Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Lux Tools A-HS-20/41T-2in1 Originalbetriebsanleitung Seite 221

2in1-set: akku-teleskop-heckenschere und -kettensäge
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für A-HS-20/41T-2in1:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
жырлы араны бақылаудың немесе
тепе-теңдіктің жоғалуына əкеліп соғуы
мүмкін.
• Кернеу астындағы бұтақты аралаған
кезде оның ұшып кетуі мүмкін екен-
дігіне назар аударыңыз. Ағаш тал-
шықтарды тартылыстан босатқан кезде
тартылған бұтақ операторды соғуы
мүмкін жəне/немесе шынжырлы ара
бұдан былай басқарылмайды.
• Бұталар мен жас ағаштарды кескен
кезде ерекше абай болыңыз. Жұқа
материал ара шынжырында тұрып
қалуы немесе сізді ұрып, тепе-теңдік-
тен шығаруы мүмкін.
• Ара шынжырын өз денеңізден ары
бұра отырып, шынжырлы араны
өшіп тұрған күйінде алдыңғы тұтқа-
сынан ұстаңыз. Шынжырлы араны
тасымалдаған немесе сақтаған
кезде оған қорғаныс қаптамасын
үнемі кигізіңіз. Шынжырлы араны
мұқият ұстау қозғалып тұрған ара шын-
жырына кездейсоқ тиіп кету ықтимал-
дылығын төмендетеді.
• Майлау, шынжырды тарту жəне
құрамдас бөлшектерін ауыстыру
бойынша нұсқауларды сақтаңыз.
Дұрыс тартылмаған немесе майлан-
баған шынжыр үзіліп кетуі не кері соққы
қатерін арттыруы мүмкін.
• Қолды құрғақ, таза жəне май мен
жағындыдан бос күйде сақтау
керек. Май жұққан, майлы қолдар тай-
ғанақ болып табылады жəне бақылау-
дың жоғалуына əкеліп соғуы мүмкін.
• Тек сүректі аралау керек. Шынжы-
рлы араны арнайы мақсатынан тыс
қолдануға болмайды. Мысалы:
Шынжырлы араны пластмассаны,
кірпіш қабырғаларды немесе
ағаштан жасалмаған құрылыс мате-
риалдарын аралау үшін қолдануға
болмайды. Шынжырлы араны мақса-
тына сай қолданбау қауіпті жағдай-
ларға əкеліп соғуы мүмкін.
• Құрылғыны іске қоспас бұрын шынжыр
бөгде заттардан бос екендігіне көз жет-
кізу қажет.
• Əрдайым қозғалтқыш толық қуатпен
жұмыс істеп тұрған кезде кесіңіз жəне
тұрақты жылдамдықты сақтап
тұрыңыз.
Кері соққы себептері жəне алдын алу:
Кері соққы бағыттауыш шинаның арты қан-
дай да бір затқа тиіп тұрған кезде немесе
ағаш иілгенде жəне ара шынжыры ара-
лаған кезде қарысып қалғанда туындауы
мүмкін.
Шинаның артқы жағына қол тигізу кейбір
жағдайларда артқа қарай бағытталған күт-
пеген реакцияға əкеліп соғып, бағыттауыш
шина жоғары жəне операторға қарай
бағытталуы мүмкін.
Бағыттауыш шинаның жоғарғы жиегінде
ара шынжырының сыналануы шинаны
операторға қарай тез лақтырып тастауы
мүмкін.
Мұндай кез келген реакциялар сіздің
араны бақылай алмай қалуыңызға жəне
ауыр жарақат алуыңызға əкеліп соғуы
мүмкін. Шынжырлы арада орнатылған
сақтандырғыш құрылғыларға ғана сүйен-
беңіз.
Шынжырлы араны пайдаланушы жұмыс
кезінде жазатайым жағдайлар мен
жарақаттануларға жол бермес үшін
əртүрлі шараларды қолдануы тиіс.
Электр құралын дұрыс пайдаланбау
немесе қате пайдалану кері соққыға
себепші болады. Төменде сипатталғандай
алдын алу шараларын қабылдай отырып,
оның алдын алуға болады:
• Араны екі қолыңызбен мықтап
ұстаңыз, оған қоса бас бармақ пен
саусақтар шынжырлы араның тұтқа-
сын орауы тиіс. Денеңіз бен қолда-
рыңыз кері соққының күшіне қарсы
келе алатындай қалыпта болуы
тиіс. Тиісті шараларды қабылдаған
кезде оператор кері соққыдан болатын
күштерді басқара алады. Шынжырлы
араны ешқашан жібермеңіз.
• Дененің қалыпты емес күйіне жол
бермеңіз жəне иықтан жоғары емес
биіктікте аралаңыз. Соның арқа-
сында шинаның ұшына қол тигізу
жағдайына жол берілмейді жəне күтпе-
ген жағдайларда шынжырлы ара ең
үздік бақылануы мүмкін.
• Əрқашан өндіруші ұсынған қосалқы
шиналарды жəне шынжыр арала-
рын қолдану керек. Сəйкес келмей-
тін қосалқы шиналар мен ара шынжыр-
лары шынжырдың үзілуіне немесе кері
соққыға əкеліп соғуы мүмкін.
KAZ
221

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

304476

Inhaltsverzeichnis