Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch EXACT 4 Originalbetriebsanleitung Seite 173

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für EXACT 4:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-529-002.book Page 173 Monday, December 9, 2013 1:37 PM
Кернеу адаптерлерін кернеуі бойынша D-Sub штепсель
айырының 16 сыртқы түсіне сай ажырату мүмкін. D-Sub
штепсель айырының сырты 9,6-В-кернеуі үшін көк, ал
12-В үшін қызыл түсті болады.
 Адаптер сыртын 18 тек өшірулі кернеу
тұрақтантырғышынан немесе кернеу
тұрақтандырғышынан ажыратылған штепсель
айыры 16 жағдайында өнеркәсіптік
аккумуляторлық бұрауышына орнату немесе одан
шешуге болады.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 3 орташа күйге
басыңыз. Бұл қосқыш/өшіргішті 6 „Өшірілген" күйінде
бекітіп, электр құралының кездейсоқ қосылуына жол
бермейді. Сосын адаптер cыртын 18 электр құралының
тұтқасына жылжытыңыз. Адаптер сырты дұрыс күйде
салынуына және босату түймешесі 4 сезімді ретте электр
құралының тұтқасына тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Сосын штепсель айырын 16 электр құралыңызға сайкес
кернеу тұрақтандырғышына қосу төлкесіне 15 кіргізіңіз.
Штепсель айырын 16 қосу төлкесіне 15 екі бұранданы 17
қолмен бұрап тартыңыз.
Кернеу адаптерін алу үшін екі бұранданы 17 өшірулі
кернеу тұрақтандырғышы штепсель айырында 16
босатып, штепсель айырын қосу төлкесінен 15 тартыңыз.
Сосын екі жақтан босату түймешелерін 4 басып, адаптер
сыртын 18 электр құралының тұтқасынан тартыңыз.
Түрі 0 602 492 431/... 433/... 435/... 439/
... 441/... 443/... 445
Осы өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрағыштарды кернеу
тұрақтандырғышымен пайдалану мүмкін емес.
Жылдам алмастыру патрондық баста аспап
алмастыру (E суретін қараңыз)
 Алмалы-салмалы аспаптарды орнатуда олардың
аспап патронында сенімді тұруына көз жеткізіңіз.
Егер алмалы-салмалы аспаптар аспап патронымен
қатты біріктірілмесе, босап кетіп, басқару мүмкін
болмайды.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Жылдам алмастыру патронын 19 алға тартыңыз. Алмалы-
салмалы аспапты 9 аспап патронына 8 салып, жылдам
алмастыру патронын жіберіңіз.
Тек сайкес салынатын аяқпен (1/4"-алты қырлы) алмалы-
салмалы аспаптарды пайдаланыңыз.
Осы жылдам алмастыру патронына бұрғыны салуға
тырыспаңыз. Ажырату тіркесімі бар өнеркәсіптік
акккумуляторлық бұрауыш бұрғылауға арналмаған.
Тіркесім автоматты ретте ескертусіз ажыратылуы мүмкін.
Тіркесімді өшіргеннен соң бұрғылауды жалғастырсаңыз
ажырату тіркесімі қайта істегенше электр құралы
қолыңыздан шығып кетуі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Жылдам алмастыру патронын 19 алға қарай тартыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты 9 аспап патронынан 8
шығарып, жылдам алмастыру патронын жіберіңіз.
Bosch Power Tools
Пайдалану
Жеке сақтайтын киімді және әрдайым
қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Электр
құрал түріне немесе пайдалануына
байланысты шаңтұтқыш, сырғудан
сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе
құлақ сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию
жарақаттану қаупін төмендетеді.
Пайдалануға ендіру
Егер электр құралын іске қоспақшы болсаңыз, алдымен
айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 3 айналу
бағытына реттеңіз: Электр құралы тек қана айналу
бағытының ауыстырып-қосқышы 3 ортада тұрмаған
жағдайда жұмыс істейді (қосу құлпы).
Айналу бағытын орнату (F суретін қараңыз)
Оң жаққа айналу бағыты: шуруптарды бұрап кіргізу үшін
айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 3 солға
тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: шуруптарды босату немесе
бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын
3 оңға тірелгенше басыңыз.
 Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 3 тек
электр құралы тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.
LED жұмыс жарықтығын қосу (G суретін қараңыз)
Жұмыс жарығы 20 қолайсыз жарықтықтандыру
жағдайында бұранда кіргізу жерін жарықтандыруға
көмектеседі. Жұмыс жарығын 20 қосу/өшіру 6 түймелерін
басып қосуға болады. Қосқыш/өшіргішті қаттырақ
бассаңыз, электр құралы қосылып, жұмыс жарықтығы
жарық береді.
 Жұмыс жарықтығына тура қарамаңыз, ол көзді
шағылыстыруы мүмкін.
Қосу/өшіру
Бұрауыштарда бұрау моментіне
байланысты ажырату тіркесімі бар, ол
белгіленген аймақта реттеледі. Ол
орнатылған бұрау моменті жетілгеннен соң
қосылады.
Ескертпе: Егер бұрауышты кернеу адаптерімен
пайдалансаңыз, алдымен кернеу тұрақтандырғышын іске
қосу қажет.
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 6 тірелгенше
басыңыз.Электр құралы орнатылған бұрау моментіне
жетілсе автоматты ретте өшеді.
 Қосқыш/өшіргіш 6 мерзімінен бұрын босатылса
алдымен орнатылған бұрау моментіне жетілмейді.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
 Электр құралын (мысалы қызмет көрсету,
аспаптарды алмастыру т.б.) пайдалануда және
оларды тасымалдау және сақтауда айналу
бағытының реттеушісін орта күйге жылжытыңыз.
Қaзақша | 173
3 609 929 C61 | (9.12.13)

Werbung

loading