Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

3M DBI-SALA Nano-Lok Handbuch Seite 168

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 51
5.0 Тексеру
5.1
РЖС БИРКАСЫ: Өздігінен жиналатын құрал радио жиілікті идентификация (RFID) белгісін қамтиды (17-суретті қараңыз). Тексеріс пен
инвентарды бақылау жұмысын жеңілдету және құлаудан қорғау жабдығыңызға қатысты жазбалар енгізу үшін РЖС биркасын қолға
шақталған оқу құрылғысымен және веб порталмен бірге пайдалануға болады. Мәлімет алу үшін 3M техникалық қызмет көрсету өкілімен
(артқы жағын қараңыз) хабарласыңыз. Деректеріңізді веб кітапшаға көшіру үшін қолға шақталған оқу құралында немесе веб порталда
берілген нұсқауларды орындаңыз.
5.2
ТЕКСЕРУ ЖИІЛІГІ:Өздігінен жиналатын құралды 2-бөлімде анықталған аралықтарда тексеріп тұру керек. Тексеру процедуралары
«Тексеру және техникалық қызмет көрсету журналында» (3-кесте) сипатталған.
;
Жұмыс жасауға қолайсыз жағдайлар (ауа-райы қолайсыз жерлер, ұзақ уақыт пайдалану және т. б.) тексеріс жиілігін
арттыруды талап етуі мүмкін (2-кестені қараңыз).
5.3
ҚАУІПТІ НЕМЕСЕ ЖАРАМСЫЗ КҮЙІ: Тексеру қауіпті немесе ақаулы жағдайды көрсетсе, ӨЖҚ дереу қызметтен шығарып, қоқысқа
лақтырыңыз (6-бөлімді қараңыз).
;
Жабдықты жөндеу жұмыстарын тек 3M немесе 3M компаниясы жазбаша түрде рұқсат берген өкілетті тараптар ғана
орындай алады.
5.4
ӨНІМНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ: 3M өздігінен жиналатын құралдарының қызмет көрсету мерзімін жұмыс жағдайлары және
техникалық қызмет көрсету анықтайды. Өнім тексеріс талаптарына сай болып шықса, оны (өнімнің ең көп жарамдылық мерзімі бойы)
пайдалана беруге болады. Текстилдік тоқыма сақтандыру арқандарының ең көп өнім мерзімі өндіру күнінен бастап 10 жылды құрайды.
6.0 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ және САҚТАУ
6.1
ТАЗАЛАУ: ӨЖҚ-ды тазалау процедуралары келесідей:
ӨЖҚ сыртын су және әлсіз сабын ерітіндісімен аракідік тазалап тұрыңыз. ӨЖҚ артық суы ағып кететіндей орналастырыңыз.
Жапсырмаларды қажетінше тазалаңыз.
Тоқыма арқанды сумен және әлсіз сабын ерітіндісімен тазалаңыз. Сумен шайып, сыртқа іліп, толық кептіріңіз. Ыстық көзімен күштеп
кептірмеңіз. Арқанның қорапқа кері жиналуына жол беруден бұрын оны құрғату қажет. Балшықтың, бояудың және т.б. шамадан тыс
жиналып қалуы қорабына толықтай кері жиналуына кедергі жасауы мүмкін, бұл өз кезегінде арқанның еркін құлау кезінде қауіпті
болуына әкеледі.
6.2
ҚЫЗМЕТ: ӨЖҚ жөндеу мүмкін емес. Егер ӨЖҚ-ға құлау күші қолданылса немесе тексеріс барысында қауіпті не ақаулы күйі анықталса,
ӨЖҚ-ны дереу қолданыстан шығарып, қоқысқа тастаңыз («Қоқысқа лақтыру» бөлімін қараңыз).
6.3
САҚТАУ/ТАСЫМАЛДАУ: ӨЖҚ салқын, әрі құрғақ және күннің тік сәулесі түспейтін таза ортада сақтап, тасымалдаңыз. Химиялық
заттардың буы бар болуы мүмкін жерлерден алыс ұстаңыз. Қандай да бір ұзақ уақыт сақтағаннан кейін ӨЖҚ мұқият тексеріңіз.
6.4
ҚОҚЫСҚА ЛАҚТЫРУ: Құлауды тоқтату күштері әсер етсе, я болмаса тексеру қауіпті немесе ақаулы жағдайды анықтаса, ӨЖҚ-ды
қоқысқа лақтырыңыз. ӨЖҚ қоқысқа лақтыру алдында кездейсоқ қайта пайдалану ықтималдығын болдырмау үшін сақтандыру арқанын
екіге кесіңіз немесе ӨЖҚ басқалай пайдалану мүмкін емес етіңіз.
7.0 Таңбалар
22-суретте өздігінен жиналатын құралдардағы жапсырмалар және олардың орындары көрсетілген. ӨЖҚ-да барлық жапсырмалар болуы тиіс.
Толығымен оқу мүмкін болмаса, жапсырмаларды ауыстыру керек. Жапсырмалардағы пиктограммалардың мағыналары келесідей:
Карабин және соққы индикаторын тексеріңіз
1
ӨЖҚ-дың құлыптау әрекетін тексеріңіз
2
ӨЖҚ-ды сақтандырғыш белдікке қосудың дұрыс жолы
3
Өткір жиекте пайдалану сертификатталмаған. Артқы D тәрізді сақинаның үстінде, астында немесе онымен бір деңгейде анкерлік бекіткіш нүктесіне
4
қосуға болады (ең көбі 140 кг).
Пайдалану температураларының ауқымы -40°C – +60°C
5
Ең көп жүк көтергіштігі 140 кг
6
Әрқашан сақтандыру арқанының ӨЖҚ ішіне бақылау астында жиналуына мүмкіндік беріңіз
7
Жөндеуге болмайды
8
Салқын, әрі құрғақ және күннің тік сәулесі түспейтін таза ортада сақтап, тасымалдаңыз.
9
Жиегінде жүктеме түсіруге болмайды
10
Жапсырманы алмаңыз
11
168

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis