Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қызмет; Арнайы Қауіпсіздік Ақпараты; Бұрандакесу Құрылғысының Қауіпсіздік Ескертулері - RIDGID 1224 Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für 1224:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 71
• Электр жабдығын, керек-жарақтарды және бекітілетін
кескіштерді жұмыс жағдайлары мен орындалатын
жұмыстарды ескере отырып, осы нұсқауларға сәйкес
пайдаланыңыз. Электр жабдығын өзге мақсаттарда
пайдалану қауіпті жағдайдың орын алуына әкелуі
мүмкін.
• Тұтқаларды және ұстайтын беттерді құрғақ, таза ұстаңыз
және тамған майды сүртіңіз. Тайғақ тұтқалар және
ұстайтын беттер құралды күтпеген жағдайларда қауіпсіз
қолдану мен реттеуге мүмкіндік бермейді.
Қызмет
• Электр жабдығына білікті жөндеуші маманның тек
бірдей ауыстыру бөлшектерімен қызмет көрсетуін
қадағалаңыз. Бұл электр жабдығының қауіпсіздігі
сақталуымен қамтамасыз етеді.
Арнайы қауіпсіздік ақпараты
ЕСКЕРТУ
Бұл бөлімде осы құралға тән маңызды қауіпсіздік ақпараты
қамтылған.
1224 бұрандакесу құрылғысын пайдаланбас бұрын, электр
тогы соғуы қаупін немесе басқа ауыр дене жарақатын алу
қаупін азайту үшін сақтандыруларды мұқият оқыңыз.
КЕЙІНГІ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕТІНДЕ БАРЛЫҚ
ЕСКЕРТУЛЕР МЕН НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ!
Бұл нұсқаулықты оператор пайдалануы үшін құрылғымен
бірге ұстаңыз.
Бұрандакесу құрылғысының қауіпсіздік
ескертулері
• Еденді май сияқты тайғақ материалдардан таза ұстаңыз.
Тайғақ еден оқыс жағдайлар ықтималдығын арттырады.
• Жұмыс бөлшегінен кемінде бір метр (үш фут) аралықты
қамтамасыз ету үшін жұмыс бөлшегі құрылғыдан
тыс созылған кезде қатынасты шектеңіз немесе
аумақты бөгде адамдардан қоршаңыз. Жұмыс бөлшегі
айналасында қатынасты шектеу немесе жұмыс аумағын
қоршау шатысып қалу қаупін азайтады.
• Қолғап киюге болмайды. Айналатын құбырда немесе
құрылғы бөлшектерінде қолғаптар шатысып, дене
жарақатына әкелуі мүмкін.
• Құрылғыны саңылаулар тесу немесе көтергішті бұру
сияқты басқа мақсаттарда пайдаланбаңыз. Басқаша
пайдалану немесе осы құрылғыны басқа құрылғылар
үшін пайдалану ауыр жарақат қаупін тудырады.
940-713-030.09_REV. G
1224 бұрандакесу құрылғысы
• Құрылғыны үстелге немесе тұғырға бекітіңіз. Ұзын
ауыр құбырды құбыр тіреуіштерімен тіреңіз. Бұл әдіс
құрылғының аударылуына жол бермейді.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оператордың басқару
қосқышы орналасқан жағында тұрыңыз. Құрылғыны
осы жақтан пайдалану құрылғыға созылу қажеттілігін
жояды.
• Қолдарыңызды айналатын құбырдан және қосымша
бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Құбыр бұрандаларын
сүртпес немесе қосымша бөлшектерді бұрамас бұрын
құрылғыны тоқтатыңыз. Құбырды алмас бұрын
құрылғының толық тоқтауын күтіңіз. Бұл әдіс айналатын
бөлшектердің шатысу ықтималдығын азайтады.
• Осы құрылғыны қосымша бөлшекті орнату немесе
алып тастау (жасау немесе бұзу) үшін пайдаланбаңыз.
Бұл әдіс қысылып, шатысып қалуға және басқаруды игере
алмауға әкелуі мүмкін.
• Барлық қақпақтары дұрыс орнатылмаған құрылғыны
пайдаланбаңыз. Қозғалыстағы бөліктерге жақындау
құрылғыда шатысып қалу қаупін арттырады.
• Аяққосқыш бұзылған немесе жоқ болса, құрылғыны
пайдалануға болмайды. Аяқ қосқышы құрылғыны
қауіпсіз түрде басқаруды қамтамасыз етеді, мысалы,
шатысып қалған кезде жұмысын аяқтау.
• Құрылғының жұмысы мен аяққосқышты бір ғана адам
басқаруы керек. Құрылғы іске қосылған жұмыс аумағында
оператор ғана болуы қажет. Бұл жарақат қаупін азайтады.
• Құрылғыға алдыңғы жұдырықшадан немесе артқы
ортасы бойынша туралау басынан қолыңызды созбаңыз.
Бұл құрылғыға шатысып қалу қаупін азайтады.
• Ауыр дене жарақаты қаупін азайту үшін осы
құралды пайдалану алдында осы нұсқауларды және
пайдаланылатын барлық жабдық пен материалдардың
нұсқаулары мен ескертулерін оқып шығыңыз және
түсініңіз.
Егер осы RIDGID® өніміне қатысты қандай да бір сұрағыңыз
болса:
– Жергілікті RIDGID® таратушысына хабарласыңыз.
– Жергілікті RIDGID байланыс орнын табу үшін RIDGID.com
торабына кіріңіз.
– Ridge Tool Техникалық қызмет бөліміне
rtctechservices@emerson.com торабында хабарласыңыз
немесе АҚШ және Канада аумағында (800) 519-3456
нөміріне қоңырау шалыңыз.
507

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis