Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita EY403MP Betriebsanleitung Seite 317

Hochentaster-aufsatz
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für EY403MP:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 28
4.
Жанармай құйып болған соң, жанармай
багын мықтап бекітіңіз және жанармайдың
ақпайтынын тексеріңіз. Қозғалтқышты
іске қоспас бұрын, жанармай көзінен
және жұмыс орнынан кемінде 3 м (10 фут)
қашықтықта тұрыңыз.
5.
Жанармайды тек мақұлданған
контейнерлерде тасымалдаңыз және
сақтаңыз. Балаларды сақталған жанармайға
жолатпаңыз.
Құралды іске қосу
1.
Құралды іске қосу алдында жеке қорғаныс
жабдықтарын киіңіз.
2.
Құралды іске қосу алдында, жұмыс
аймағында адамның немесе жануардың жоқ
екеніне көз жеткізіңіз.
Аккумулятор картриджін орнатқан немесе
3.
қозғалтқышты іске қосқан кезде, ара
шынжырын және бағыттауыш білікті
денеңізден және басқа заттардан, оның
ішінде жерден аулақ ұстаңыз. Ара шынжыры
іске қосылған кезде қозғалып, ауыр жарақат
алуға әкелуі немесе ара шынжырына және/
немесе мүлікке зақым келтіруі мүмкін.
4.
Құралды қатты жерге қойыңыз. Жақсы
тепе-теңдікті және қауіпсіз тұрақтылықты
сақтаңыз.
5.
Қозғалтқыш бос жүріспен жұмыс істеген
кезде саптаманың қозғалыссыз тұруын
қамтамасыз ету үшін, бос жүріс пен іске
қосу жылдамдығы арасында айтарлықтай
айырмашылықтың болғанын тексеріңіз
(қажет болса, бос жүріс жылдамдығын
төмендетіңіз).
6.
Егер ара шынжыры бос жүрісте қозғалатын
болса, қозғалтқышты өшіріңіз және бос
жүріс жылдамдығын реттеңіз.
Пайдалану
1.
Төтенше жағдайда, құралды дереу өшіріңіз.
2.
Жұмыс кезінде әдеттен тыс жағдайды
байқасаңыз (мысалы шу, діріл) құралды
өшіріңіз. Бұның себебі анықталып,
шешілмейінше құралды пайдаланбаңыз.
Құралды өшіргеннен кейін, ара шынжыры
3.
қысқа уақытқа айналуын жалғастырады.
Ара шынжырын ұстауға асықпаңыз.
4.
Жұмыс кезінде иық белбеуін
пайдаланыңыз. Құралды оң жағыңызда
берік ұстаңыз.
Оңқай немесе солақай екеніңізге
5.
қарамастан, алдыңғы тұтқышты немесе
алдыңғы тұтқаны сол қолмен, ал
артқы тұтқышты немесе артқы тұтқаны
оң қолмен ұстаңыз. Тұтқыштар мен
тұтқаларды саусақтарыңызбен және бас
бармағыңызбен қармап ұстаңыз.
6.
Құралды оқшауланған арнайы беттермен
ғана ұстаңыз, себебі ара жүзі жасырын
сымға тиіп кетуі мүмкін. Ара шынжыры
"кернеулі" сымға тиіп кетсе, ұзартылған биіктік
кескіш ашық металл бөлшектерінде "кернеу"
пайда болады, нәтижесінде операторды ток
соғуы мүмкін.
7.
Құралды бір қолмен қолдануға
тырыспаңыз. Басқаруды жоғалту ауыр
немесе өлімге әкелетін жарақатқа әкелуі
мүмкін. Жарақат алу қауіпін азайту үшін,
қолыңыз бен аяғыңызды ара шынжырынан
алыс ұстаңыз.
8.
Тым артық күш салмаңыз. Әрдайым тұрақты
және тепе-теңдік сақтайтын күйде болыңыз.
Ағаш түбіртегі, тамырлар және шұңқыр
сияқты жасырын кедергілерге сүрініп қалмау
үшін сақ болыңыз. Құлаған бұталар мен
басқа қалдықтардан тазалаңыз.
9.
Басқаруды жоғалтпау үшін, саты немесе
ағаштың үстінде жұмыс істемеңіз.
10. Құрал қатты соғылса немесе құласа,
жұмысты жалғастырмас бұрын, құрал күйін
тексеріңіз. Егер қандай да бір зақым немесе
күмән пайда болса, тексеру және жөндеу
жұмысына байланысты Makita өкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құралдың бастиегін ұстамаңыз. Жұмыс
11.
барысында құралдың бастиегі ыстық болып келеді.
12. Шаршауға байланысты басқаруды жоғалтуға
жол бермеу үшін демалыңыз. Сағат сайын 10 -
20- минут демалуға кеңес береміз.
13. Құралды тіпті аз уақытқа қалдырсаңыз
да, оны әрқашан өшіріп, аккумулятор
картриджін немесе оталдыру білтесінің
қақпағын алып тастап отырыңыз. Қосулы
және қараусыз қалған құралды рұқсаты жоқ
адам пайдаланып, ауыр жазатайым оқиға орын
алуы мүмкін.
14. Құралды пайдаланғанда, оң қолыңызды
иығыңыздың биіктігінен асырып
көтермеңіз.
15. Жұмыс барысында ара шынжырын тас
және шеге секілді қатты кедергілерге соғып
алмаңыз. Қабырғалардың, сым қоршаудың
немесе сол секілді нысандардың
жанындағы бұталарды кескенде абай
болыңыз.
16. Бұталар құралға кіріп кетсе, әрқашан
құралды тоқтатып, аккумулятор картриджін
немесе оталдыру білтесінің қақпағын
алып тастап отырыңыз. Әйтпесе абайсызда
қосылып ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
17. Ара шынжыры бітеліп қалса, тазалау
алдында әрқашан құралды өшіріп,
аккумулятор картриджін немесе оталдыру
білтесінің қақпағын алып тастап отырыңыз.
18. Бітелген ара шынжырын жеделдету
жүктемені арттырып, құралды зақымдайды.
19. Бұталарды кесу алдында, шығу аймағын
бұталардың құлауынан алшақ қалдырыңыз.
Алдымен жұмыс аймағын бұталар мен
бұтақтар секілді кедергілерден тазалаңыз.
Барлық құралдар мен заттарды шығу
аймағынан басқа қауіпсіз жерге көшіріңіз.
20. Бұтақтар мен бұталарды кесу алдында,
олардың жағдайын, маңайындағы
ағаштарды, желдің бағытын т.б. ескере
отырып бұталардың құлау бағытын
тексеріңіз. Назарыңызды толықтай жерге
түскен бұтақтың құлау және ыршу бағытына
аударыңыз.
317 ҚАЗАҚША

Werbung

Inhaltsverzeichnis

Fehlerbehebung

loading

Inhaltsverzeichnis