-
сақтар бақша қайшысының сабын
қамтуы қажет. Сəйкес шаралар
жасалса, оператор қауіпті барынша
азайта алады.
• Электр құралын саптардың тек
оқшауланған беттерінен ұстаңыз,
себебі кесуші пышақ жасырын
электр сымымен жанасуы мүмкін.
Кесуші пышақтың ток өткізгіш сыммен
жанасуы құрылғының металл бөлшек-
терін кернеу астында қойып, ток соғуға
əкелуі мүмкін.
• Бақша қайшысын ешқашан төмен
түсірмеңіз. Дененің қалыпсыз орна-
ласуын болдырмаңыз жəне кесуді
иықтан жоғары емес биіктікте
жасаңыз. Осылайша кесуші құралмен
жанасудың алды алынады жəне күтпе-
ген жағдайларда бақша қайшысын
толық бақылау мүмкін болады.
• Бақша қайшысын өшірілген күйінде
кесуші құралды денеден алшақта-
тып алдыңғы тұтқасынан ұстаңыз.
Бақша қайшысын тасымалдау
немесе сақтау кезінде оларға əрқа-
шан қорғаныс қаптамасын кигізіңіз.
Бақша қайшысын ұқыпты қолдану
қозғалып тұрған кесуші құралға кездей-
соқ жанасу ықтималдығын азайтады.
• Əрқашан орнықты жағдайда тұруға
тырысыңыз, бақша қайшысын тек
берік, қауіпсіз жəне тегіс жерде
тұрғанда қолданыңыз. Тайғанақ жер
немесе орнықсыз тіреуіш беттер,
мысалы, саты, тепе-теңдіктің жоға-
луына немесе бақша қайшысының
бақылаудан тыс қалуына əкелуі мүмкін.
• Керілген бұтақты кескенде, оның
ыршып кету мүмкіндігіне назар
аударыңыз. Ағаш талшықтарын тар-
тылудан босатқан кезде керілген
бұтақтар операторды ұруы мүмкін, ол
кезде бақша қайшысы бақылаудан тыс
қалуы мүмкін.
• Электр тогының соғуынан қорғану
үшін құрылғыны электр тарату
желісінен 15 м жақын қашықтықта
пайдалануға болмайды. Əдетте
электр сымдарын шөп басып кетіп,
олар көрінбеуі мүмкін.
• Бақша қайшысымен ағашта жұмыс
жасамаңыз. Бақша қайшысымен
ағашта жұмыс жасаған кезде жарақат
алу қаупі бар.