Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher SC 1 Multi Originalbetriebsanleitung Seite 154

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SC 1 Multi:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
● Жақсы қол жетімділік пен қолда ыңғайлы
ұстаудың үйлесімі.
Сурет K
3
Сүрткіш құрылғының төменгі позициясы –
тікелей EasyFix Large еденге арналған
қондырмасында
● Қолда ыңғайлы ұстау жəне жұмыста қысқа
үзіліс жасау үшін өздігінен тұру мүмкіндігі.
Сурет L
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғы мен мүліктің аударылу салдарынан
бүлінуі
Қорғаудың жеткіліксіздігі құрылғының жұмыс
үзілісінде немесе сақтау барысында құлап кетуіне
жəне зақымдалуына əкелуі мүмкін. Сондай-ақ,
сұйықтық ағып, еденге зақым келтіруі мүмкін.
Құрылғыны еденге арналған қондырмасымен
қатты бетке қойыңыз. Сүрткіш құрылғысы
өздігінен тұрған күйде болмаса (құрылғы жоғарыда
жəне ортасында), қысқа жұмыс үзілістері кезінде
оны бекіту үшін құрылғыны да тік күйде қатты
қабырғаға сүйеп қою керек.
Пайдалану
Су құйыңыз
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Жарамсыз судың əсерінен құрылғының
зақымдалуы
Сəйкес емес су саңылауларды бітеуі мүмкін.
Киімді кептіргіштегі конденсатты суды
пайдаланбаңыз.
Жиналған жаңбыр суын қолданбаңыз.
Тазалау құралдарын немесе басқа қоспаларды
(мысалы, сірке суы, хош иістендіргіштер)
қоспаңыз.
Нұсқау
Су багын кез келген уақытта толтыруға болады.
1. Су ыдысын қолыңызбен бүйірінен мықтап ұстап,
төмен қарай тартыңыз.
Сурет C
2. Ыдыстың қақпағын жоғары көтеріңіз.
Ыдыс қақпағының алдыңғы бөлігін артқа немесе
төмен қарай бүгіңіз жəне су ыдысының құюға
арналған саңылауы жабылмайтындай етіп оны
бас бармағыңызбен бекітіңіз.
3. Су ыдысына 200 мл-ден аспайтын ағын су
құйыңыз.
4. Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
Сурет F
5. Су ыдысын құрылғының төменгі жиегінің ішкі
жағына орналастырыңыз. Содан кейін су
ыдысын жоғары қарай, содан кейін құрылғыға
қарай шерту естілгенше итеріңіз.
Сурет G
Су ыдысы құрылғыға берік орнығуы тиіс.
Құрылғыны қосу
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Аударылу немесе құлау салдарынан
құрылғының жəне мүліктің зақымдануы
Қорғаудың жеткіліксіздігі құрылғының жұмыс
үзілісінде немесе сақтау барысында аударылып
немесе құлап кетуіне жəне зақымдалуына əкелуі
мүмкін.
Сондай-ақ, сұйықтық ағып, еденге зақым келтіруі
мүмкін.
154
Жұмыстағы үзілістер кезінде нық тұруы үшін
сүрткіш құрылғының төменгі позициясын
пайдаланыңыз («Сүрткіш құрылғының ықтимал
позициялары» тарауын қараңыз) жəне құрылғыны
қатты бетке қойыңыз. Еденге арналған керек-
жарақтары жоқ құрылғыларды тұрақты жерде
сақтау керек (мысалы, үстелде).
Нұсқау
Қақтан тазарту картриджін шығарып, қайта
орнатқаннан кейін 1-ші булау кезінде бу ағыны əлсіз
немесе біркелкі болмауы мүмкін жəне жеке су
тамшылары түсуі мүмкін. Құрылғыға қақтан
тазарту картриджіне су толтыратын қысқа іске
қосу уақыты керек. Шығатын будың мөлшері
шамамен 30–60 секундтан кейін будың
максималды мөлшеріне жеткенше біртіндеп арта
береді.
Нұсқау
Құрылғыда бу беру түймесі бар.
Бу беру түймесінің келесі функциялары бар:
● Жылыту, пайдалануға дайындық, бу беру
режимі жəне қақтан тазалау картриджін
ауыстыру сияқты əр түрлі режимдерді
көрсетуге арналған жарықдиодты шам
индикаторы.
● Бу беру функциясын қосу жəне өшіру.
1. Құрылғыны тұтқасын мықтап ұстаңыз немесе
оны қатты бетке қойыңыз.
2. Желілік штекерді электр розеткасына қосыңыз.
Бу беру түймесі сары түспен жыпылықтайды
жəне құрылғы қызады.
Сурет P
3. Шамамен 30 секундтан кейін құрылғы
пайдалануға дайын болады жəне бу беру түймесі
тұрақты жасыл түспен жанады.
Сурет Q
4. Бу беру режимін қосу үшін бу беру түймесін бір
рет ақырын басыңыз.
Бу шүмектен шығады.
Бу беру режимінде бу беру түймесі жасыл түспен
жыпылықтайды.
Сурет R
Нұсқау
Үздіксіз бу беру 5 минут орындалғаннан кейін бу
беру автоматты түрде өшеді. Бұл су ыдысының
бос екені байқалмаса, сорғының құрғақ жұмыс
істеуіне жол бермейді.
● Қажет болса, қосымша су құйып, тазалау
жұмыстарын жалғастыру үшін бу беру
түймесін бір рет ақырын басыңыз.
Суды толтырыңыз
Нұсқау
Егер су жеткіліксіз болса, қатты шу естіледі,
себебі сорғы ауаны сорып алады жəне көрінетін бу
болмайды.
Нұсқау
Су деңгейін жартылай ашық мөлдір су багынан
көруге болады.
 Су ыдысын алыңыз да, оны 200 мл-ден аспайтын
ағын сумен толтырыңыз, Су құйыңыз тарауын
қараңыз
Сурет F
Қазақша

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Sc 1 multi comfortSc 1 multi & up