Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Жеке Қауіпсіздік; Электр Жабдығын Пайдалану Және Күтім Көрсету - RIDGID 1224 Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für 1224:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 71
1224 бұрандакесу құрылғысы
Жерге қосылған электр жабдықтарымен адаптерді
пайдалануға
болмайды.
қосқыштар және сәйкес келетін розеткалар электр
тогының соғуы қаупін азайтады.
• Жерге қосылған не тұйықталған беттерді, мысалы,
құбырларды, жылытқыштарды, тізбектерді және
тоңазытқыштарды денеңізге тигізбеңіз. Денеңіз жерге
тиіп тұрса, электр тогына соғылу қаупі артады.
• Электр жабдықтарын жаңбыр астында немесе ылғалды
жағдайларда ұстауға болмайды. Электр құралына су
кірсе, электр тогының соғу қаупі артады.
• Сымды дұрыс пайдалану керек. Сымды электр
жабдығын тасу, тарту немесе желіден ажырату үшін
пайдалануға болмайды. Сымды қызу көзінен, майдан,
өткір жиектер немесе қозғалмалы бөлшектерден алшақ
ұстаңыз. Зақымданған немесе шатасқан сым электр
тогының соғуы қаупін арттырады.
• Электр жабдығын сыртта іске қосқан кезде сыртта
пайдалануға жарамды ұзартқыш сымды пайдаланыңыз.
Сыртта пайдалануға арналған сымды пайдалану электр
тогының соғуы қаупін азайтады.
• Электр жабдығын дымқыл орында пайдалануға тура
келсе, жерге қысқа тұйықталу ажыратқышымен (GFCI)
қорғалған құралды пайдаланыңыз. GFCI пайдалану
электр тогының соғуы қаупін азайтады.
Жеке қауіпсіздік
• Мұқият болыңыз, не істеп жатқаныңызды бақылаңыз
және электр жабдығын пайдалану кезінде саналы
іс-әрекет жасаңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі,
алкоголь немесе дәрі әсерінде болғанда электр
құралын пайдаланбаңыз. Жабдықты пайдаланған
кезде зейіннің бір сәт аууы ауыр дене жарақатына
әкелуі мүмкін.
• Жеке қорғаныш жабдығын пайдаланыңыз. Үнемі көзді
қорғау құралын киіп жүріңіз. Белгілі бір жағдайларда
пайдаланылатын қорғаныш құрал, мысалы, шаңнан
қорғайтын маска, тайғанатпайтын қорғаныш аяқ киімдері,
каска немес есту органдарын қорғау құралы жеке дене
жарақаттары қаупін азайтады.
• Еріксіз іске қосылудың алдын алыңыз. Қуат көзіне
және/немесе батареяға қоспас бұрын, құрылғыны
көтеру немесе тасымалдау алдында қосқыштың ӨШІРУ
күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Электр жабдықтарын
саусақты қосқыштың үстіне қойып тасымалдау немесе
қосқышы ҚОСУ күйіндегі электр жабдықтарына қуат
беруді қосу бақытсыз жағдайларға әкеледі.
• Электр жабдығын ҚОСУ алдында реттегіш кілтті
немесе бұранданы алып тастаңыз. Электр жабдығының
айналмалы бөлігіне бекітулі қалған бұранда немесе кілт
дене жарақатына әкелуі мүмкін.
506
Модификацияланбаған
• Созылып қол жеткізу әрекетін орындамаңыз. Дұрыс
адымдаңыз және үнемі теңгерім сақтаңыз. Бұл күтпеген
жағдайларда электр жабдығын жақсырақ қадағалауға
мүмкіндік береді.
• Сәйкесінше киініңіз. Бос киім немесе әшекей тақпаңыз.
Шашыңызды, киіміңізді және қолғаптарыңызды
қозғалмалы бөлшектерден алшақ ұстаңыз. Бос киім,
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге
ілінісуі мүмкін.
• Егер шаңды бөліп алу және жинау бөлшектері үшін
құрылғылар берілген болса, олар дұрыс қосылғанына
және тиісінше пайдаланылатынына көз жеткізіңіз.
Шаң жинағышты пайдалану шаңға қатысты зияндарды
азайтуға мүмкіндік береді.
• Құралдарды жиі пайдаланудан алған біліміңіз сізді
масаттандырмай, құралдың қауіпсіздік қағидаларының
еленбеуіне әкелмесін. Байқаусыз әрекет қас қағым сәтте
ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Электр жабдығын пайдалану және күтім көрсету
• Электр жабдығына күш түсірмеңіз. Құрылғы үшін тиісті
электр жабдығын пайдаланыңыз. Тиісті электр құралы
жұмысты тиісті түрде және белгіленген жылдамдықта
қауіпсіз түрде орындайды.
• Егер қосқыш оны ҚОСПАСА және ӨШІРМЕСЕ, электр
құралын пайдаланбаңыз. Қосқышпен басқарылмайтын
кез келген электр жабдығы қауіпті болып табылады
және оны жөндеу қажет.
• Реттеулер орындау, қосалқы құралдарды ауыстыру
немесе электр құралдарын сақтау алдында ашаны қуат
көзінен ажыратыңыз және/немесе алынбалы болса,
батарея жинағын электр құралынан алып тастаңыз.
Мұндай алдын алу қауіпсіздік шаралары қуат құралының
байқаусызда іске қосылуының алдын алады.
• Пайдаланылмайтын электр құралдарын балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз және электр
құралымен немесе осы нұсқаулармен таныс емес
адамдарға онымен жұмыс істеуге рұқсат етпеңіз. Электр
жабдықтары жаттықпаған пайдаланушылар қолданған
жағдайда қауіпті болуы мүмкін.
• Электр жабдықтары мен керек-жарақтарға техникалық
күтім жасаңыз. Қозғалмалы бөлшектердің тура
келмеушіліктерін немесе қысылып қалуын, бөлшектердің
сынуын және электр жабдығының жұмысына әсер ететін
басқа жағдайларды тексеріңіз. Егер зақымданса, электр
жабдығын пайдаланбас бұрын жөндеңіз. Көптеген
оқыс оқиғалар дұрыс қызметі көрсетілмеген электр
жабдықтарына байланысты орын алады.
• Кескіш құралдарды өткір әрі таза күйінде ұстаңыз. Өткір
жиектері бар сәйкесінше ұсталатын кескіш құралдар
қатып қалмайды және оларды басқару оңай.
940-713-030.09_REV. G

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis