Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Бұрандакесу Шыбығының Дайындамасы/Болт Бұрандасын Кесу; Сол Жақтан Кесу; Қырлы Құбыр; Құбырды Құрылғыдан Алып Тастау - RIDGID 1224 Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für 1224:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 71
23-сурет – Құбыр бұрандасын кесу (көрсетілген 714
бастиегі)
9. Қолыңызды айналатын құбырдан алыс ұстаңыз.
Күймешенің құрылғыға тимейтініне көз жеткізіңіз.
Бұранда дайын болған кезде бастиекті ашыңыз (егер
бастиек автоматты түрде ашылмаса). Кескіштер
іске қосылған кезде құрылғыны Кері (REV) күйінде
пайдаланбаңыз.
10. Аяқ қосқыштан аяғыңызды шығарыңыз.
11. КЕРІ/ӨШІРУ/АЛҒА қосқышын ӨШІРУ күйіне
жылжытыңыз.
12. Бастиекті құбырдың аяқ жағына жылжыту үшін күймеше
айналғысын бұраңыз. Бастиекті оператордан жоғары
тұратындай көтеріңіз.
13. Құбырды
құрылғыдан
тексеріңіз. Бұл құрылғыны келтеқұбырларды бұранда
кесу барысында кеңейту немесе тарылту үшін қолдануға
болмайды.
Бұрандакесу шыбығының дайындамасы/Болт
бұрандасын кесу
Болт кесу құбыр кесу процесіне ұқсас. Шыбықтың диаметрі
бұранданың ең үлкен диаметрінен асып кетпеуі тиіс.
Болттарды кесу кезінде, сәйкес кескіштермен бастиекті
пайдалану қажет. Болттарды қажеттілігіне қарай ұзын етіп
кесуге болады, алайда, күймешенің құрылғыға тимеуін
қадағалау қажет. Егер ұзын бұрандалар кесу қажет болса:
1. Күймешені көшіріп болған соң, бастиекті жауып
қойыңыз, аяғыңызды аяқ қосқыштан шығарып, АЛҒА/
ӨШІРУ/КЕРІ қосқышын ӨШІРУ позициясына келтіріңіз.
2. Жұдырықшаны ашыңыз және күймеше мен жұмыс
бөлшегін құрылғы шетіне жылжытыңыз.
3. Шыбықты қайта қысыңыз және бұранда кесуді
жалғастырыңыз.
940-713-030.09_REV. G
шығарып,
бұрандаларды
1224 бұрандакесу құрылғысы
Сол жақтан кесу
Сол жақтан кесу оң жақтан кесу процесіне ұқсас. Сол
жақтан кесу үшін, сол жақтан пайдаланылатын бастиек
пен кескіштер қажет. Бастиекті орнына іліңіз (24-сурет).
Бұранда кескен кезде құрылғыны Кері (REV) күйінде іске
қосыңыз.
Ілмекті
босату
Ілмек
24-сурет – Сол бастиекке ілу
Қырлы құбыр
1. Қырлы кескіштерді "Кескіштерді енгізу/ауыстыру"
рәсіміне сәйкес орнатыңыз.
Қырлы кескіш ("2" белгісі бар) 2 нөмірлі бастиек ұясына
енуі керек. Бағыттауыш кескіштер белгіленбейді
және 1, 3 және 4 бастиек ұяларында пайдаланылады.
Кескішті енгізу туралы ақпарат бойынша тиісті бастиек
нұсқауларын қараңыз.
2. 714 және 914 бастиектері үшін NPSM/BSPP тік
бұрандаларын орнатыңыз.
3. Құбыр бұрандасын кесу бойынша бұрандакесу
құрылғысының нұсқауларын орындаңыз.
Бастиекті бұрандакесу күйіне жылжытыңыз және
бастиекті жабыңыз. Кескіштерді құбырмен жанастыру
үшін күймешені жылжытыңыз және қажетті қырын
түзу үшін аздап күш қолданыңыз. Кейбір жағдайларда
бағыттауыш кескіштерді құбырдың сыртқы диаметріне
келтіру үшін өлшемді аздап реттеу қажет болуы мүмкін
(АРТЫҚ немесе КЕМ).
Құбырды құрылғыдан алып тастау
1. КЕРІ/ӨШІРУ/АЛҒА қосқышы ӨШІРУ күйінде және құбыр
қозғалмаған кезде жұдырықшадағы құбырды босату
үшін айналғыны қайта-қайта және күштеп сағат тілі
бағытында айналдырыңыз. Алдыңғы жұдырықшаны
және артқы ортасы бойынша туралау құрылғысын
ашыңыз. Жұдырықшаға немесе ортасы бойынша
туралау құрылғысына созылмаңыз.
519

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis