Аспапты пайдалану жəне қолдану
• Құралды асыра жүктемеңіз. Жұмыс
істеу үшін осыған арналған электр
құралдарын ғана пайдаланыңыз.
Жарамды электр құралымен аталған
қуаттылық диапазонында жақсырақ
жəне сенімдірек жұмыс істейсіз.
• Сөндіргіші зақымданған электр құра-
лын пайдаланбаңыз. Қосу немесе
өшіру мүмкін емес электр құралы
қауіпті болып табылады жəне оны мін-
детті түрде жөндеу қажет.
• Аспапты орнатудан, керек-
жарақтарды алмастырудан немесе
құралды сақтауға қоймастан бұрын
штепсельдік ашаны розеткадан
ажыратыңыз жəне/немесе аккумуля-
тор батареясын шығарыңыз. Бұл
сақтық шарасы құралдың байқаусызда
қосылуын болдырмайды.
• Қолданылмайтын электр құралда-
рын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Құралдың құрылы-
мымен таныс емес немесе осы пай-
далану бойынша нұсқаулықты оқы-
маған тұлғаларға құралды пайдала-
нуға рұқсат етпеңіз. Электр құрал-
дары тəжірибесіз тұлғалардың
қолында қауіпті болады.
• Электр құралын мұқият күтіңіз.
Жылжымалы бөлшектері мінсіз
жəне қысылмай жұмыс істейтіндg-
гіне, электр құралының жұмысына
кері əсерін тигізе алатын зақымдар
мен сынған бөлшектердің
жоқтығына көз жеткізіңіз. Құралды
пайдаланбас бұрын зақымдалған
бөліктерін міндетті түрде жөндеу
керек. Электр құралдарына нашар
күтім жасау жарақаттанудың жиі себеп-
кері болады.
• Кескіш құрал жақсы қайралған жəне
таза болуы тиіс. Мұқият тазаланатын
жəне күтілетін өткір кескіш жиектері бар
кескіш құралдар азырақ кептеледі жəне
оларды жүргізу жеңілдеу.
• Электр құралдарын, керек-
жарақтарды, қосалқы құралдарды
жəне т.б. осы нұсқаулыққа сай пай-
даланыңыз. Бұл ретте еңбек жағдай-
лары мен жүзеге асырылатын əре-
кет түрін ескеріңіз. Электр құралда-
рын олардың пайдаланылуы үшін көз-
делмеген басқа операцияларды орын-
дау үшін пайдалану қауіпті жағдайлар-
дың туындауына əкелуі мүмкін.
Аккумуляторлық құралды пайдалану
жəне күту
• Аккумуляторларды тек өндірушімен
ұсынылған зарядтау құрылғылары-
ның көмегімен зарядтаңыз. Батарея-
ның белгілі бір түрі үшін қарастырылған
зарядтау құрылғысын басқа аккумуля-
торлармен пайдалану кезінде өрт қаупі
туындайды.
• Осы электр құралына арналған акку-
муляторларды ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану
зақымдарға немесе өрт қаупіне апарып
соғуы мүмкін.
• Пайдаланылмайтын аккумуляторды
кеңсе қыстырмалар, тиындар, кілт-
тер, шегелер, бұрандалар немесе
контактілердің тұйықталуын тудыру
мүмкін басқа да ұсақ металл заттар-
дан алшақ ұстаңыз. Аккумулятор кон-
тактілерінің қысқа тұйықталуы күйіп
қалу немесе өртке əкелуі мүмкін.
• Қате пайдаланған жағдайда аккуму-
лятордан сұйықтық ағып кетуі мүм-
кін. Оған тиіспеңіз. Кездейсоқ жана-
сып кеткен кезде тиген жерін сумен
жуыңыз. Көзіңізге сұйықтық тиген
кезде дəрігердің көмегіне де
жүгініңіз. Аккумулятордан аққан сұй-
ықтық терінің тітіркенуін немесе күйік-
тер тудыруы мүмкін.
• Аккумуляторды ашпаңыз. Дұрыс
емес араласу аккумулятордың
зақымдалуына əкелуі мүмкін.
• Аккумуляторды жоғары темпера-
тура, от, су мен ылғалдылық əсеріне
ұшыратпаңыз. Жарылыс қаупі бар.
• Зақымдалған жəне мақсатынан тыс
пайдаланылған аккумулятор бу
бөлінуіне əкелуі мүмкін. Жақсы жел-
детуді қамтамасыз етіңіз жəне дім-
кестік кезінде дəрігерге қаралыңыз.
Бу тыныс алу жолдарына тітіркендіргіш
əсер ете алады жəне сырқаттарға
себепші болуы мүмкін.
• Зарядталмайтын батареяларды
зарядтауға тырыспаңыз. Өрт жəне
жарылыс қаупі бар.
• Аккумуляторды тек осы электр құра-
лымен бір тіркесте пайдалануға
болады. Басқа электр құрылғылары
аккумуляторға артық жүктеме түсіріп,
оған зақым келтіруі мүмкін.
KAZ
219