Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Құрылғыны Және Жұмыс Аумағын Реттеу - RIDGID 1224 Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für 1224:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 71
1224 бұрандакесу құрылғысы
• Кескіштердің, кесу дөңгелегінің және үңгіштің кесу
жиектерінің күйі. Өтпейтін немесе зақымдалған
кесу құралдары көбірек күш салуды талап етеді,
нәтижелерді төмендетеді және жарақат қаупін
арттырады.
• Қауіпсіз және қалыпты жұмыс істеуіне жол бермеуі
мүмкін басқа жағдай.
Егер ақаулықтар табылса, ақаулықтар түзетілгенше
бұрандакесу құрылғысын пайдаланбаңыз.
4. Дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін басқа
кез келген жабдықтың өз нұсқауларына сәйкес
пайдаланылатынын тексеріңіз және ұстаңыз.
Құрылғыны және жұмыс аумағын
реттеу
ЕСКЕРТУ
Электр тогының соғуынан, құрылғы аударылуынан,
шатысудан, езілуден және басқа себептерге байланысты
жарақат алу қаупін төмендету және бұрандакесу
құрылғысы зақымын болдырмау үшін бұрандакесу
құрылғысын және жұмыс аумағын осы рәсімдерге сәйкес
орнатыңыз.
Құрылғыны орнықты тұғырға немесе үстелге бекітіңіз.
Құбырды сәйкесінше тіреңіз. Бұл құбырдың құлауы,
шалқаюы және ауыр дене жарақатын алу қаупін азайтады.
Бұрандакесу құрылғысын дұрыс жұмыс істеп тұрған
аяқ қосқышы болмаса, пайдаланбаңыз. Аяқ қосқыш
аяғыңызды алып, құрылғы жұмысын аяқтау арқылы
басқару мүмкіндігін жақсартады.
1. Жұмыс аймағын тексеріңіз:
• Жеткілікті жарық.
• Жанғыш сұйықтықтар, булар немесе тұтануы
мүмкін тозаң. Бар болған жағдайда көзі анықталып,
жойылмайынша немесе түзетілмейінше және аумақ
барынша желдетілмейінше аумақта жұмыс істемеңіз.
Бұл құрылғы жарылыстан қорғалмаған және
ұшқындар шығаруы мүмкін.
• Барлық жабдықтар мен оператор үшін таза, тегіс,
тұрақты, құрғақ орын болуы керек.
• Тиісті желдету. Кішкентай, жабық орындарды ұзақ
уақыт пайдалануға болмайды.
• Тиісті кернеудің жерге дұрыс тұйықталған электр
розеткасы. Құрылғының сериялық нөмір тілімшесінде
қажетті кернеуді тексеріңіз. Үш ашалы немесе GFCI
510
розеткасы жерге дұрыс тұйықталмауы мүмкін.
Күмәніңіз болса, розетканы лицензиялы электр
маманына тексертіңіз.
2. Бұранда кесілетін құбырды және тиісті қосымша
бөлшектерді тексеріңіз. Жұмысқа сәйкес жабдықты
Техникалық
анықтаңыз,
Бұрандаға тік қатардан басқа ештеңе пайдаланбаңыз.
Құбырды қосымша бөліктерімен немесе басқа да
тіркемелерімен бірге кесуге болмайды. Бұл ілінісу
жарақаттарының қаупін арттырады.
3. Құрылғыны жұмыс аймағына көшіріңіз. Ақпарат алу
үшін Құрылғыны тасымалдауға дайындау бөлімін
қараңыз.
4. Пайдаланғалы жатқан құрылғы дұрыс тексеріліп,
жиналғанына көз жеткізіңіз.
5. КЕРІ/ӨШІРУ/АЛҒА қосқышының ӨШІРУ күйінде екенін
растаңыз.
6. Бастиекке сәйкес кескіштер дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз. Қажет болса, бастиектегі кескіштерді
орнатыңыз және/немесе туралаңыз. Деректер алу үшін
Бастиекті орнату және пайдалану бөлімін қараңыз.
7. Кескішті, үңгішті және бастиекті оператордан алыс
айналдырыңыз. Олардың орнықтылығына және жұмыс
аумағына құламайтынына көз жеткізіңіз.
8. Егер құбыр құрылғы алдындағы жоңқа науасынан
немесе құрылғы артынан 2' (0,6 м) тыс созылса,
құбырды тіреу және құбыр мен бұрандакесу
құрылғысының аударылып немесе құлап кетуіне
жол бермеу үшін құбыр тұғырларын пайдаланыңыз.
Құбыр тұғырларын құрылғы жұдырықшаларымен
туралап, құбыр шетінен құрылғыға дейін шамамен
1/3 қашықтықта орналастырыңыз. Ұзындау құбырға
бірден көп құбыр тұғыры қажет болуы мүмкін.
Тек осы мақсатқа арналған құбыр тұғырларын
пайдаланыңыз. Құбыр тіреулерінің дұрыс болмауы
немесе құбырды қолмен тіреу аударылуға немесе
шатысып жарақат алуға әкелуі мүмкін.
9. Бұрандакесу құрылғысы және құбыр айналасында
кемінде 3' (1 м) аралықты қалдыру үшін қатынасты
шектеңіз немесе қоршаулар орнатыңыз. Бұл қатысы жоқ
тұлғалардың құрылғыға жақындауына жол бермейді
және аударылу немесе шатысу қаупін азайтады.
10. Тиісті жұмыс күйін қамтамасыз ету үшін аяқ қосқышын
18-суретте көрсетілгендей орналастырыңыз.
11. RIDGID бұрандакескіш майының деңгейін тексеріңіз.
Жоңқа науасы жиынтығын және ендірме жиынтығын
алып тастаңыз; сүзгі торы жиынтығының майға толық
батқанына көз жеткізіңіз. Май жүйесіне қызмет көрсету
бөлімін қараңыз.
12. КЕРІ/ӨШІРУ/АЛҒА қосқышы ӨШІРУ күйінде болған
кезде сымды ашық жолмен жүргізіңіз. Құрғақ қолмен
сипаттарды
қараңыз.
940-713-030.09_REV. G

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis