Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GTS 10 XC Professional Originalbetriebsanleitung Seite 323

Tischkreissägen
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GTS 10 XC Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
– Ара дискісі (33) және сына (7) орнатылған үстелдік
дискілі ара
– Бұрыштық тірек (3)
– Профильдік тіреуіш (34)
– "Профильдік тіреуіш" бекіткіш жинағы (55)
(бағыттауыш пластина, домалатпа гайка, бұранда,
салмалы шайба)
– Параллель тірек (8)
– Қосымша параллель тірек (52)
– "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағы (39) (3
бекіткіш бұранда, 3 салмалы шайба, 3 қатпарлы гайка)
– Қорғаныш қаптама (6)
– Үстел ұзартқышы (10)
– "Үстел ұзартқышы" бекіткіш жинағы (43) (2 бекіткіш
бұранда, 2 салмалы шайба, 1 айыр тәрізді кілт)
– Алты қырлы дөңбек кілт (37)
– Шеңберлік кілт (15)
– Ара дискісі ұяшығының қаптамасы (14)
– Жылжыту таяғы (13)
– Үстел ендірмесі (32)
– Сору адаптері (41)
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш
аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің
ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру
керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін
және қысылмағанын немесе бөліктердің
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Құрамдас бөліктерді монтаждау
– Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
– Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
– Еден торын (45) ашып, қозғалтқыш блогының
астындағы орауыш материалын алып тастаңыз (a
суретін қараңыз).
Тікелей корпустың астына мына құрылғы элементтері
бекітіледі: жылжыту таяғы (13), шеңберлік кілт (15), алты
қырлы дөңбек кілт (37), параллель тірек (8), бұрыштық
тірек (3), сору адаптері (41), қосымша параллель тірек
(52) бекіткіш жинағымен (39), қорғаныш қаптама (6).
– Осы құрылғы элементтерінің бірін қажет етсеңіз,
оларды сақтау қорабынан абайлап шығарып алыңыз.
Осы тақырып жөнінде R1 – R6 суреттерін де қараңыз.
Жеткізілім жиынтығынан тыс қажетті құралдар:
– Оймакілтекті бұранда бұрауышы
– Крест ойықты бұрауыш
– Бұрыштық калибр
Bosch Power Tools
Сынаны орналастыру (b1–b2 суреттерін қараңыз)
Нұсқау: қажет болса, монтаждалатын барлық бөліктерді
орналастырмас бұрын тазалап шығыңыз.
– Қос иінді (20) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі
(33) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (46) босатыңыз.
– Сынаны (7) қыспа иінтірек (46) бағытымен жоғары
қарай тартылғанша жылжытыңыз.
– Сынаны ара дискісінің тура ортасынан жоғары
орналасатындай етіп толығымен жоғары қарай
тартыңыз.
– Екі штифтті (47) сынаның астыңғы саңылауларына
тіркеп, қыспа иінтіректі (46) қайтадан бекітіңіз.
Үстел ендірмесін монтаждау (c суретін қараңыз)
– Үстел ендірмесін (32) аспап саңылауының артқы
ойықтарына (48) іліңіз.
– Үстел ендірмесін төмен қарай бағыттаңыз.
– Үстел ендірмесін аспап саңылауының алдыңғы
жағында тіркелгенше басыңыз.
Үстел ендірмесінің (32) алдыңғы жағы аралау үстеліне
қысылып немесе одан сәл төмен орналасуы тиіс, ал
артқы жағы аралау үстеліне қысылып немесе одан сәл
жоғары орналасуы тиіс (қараңыз „Үстел ендірмесінің
деңгейін реттеу (Q суретін қараңыз)", Бет 330).
Қорғаныш қаптаманы монтаждау (d1–d2 суреттерін
қараңыз)
Нұсқау: қорғаныш қаптаманы сына ара дискісінің
ортасынан тура жоғары, ең жоғарғы күйінде
орналасқанда ғана монтаждаңыз (b2 суретін қараңыз).
Сына ең төменгі күйінде (жеткізілген кездегі күйде
немесе ойықтарды аралауға арналған күйде) болғанда,
қорғаныш қаптаманы монтаждамаңыз (b1 суретін
қараңыз).
– Қыспа иінтіректі (49) босатып, қорғаныш қаптаманы
(6) ұстағыштан (22) шығарып алыңыз.
– Бір қолмен қорғаныш қаптаманың (6) ара дискісінің
қорғанысын (жоғарғы металл шинасын) ұстап, басқа
қолмен қыспа иінтіректі (49) жоғары қарай тартыңыз.
– Бағыттауыш болтты (50) артқа қарай сынадағы (7)
ойыққа жылжытыңыз.
– Қорғаныш қаптаманы (6) ара дискісінің қорғанысы
(жоғарғы металл шинасы) аралау үстеліне (17)
параллель болғанша төмен қарай бағыттаңыз.
– Қыспа иінтіректі (49) төмен қарай итеріңіз. Қыспа
иінтіректің тіркелуі сезіліп естілуі тиіс және қорғаныш
қаптама (6) берік және сенімді түрде орнатылуы тиіс.
Әр пайдалану алдында қорғаныш қаптаманың
u
кедергісіз жылжығанын тексеріңіз. Қорғаныш
қаптама еркін қозғалмаса және бірден жабылмаса,
электр құралын пайдаланбаңыз.
Қазақ | 323
1 609 92A 4PX | (20.03.2019)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis