Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita EY403MP Betriebsanleitung Seite 318

Hochentaster-aufsatz
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für EY403MP:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 28
21. Құралды 60°-тан артық бұрышпен
ұстамаңыз. Әйтпесе құлаған нысандар
операторға тиіп кетіп, ауыр жарақат алуға
әкелуі мүмкін. Кесіліп жатқан бұта астында
тұрмаңыз.
22. Сынған немесе иілген бұтақтарға назар
аударыңыз. Олар кесу кезінде кері ыршып,
күтпеген жерден жарақат алуыңыз мүмкін.
23. Кесейін деп жатқан бұтаны кесер алдында,
олардың айналасындағы бұтақтар мен
жапырақтарды алып тастаңыз. Әйтпесе ара
шынжыры ілініп қалуы мүмкін.
24. Ара шынжырының кертікке ілініп қалуын
алдын алу үшін, ара шынжырын кертіктен
шығармай тұрып иінтіректі жібермеңіз.
25. Ара шынжыры кертікке байланып қалса,
бірден құралды тоқтатып, кертікті ашу
үшін бұтақты абайлап жылжытып, ара
шынжырын шығарыңыз.
26. Кері соққыны болдырмаңыз (операторға
бағытталған айналмалы қарсы күш). Кері
соққының алдын алу үшін, бағыттауыш
білік тұмсығын пайдаланбаңыз немесе
басып кесу әрекетін орындамаңыз. Әрқашан
бағыттауыш білік тұмсығының қалпынан
сақтаныңыз.
27. Шынжыр керілісін жиі тексеріңіз. Шынжыр
керілісін тексеру немесе реттеудің алдында
құралды өшіріп, аккумулятор картриджін
немесе оталдыру білтесінің қақпағын
алып тастаңыз. Егер керілісі бос болса,
қатайтыңыз.
28. Қоршаған ортаға назар аударыңыз. Ластану
мен шудың шығуын азайту үшін, дроссельді
қажетсіз пайдаланбаңыз. Карбюраторды
дұрыс реттеңіз.
29. Жұмыс барысында немесе одан кейін
ыстық құралды құрғақ шөптің немесе
жанғыш материалдардың үстіне қоймаңыз.
Тасымалдау
1.
Құралды тасымалдаудың алдында оны
өшіріп, аккумулятор картриджін немесе
оталдыру білтесінің қақпағын алып
тастаңыз. Тасымалдау барысында әрдайым
бағыттауыш білік қақпағын бекітіңіз.
2.
Құралды тасымалдау кезінде, тұтқышынан
немесе тұтқасынан ұстап, көлденең күйде
тасымалдаңыз.
Ыстық шу басқышты денеңізден алыс
3.
ұстаңыз.
Көлікпен тасымалдау кезінде аударылып
4.
кетпеуі үшін жабдықты мықтап бекітіңіз.
Болмаса жанармай төгіліп, жабдық пен басқа
да жүктер зақымдалуы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
1.
Жабдыққа біздің өкілетті қызмет көрсету
орталығымызда ғана техникалық қызмет
көрсетіңіз, тек түпнұсқа ауыстыру
бөлшектерін пайдаланыңыз. Дұрыс
жөндемеу және нашар техникалық қызмет
көрсету құралдың пайдалану мерзімін
қысқартады және кездейсоқ жағдайлардың
қаупін арттырады.
2.
Құралға техникалық қызмет көрсету немесе
жөндеу не тазалау алдында құралды үнемі
өшіріп, аккумулятор картриджін немесе
оталдыру білтесінің қақпағын алып тастап
отырыңыз. Құрал суығанша күтіңіз.
3.
Ара шынжырымен жұмыс істеген кезде,
әрдайым қорғаныс қолғабын киіңіз.
4.
Әрбір пайдаланудан кейін реттеу
бұрандаларынан басқа барлық бұрандалар
мен сомындарды бекітіңіз.
5.
Ара шынжырын өткір күйде ұстаңыз. Ара
шынжыры өтпесе және кесу өнімділігі
нашарласа, Makita өкілетті қызмет көрсету
орталығынан қайрап беруін сұраңыз немесе
оны жаңасымен ауыстырыңыз.
6.
Осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталмаған кез келген техникалық
қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізбеңіз.
Осындай жұмыс туралы Makita өкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
7.
Тек Makita компаниясының түпнұсқа
қосымша бөлшектері мен керек-жарақтарын
пайдаланыңыз. Үшінші тараптың бөлшектерін
немесе керек-жарақтарын пайдалану құралдың
сынуына, мүліктің зақымдалуына және/немесе
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Өрт шығу қаупін барынша азайту үшін отқа
8.
жақын жерде жабдыққа қызмет көрсетуге
болмайды.
Сақтау
1.
Құралды сақтамас бұрын, оны толығымен
тазалап, техникалық қызмет көрсетіңіз.
Бағыттауыш білік қақпағын бекітіңіз.
Аккумулятор картриджін немесе оталдыру
білтесінің қақпағын алып тастаңыз. Құрал
суығаннан кейін жанармай мен шынжыр
майын төгіп тастаңыз.
2.
Құралды балалардың қолы жетпейтін
құрғақ, биік немесе жабық жерде сақтаңыз.
3.
Құралды қабырға сияқты нысандарға
сүйемеңіз. Әйтпесе ол кенеттен құлап,
жарақаттауы мүмкін.
Электрлік және аккумулятор қауіпсіздігі
1.
Аккумулятор(лар)ды отқа тастамаңыз.
Элементі жарылуы мүмкін. Кәдеге жарату
бойынша арнайы ықтимал нұсқауларды
жергілікті нормалардан қараңыз.
Аккумулятор(лар)ды ашпаңыз немесе
2.
бүлдірмеңіз. Құрамындағы электролит өте
улы және көз немесе теріні зақымдауы мүмкін.
Жұтып қойған жағдайда улы болуы мүмкін.
3.
Аккумуляторды жаңбыр астында немесе
ылғалды жерлерде зарядтамаңыз.
4.
Аккумулятор картриджін сыртта
зарядтамаңыз.
5.
Зарядтау ашасымен және клеммаларымен
қоса зарядтау құрылғысын дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
6.
Қауіпті ортада жұмыс істемеңіз. Құралды
дымқыл немесе ылғалды жерлерде
пайдаланбаңыз немесе жаңбыр астында
қалдырмаңыз. Құралға су енетін болса, ток
соғу қаупі артады.
318 ҚАЗАҚША

Werbung

Inhaltsverzeichnis

Fehlerbehebung

loading

Inhaltsverzeichnis