Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Makita EY403MP Betriebsanleitung Seite 316

Hochentaster-aufsatz
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für EY403MP:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 28
2.
Құрылғыны пайдаланған кезде көзіңізді
жарақаттап алмау үшін міндетті
түрде қорғаныс көзілдірігін тағыңыз.
Көзілдіріктері АҚШ-тың ANSI Z87.1
қауіпсіздік стандартына, Еуропаның EN
166 немесе Австралия/Жаңа Зеландияның
AS/NZS 1336 стандарттарына сәйкес келуі
керек. Австралияда/Жаңа Зеландияда
бетіңізді қорғау үшін қорғаныс маскасын
кию заң негізінде талап етіледі.
Құрал пайдаланушылары мен жұмыс
аймағындағы басқа да тұлғалардың
тиісті қауіпсіздік қорғаныс жабдықтарын
пайдалануын қамтамасыз ету жұмыс
берушінің жауапкершілігінде.
3.
Есту қабілетінен айырылмау үшін құлаққап
тағыңыз.
4.
Қауіпсіз пайдалану үшін дұрыс киім мен аяқ
киім, мысалы берік, сырғанамайтын аяқ
киім киіңіз. Бос киім кимеңіз және әшекей
тақпаңыз. Бос киім, әшекей немесе ұзын шаш
қозғалмалы бөлшектерге ілініп қалуы мүмкін.
5.
Ара шынжырын пайдаланғанда немесе
шынжыр керілісін реттегенде, қорғаныш
қолғабын киіңіз. Қолғап кимесеңіз, ара
шынжыры қолды қатты кесіп кетуі мүмкін.
Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
6.
Міндетті түрде қорғаныс көзілдірігін тағыңыз.
Шаңнан қорғайтын маска, сырғанамайтын
қорғаныс аяқ киімі, каска немесе құлаққап сияқты
қорғаныс жабдықтарын тиісті жағдайларда
қолдану жарақаттануды азайтады.
Жұмыс аймағындағы қауіпсіздік
1.
Құралды электр сымдарынан және
байланыс кабельдерінен (оларға жанасатын
қандай да бір бұтақтарды қоса алғанда) кем
дегенде 15 м қашықтықта ұстаңыз. Жоғары
вольтты электрлік қуат желілеріне құралмен
тиіп кету немесе жақындау, өлімге немесе
ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін. Жұмысты
бастау алдында, жұмыс аймағының
айналасындағы қуат желілеріне және
электрлі қоршауларға қараңыз.
Құралды тек жақсы көрінетін ортада,
2.
күндізгі жарықта пайдаланыңыз.
Құралды қараңғы ортада немесе тұманда
пайдалануға болмайды.
3.
Жұмыс кезінде орнықсыз немесе тайғақ не
көлбеу бетте тұрмаңыз. Суық мезгілде мұз
және қардан сақ болыңыз және аяқ киіміңіз
берік болсын.
4.
Жұмыс кезінде айналадағы адамдар
мен жануарлар құралдан кемінде 15 м
қашықтықта болуы керек. Біреу жақындаса,
құралды өшіріңіз.
Екі немесе одан да көп адамдармен жұмыс
5.
істеген кезде, әр қайсысының арасында
15 м немесе одан да алшақ қашықтықты
сақтаңыз және жетекші адамды
тағайындаңыз.
Құралды пайдаланбай тұрып, жұмыс
6.
аймағында сымды қоршаудың, қабырғаның
немесе басқа қатты заттардың болмауын
тексеріңіз. Олар ара шынжырын зақымдауы
мүмкін.
7.
Электрлік құралды айналасында тез
тұтанатын сұйықтық, газ немесе шаң
сияқты заттардан тұратын жарылыс қаупі
бар орталарда пайдаланбаңыз. Электрлік
құралдар шаң немесе газды тұтандыратын
электр ұшқындарын шығарады.
Жұмысқа дайындық
1.
Құралды жинау немесе реттеу алдында,
құралды өшіріп, аккумулятор картриджін
немесе оталдыру білтесінің қақпағын алып
тастаңыз.
2.
Ара шынжырын пайдалану немесе шынжыр
керілісін реттеу алдында, қорғаныш
қолғабын киіңіз.
3.
Құралды іске қоспас бұрын құралда
зақымдардың, бос бұранда/сомындардың
бар-жоғын немесе дұрыс жиналғанын
тексеріңіз. Өтпейтін ара шынжырын
қайраңыз. Ара шынжыры майысқан немесе
зақымдалған болса, оны ауыстырыңыз.
Барлық басқару тетіктері мен ауыстырып-
қосқыштардың еркін қозғалып тұрғанын
тексеріңіз. Тұтқыштар мен тұтқаларды
тазалап, кептіріңіз.
4.
Құрал зақымдалған немесе толық
жиналмаған болса, құралды қосуға
әрекеттенбеңіз. Әйтпесе ауыр жарақат
алуыңыз мүмкін.
5.
Оператордың дене өлшеміне сәйкес болуы
үшін иық белбеуін реттеңіз.
6.
Шынжыр керілісін тиісінше реттеңіз. Қажет
болса, шынжыр майын толтырыңыз.
Жанармай құю
1.
Жанармай құймай тұрып, қозғалтқышты
өшіріңіз. Ашық жалын мен ұшқындардан
алыс ұстаңыз. Жанармай құю кезінде темекі
тартуға болмайды. Өрт және/немесе жарылыс
орын алуы мүмкін.
2.
Жанармайды далада құйыңыз. Жабық
бөлмеде жанармай құйған жағдайда жанармай
буы жарылыс тудыруы мүмкін.
3.
Жанармайға немесе қозғалтқыш майына
қол тигізбеңіз. Жанармай буын деммен
бірге ішке тартуға болмайды. Жанармай
немесе май төгілсе, оны құрылғыдан және/
немесе жерден дереу сүртіп алыңыз. Егер
жанармай киіміңізге шашыраса, киім өртеніп
кетпеуі үшін оны дереу ауыстырыңыз.
316 ҚАЗАҚША

Werbung

Inhaltsverzeichnis

Fehlerbehebung

loading

Inhaltsverzeichnis