Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GTS 10 XC Professional Originalbetriebsanleitung Seite 326

Tischkreissägen
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GTS 10 XC Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
326 | Қазақ
Жұмыс күйі
– Сынаны (7) ара дискісі ортасының тура үстінен ең
жоғарғы күйде орналастырыңыз, үстел ендірмесін
(32) орнатыңыз және қорғаныш қаптаманы (6)
монтаждаңыз.
– Қос иінді (20) ара дискісінің (33) жоғарғы тістері
дайындамадан шамамен 3 − 6 мм-ге жоғары болғанша
сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Аралау үстелін үлкейту
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Аралау үстелінің кеңейтімі (A суретін қараңыз)
Аралау үстелінің кеңейтімі (11) аралау үстелін (17) оңға
қарай кеңейтеді.
– Аралау үстелінің кеңейтіміне арналған қысқыш
тұтқаны (18) толығымен жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (11) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа қарай тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (18) төмен қарай итеріңіз. Сонда
аралау үстелінің кеңейтімі бекітіледі.
Аралау үстелінің ұзартқышы (B суретін қараңыз)
Аралау үстелінің ұзартқышы (10) аралау үстелін (17)
артқа қарай ұзартады.
– Сол жақ бағыттауыш қарнақтағы бұғаттау бұрандасын
(38) босатыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (10) қажетті ұзындыққа
шейін сыртқа тартыңыз.
– Орнын бекіту үшін бұғаттау бұрандасын (38) тартып
қойыңыз.
Ауыр дайындамалар үшін аралау үстелінің ұзартқышын
қажетінше тіреу қажет.
Жылжыма бөлшек (C суретін қараңыз)
Жылжыма бөлшек (2) ені ең көбі 350 мм құрайтын
дайындамаларды аралауға мүмкіндік береді.
Оған қоса аралау кезінде бұрыштық тірекпен (3) бірге ең
бастысы жоғары дәлдікке қол жеткізіледі (қараңыз
„Көлденең еңіс бұрыштарын жылжыма бөлшек көмегімен
аралау", Бет 328).
– Жылжыма бөлшекке арналған қысқыш тұтқаны (29)
толығымен жоғары қарай тартыңыз.
Осылайша жылжыма бөлшекті алға және артқа
тірелгенше жылжытуға болады.
Тік және көлденең еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Тік еңіс бұрышын реттеу (ара дискісі) (D суретін
қараңыз)
Тік еңіс бұрышын -1° және 47° аралығындағы диапазонда
реттеуге болады.
– Бекіткіш иінтіректі (26) сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап босатыңыз.
1 609 92A 4PX | (20.03.2019)
Нұсқау: бекіткіш иінтірек толық босатылғанда, ара
дискісі тарту күшінің арқасында шамамен 30°-қа тең
күйге аударылады.
– Сермерді (19) бұрыш индикаторы (64) қажетті тік еңіс
бұрышын көрсеткенше кулиса бойымен тартыңыз.
– Сермерді осы күйде ұстап тұрып, бекіткіш иінтіректі
(26) қайтадан бекітіңіз.
0° және 45° стандартты бұрыштарын жылдам әрі дәл
реттеу үшін зауытта орнатылған тіректер ((28), (25))
қолданылады.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (бұрыштық тірек) (E
суретін қараңыз)
Нұсқау: жаңартатын кесіктер (ұзын сыналар) үшін тиісті
құрылғыларды пайдаланыңыз.
Көлденең еңіс бұрышын 60° (сол жақ) және 60° (оң жақ)
аралығындағы диапазонда реттеуге болады.
– Бекіткіш тетік (65) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Бұрыштық тіректі бұрыш индикаторы (66) қажетті еңіс
бұрышын көрсеткенше бұраңыз.
– Бекіткіш тетікті (65) қайтадан тартыңыз.
Жиі пайдаланылатын еңіс бұрыштарын жылдам және
дәл реттеу үшін бұрыштық тіректе (3) 45° (сол мен оң
жақ) және 0° бұрыштары үшін тежегіш бұрандалар бар.
– Бекіткіш тетік (65) тартылған болса, оны босатыңыз.
– Реттеу тақтасын (67) сыртқа қайырыңыз.
– Бұрыштық тіректі қажетті тежегіш бұрандасының
оймасы реттеу тақтасының оң жағында тұратындай етіп
бұраңыз.
– Реттеу тақтасын (67) ішке қайырып, бұрыштық тіректі
тежегіш бұранданың оймасы реттеу тақтасында
тұрғанша бұраңыз.
– Бекіткіш тетікті (65) қайтадан тартыңыз.
Параллель тіректі реттеу
Параллель тіректі (8) ара дискісінің сол (қара түсті
шкала) немесе оң (күміс түсті шкала) жағында
орналастыруға болады. Лупадағы (68) белгі шкаладағы
(1) параллель тірек пен ара дискісінің арақашықтығын
көрсетеді.
Параллель тіректі ара дискісінің қажетті жағына
орналастырыңыз (қараңыз „Параллель тіректі монтаждау
(f суретін қараңыз)", Бет 324).
Параллель тіректі тартылмаған
аралау үстелінде реттеу
– Параллель тіректің (8) қысқыш тұтқасын (51)
босатыңыз. Параллелль тіректі лупадағы (68) белгі ара
дискісіне дейінгі қажетті арақашықтықты көрсеткенше
жылжытыңыз.
Аралау үстелі тартылмаған жағдайда, күміс түсті
шкаланың (1) астыңғы жазбасы жарамды болады.
– Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (51) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis