Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GTS 10 XC Professional Originalbetriebsanleitung Seite 324

Tischkreissägen
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GTS 10 XC Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
324 | Қазақ
Аралау үстелінің ұзартқышын монтаждау (e суретін
қараңыз)
Монтаждау үшін "Аралау үстелінің ұзартқышы" бекіткіш
жинағын (43) (2 бекіткіш бұранда, 2 салмалы шайба, 1
айыр тәрізді кілт) пайдаланыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (10) бағыттауыш
таяқтармен (24) бұрап бекітіңіз. Бұл ретте бағыттауыш
таяқтарды айыр тәрізді кілтпен бекітіңіз және дәл сол
уақытта бекіткіш бұрандаларды алты қырлы дөңбек
кілтпен тартыңыз.
Бұл ретте аралау үстелі ұзартқышының ойықтары
жоғары қарап тұруы тиіс.
Параллель тіректі монтаждау (f суретін қараңыз)
Параллель тіректі (8) ара дискісінің сол немесе оң
жағында орналастыруға болады.
– Параллель тіректің (8) қысқыш тұтқасын (51)
босатыңыз. Осылайша V тәрізді бағыттауыш (44)
босатылады.
– Алдымен параллель тіректі V тәрізді бағыттауышпен
аралау үстелінің бағыттауыш ойығына (30) енгізіңіз.
Содан кейін параллель тіректі аралау үстелінің
алдыңғы бағыттауыш ойығына (35) орналастырыңыз.
Параллель тіректі енді кез келген бағытпен жылжытуға
болады.
– Параллель тіректі бекіту үшін қысқыш тұтқаны (51)
төмен қарай итеріңіз.
Қосымша параллель тіректі монтаждау (g суретін
қараңыз)
Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс
бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі
(52) параллель тірекке (8) орнату керек.
Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда
параллель тіректің (8) сол немес оң жағына орнатуға
болады.
Монтаждау үшін "Қосымша параллель тірек" бекіткіш
жинағын (39) (2 бекіткіш бұранда, 2 салмалы шайба, 2
қатпарлы гайка) пайдаланыңыз.
– Бекіткіш бұрандаларды параллель тіректегі (8)
бүйірлік саңылаулар арқылы кіргізіңіз.
– Бұл ретте бұрандалардың бастиектері қосымша
параллель тірек үшін бағыттауыш ретінде қызмет
етеді.
– Қосымша параллель тіректі (52) бекіткіш бұрандалар
бастиектерінің үстінен жылжытыңыз.
– Салмалы шайбаларды бекіткіш бұрандаларға қойып,
бұрандаларды қатпарлы гайкалардың көмегімен
тартып қойыңыз.
Бұрыштық тіректі монтаждау (h1 − h2 суретін
қараңыз)
– Бұрыштық тіректің (3) шинасын (53) аралау үстелінің
арнайы бағыттауыш ойықтарына (9) өткізіңіз.
Нұсқау: бұрыштық тіректің позициясын сол жақ
бағыттауыш ойықта домалатпа бұранданы (54) жылжыма
бөлшекте (2) тарту арқылы бекітуге болады.
1 609 92A 4PX | (20.03.2019)
Ұзын дайындамаларды жақсырақ орнату үшін бұрыштық
тіректі профильдік тіреуіш (34) арқылы кеңейтуге
болады.
– Қажет болса, профильдік тіреуішті (55) бекіткіш
жинағының көмегімен бұрыштық тірекке орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан
тартып қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Алюминийді аралау кезінде өрт қаупіне жол
u
бермеу үшін жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырды және астыңғы ара дискісінің қаптамасын
босатыңыз және жоңқа сорғышты пайдаланбаңыз.
Сыртқы сорғыш (i суретін қараңыз)
Жеткізілім жинағындағы сору адаптерін (41)
шаңсорғышты жоңқаны шығаруға арналған келте
құбырға (40) жалғау үшін пайдаланыңыз.
– Сору адаптерін (41) және шаңсорғыш шлангісін
мықтап енгізіңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Астыңғы ара дискісінің қаптамасын тазалау (j суретін
қараңыз)
Дайындаманың сынықтарын және үлкен жоңқаны шығару
үшін астыңғы ара дискісінің қаптамасын (57) ашуға
болады.
– Электр құралын өшіріп, желілік ашаны розеткадан
суырып алыңыз.
– Ара дискісі толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
– Электр құралын бүйіріне аударыңыз.
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis