Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

3M DBI-SALA Nano-Lok Handbuch Seite 165

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 51
3.0 Орнату
3.1
ЖҰМЫСТЫ ЖОСПАРЛАУ: Жұмысқа кірісуден бұрын құлаудан қорғау жүйесін пайдалануға қатысты жоспар құрыңыз. Құлаудан бұрын,
құлаған жағдайда және одан кейін қауіпсіздігіңізге әсерін тигізуі мүмкін барлық факторларды ескеріңіз. 2-бөлімде берілген барлық
талаптар мен шектеулерді ескеріңіз.
;
Қолдану жағдайларының көпшілігінде Nano-Lok ӨЖҚ анкерлік бекіткішке немесе сақтандырғыш белдіктің артқы жағына
қосуға болады. Кез келген бағдарға рұқсат етілген; 4-бөлімде ескертілгенді қоспағанда.
3.2
АНКЕРЛІК БЕКІТКІШ: 7-суретте әдеттегі ӨЖҚ анкерлік қосылымдары көрсетілген. Еркін құлау аралығы және тербеліс салдарынан құлау
қаупі ең төмен болатын бекіту нүктесін таңдаңыз (1-бөлімді қараңыз). 1-бөлімде берілген статикалық жүктемелерді көтере алатын берік
бекіту нүктесін таңдаңыз. Бастың үстінде анкерлік бекіту мүмкін емес кезде, Nano-Lok ӨЖҚ-дарын пайдаланушының артқы D тәрізді
сақинасының деңгейінен төмен анкерлік нүктеге бекітуге болады. 140 кг-ға (310 фунт) дейінгі пайдаланушылар үшін анкерлік нүкте артқы
D тәрізді сақинадан 5 футтан (1,5 м) артық төмен болмауы керек.
3.3
САҚТАНДЫРҒЫШ БЕЛДІКТІ БЕКІТУ: Кейбір ӨЖҚ үлгілері ӨЖҚ-ды толық сақтандырғыш белдікке артқы D тәрізді сақинаның тура
астында бекітуге арналған жалғыз ӨЖҚ немесе қос ӨЖҚ сақтандырғыш белдік интерфейсін қамтиды:
;
Кейбір толық сақтандырғыш белдіктер артқы D тәрізді сақинаны сақтандырғыш белдікке бекітілетін өздігінен
жиналатын құралдармен біріктіретін жеке ӨЖҚ байланысымен (PSRL байланысымен) жабдықталған (8-сурет). Сондай-ақ
ӨЖҚ-ды сақтандырғыш белдіктің артқы D тәрізді сақинасына карабин арқылы қосуға болады.
Жалғыз ӨЖҚ сақтандырғыш белдігін бекіту: Жұмысшының қозғалғыштығы маңызды жағдайда ӨЖҚ сақтандырғыш белдік
интерфейсін ӨЖҚ-ды толық сақтандырғыш белдікке қайтадан артқы D тәрізді сақинаның тура астында бекіту үшін пайдалануға
болады (9-суретті қараңыз). Содан кейін жұмысшы бүкіл жұмыс орнындағы әртүрлі анкерлік нүктелер арқылы ӨЖҚ-дың ілгіш бау
ұшымен ӨЖҚ-ды қайта-қайта қайта орнатусыз қосыла алады. ӨЖҚ-ды толық сақтандырғыш белдікке ӨЖҚ сақтандырғыш белдік
интерфейсі арқылы бекіту үшін:
1.
Сақтандырғыш белдік тоқымасын босатыңыз: ӨЖҚ сақтандырғыш белдік интерфейсін тоқыма баулар және D тәрізді
сақина жастықшасы арасында сырғыту үшін жеткілікті кеңістік болғанша артқы D тәрізі сақинаның (B) төменгі жағы арқылы
өтетін жерде тоқыма бауларды (А) сыртқа тартыңыз.
2.
Сақтандырғыш белдік интерфейсін ашыңыз: Құлыптау түймелерін (C) бір уақытта төмен қарай басыңыз және құлыптау
істігін (D) сыртқа сырғытыңыз.
3.
ӨЖҚ-ды сақтандырғыш белдік интерфейсінде орналастырыңыз: Сақтандырғыш белдік интерфейсіндегі ашық ысырманы
ӨЖҚ-дағы топсалы элементтің ілгіш көзі (E) арқылы кіргізіңіз. ӨЖҚ сақтандырғыш белдік интерфейсінің (F) тірегінен салбырап
тұратындай интерфейсті топсалы элемент ілгіш көздері арқылы өткізіңіз.
4.
Сақтандырғыш белдік интерфейсін тоқыма баулардың айналасында орналастырыңыз: Сақтандырғыш белдік
интерфейсінің ашық ысырмасын бос тоқыма баулардың (А) айналасында орналастырыңыз.
5.
Сақтандырғыш белдік интерфейсін жабыңыз: Сақтандырғыш белдік интерфейсінің құлыптау істігін (D) бос тоқыма баулар
(A) арқылы сақтандырғыш белдік интерфейснің қарама-қарсы жағында орнында құлыпталғанша басыңыз. Сақтандырғыш
белдік интерфейсін бекіту үшін тоқыма бауларды артқы D тәрізді сақина және артқы жастықша арқылы артқа тартыңыз.
;
Сақтандырғыш белдік интерфейсінің құлпын ашса, сақтандырғыш белдік интерфейсінің құлыптау істігінің
тетік соңындағы қызыл жолақ ашылады. Қосылымның кездейсоқ босауын болдырмау үшін, сақтандырғыш белдікті
пайдалану және ӨЖҚ-ды жалғау алдында әрқашан сақтандырғыш белдік интерфейсі құлыптаулы екенін тексеріңіз.
Мұны орындамау жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Қос ӨЖҚ сақтандырғыш белдігін бекіту: 100% бекіту қажет өрмелеу жағдайларында ӨҚ сақтандырғыш белдік интерфейсін екі
ӨЖҚ-ды толық сақтандырғыш белдіктің артында, артқы D тәрізді сақинаның тура астында қатар бекіту үшін пайдалануға болады.
Екі ӨЖҚ толық сақтандырғыш белдікте ӨЖҚ сақтандырғыш белдік интерфейсі арқылы бекіту үшін:
1.
Сақтандырғыш белдік тоқымасын босатыңыз: ӨЖҚ сақтандырғыш белдік интерфейсін тоқыма баулар және D тәрізді
сақина жастықшасы арасында сырғыту үшін жеткілікті кеңістік болғанша артқы D тәрізі сақинаның (B) төменгі жағы арқылы
өтетін жерде тоқыма бауларды (А) сыртқа тартыңыз.
2.
Сақтандырғыш белдік интерфейсін ашыңыз: Құлыптау түймелерін (C) бір уақытта төмен қарай басыңыз және құлыптау
істігін (D) сыртқа сырғытыңыз.
3.
ӨЖҚ-дарды сақтандырғыш белдік интерфейсінде орналастырыңыз: Сақтандырғыш белдік интерфейсіндегі ашық
ысырманы әрбір ӨЖҚ-дағы топсалы элементтің ілгіш көзі (E) арқылы кіргізіңіз. ӨЖҚ-дар сақтандырғыш белдік интерфейсінің
(F) тірегінен салбырап тұратындай интерфейсті топсалы элемент ілгіш көздері арқылы өткізіңіз.
4.
Сақтандырғыш белдік интерфейсін тоқыма баулардың айналасында орналастырыңыз: Сақтандырғыш белдік
интерфейсінің ашық ысырмасын бос тоқыма баулардың (А) айналасында орналастырыңыз.
5.
Сақтандырғыш белдік интерфейсін жабыңыз: Сақтандырғыш белдік интерфейсінің құлыптау істігін (D) бос тоқыма баулар
(A) арқылы сақтандырғыш белдік интерфейснің қарама-қарсы жағында орнында құлыпталғанша басыңыз. Сақтандырғыш
белдік интерфейсін бекіту үшін тоқыма бауларды артқы D тәрізді сақина және артқы жастықша арқылы артқа тартыңыз.
;
Сақтандырғыш белдік интерфейсінің құлпын ашса, сақтандырғыш белдік интерфейсінің құлыптау істігінің
тетік соңындағы қызыл жолақ ашылады. Қосылымның кездейсоқ босауын болдырмау үшін сақтандырғыш белдікті
пайдалану және ӨЖҚ-ды жалғау алдында әрқашан сақтандырғыш белдік интерфейсі құлыптаулы екенін тексеріңіз.
Мұны орындамау жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін.
165

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis