Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch AdvancedGrind 18 Handbuch Seite 44

Akku winkelschleifer
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für AdvancedGrind 18:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
44 |
 Электр құралдарына арналған
аккумуляторларды ғана пайдаланыңыз. Басқа
аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға немесе
өртке әкелуі мүмкін.
 Пайдаланылмайтын аккумуляторды
түйіспелерді тұйықтауы мүмкін
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір
заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің
арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе
өртке әкелуі мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі
немесе күйдіруі мүмкін.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Бұрыштық тегістеу машиналарын
пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Тегістеу, егеуқұм қағазымен тегістеу, сымды
щеткалармен жұмыс жасау және тегістеу шеңберін
пайдаланудағы жалпы қауіпсіздік ережелері
 Бұл электр құралы тегістеу машинасы ретінде,
егеуқұм қағазымен, сымды щеткамен жұмыс
істеуге және тегістеу-кесу машинасы ретінде
пайдалануға арналған. Құрылғымен бірге алған
барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын,
ескертпелерді, суреттер мен деректерді
сақтаңыз. Төмендегі нұсқаулықтарды орындамау
тоқ соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттарға
алып келуі мүмкін.
 Бұл электр құралы жылтыратуға арналмаған.
Электр құралын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті және жарақаттар тудыруы мүмкін.
 Осы электр құралына арналмаған және
өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды
пайдаланбаңыз. Электр құралында берік бекіту
мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз етеді.
 Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген
айналымдар саны кемінде электр құралында
белгіленген максималды айналымдар санына
сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам
айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін.
 Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және
қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне
сәйкес болуы керек. Өлшемдері қате анықталған
салынған бөлшек жеткілікті қорғалмайды және
бақылаудан шығуы мүмкін.
 Ирек оймалы тесіктері бар тегістеу шеңберлері
тегістеу шпинделінің ирек оймасына дәл келуі
келек. Фланец көмегімен орнатылған
құралдарды пайдаланғанда құрал тесігінің
диаметрі фланец диаметріне сәйкес келуі керек.
Электр құралда дұрыс тұрмаған жұмыс құралдары
соғылып айналады, қатты дірілдейді және
бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін.
 Бұзылған алмалы-салмалы аспапты
пайдаланбаңыз. Жұмыс құралдарында, мысалы,
тегістеу шеңберлерінде, әр пайдалану алдында
сынықтар және жарықтар, тегістеу
тәрелкелерінде сынықтар, өтпес болып қалу
және қатты тозу бар-жоғын, сымды щеткаларда
бекітілмеген және сынған сымдар бар-жоғын
тексеріңіз. Электр құралын немесе алмалы-
салмалы аспапты түсіріп алсаңыз, оны
тексеріңіз, тек зақымдалмаған алмалы-салмалы
аспапты пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы
аспапты тексеріп пайдалану кезінде өзіңіздің
және өзге адамдардың айналатын алмалы-
салмалы аспаптан қашық жерде тұрғанында ғана
электр құралын бір минут ішінде максималды
айналымдар санында қосыңыз. Зақымдалған
алмалы-салмалы аспаптар осы тексеру кезінде
бұзылады.
1 609 92A 2LL | (8.9.16)
 Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз.
Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз
сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті
киіңіз. Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш
қолғапты, алжапқышты немесе басқа да
қорғаныс киімдерін киіңіз. Көздер әртүрлі
жұмыстардан пайда болып шашылатын бөтен
бөлшектерден қорғануы қажет. Шаңтұтқыш және
газқағар жұмыс кезінде пайда болатын шаңды
сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты шуылда көп болу
есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін.
 Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық
тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне
кірген әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын
киюі қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-
салмалы аспаптың сынған бөлшектері атылып
жұмыс кеңістігінен тыс жерде да зақым келтіруі
мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспаптың жасырын тоқ
сымына тиюі ықтимал жұмыстарды орындауда
құралды тек оқшауландырылған тұтқасынан
ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию металлды құрал
бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына алып келуі мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша
электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып
тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп,
электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін.
 Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы
болмаңыз. Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған
алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді
ауыр жарақаттауы мүмкін.
 Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі
түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы
ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр
қауіпін тудыруы мүмкін.
 Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар
жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл
материалдарды жандыруы мүмкін.
 Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін
құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа
салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток
соғуына әкелуі мүмкін.
Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының
ережелері
 Кері соққы сыналанып, тұрып қалған немесе
айналып жатқан орнатылған құралдың, мысалы,
тегістеу шеңберлерінің, тегістеу тәрелкелерінің,
сымды щеткалардың және т.б. кенет реакциясының
нәтижесі болып табылады. Тұрып қалу немесе
сыналану айналып жатқан құралдың кенет тоқтап
қалуына әкеледі. Бұл кезде бақыланбайтын құрал
бұғатталу орнында жұмыс құралының айналу
бағытына қарсы жылдамдайды.
Тегістеу шеңбері бұғатталса немесе дайындамада
тұрып қалса, онда дайындамаға кіргізілген тегістеу
шеңберінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде
шеңбердің дайындамадан ыршуына немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бұғатталу
орнындағы шеңбердің бағытына байланысты
тегістеу шеңбері операторға немесе одан ары
қозғалады. Тегістеу шеңбері сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың
немесе оператор қатесінің салдары болып
табылады. Мұны төменде сипатталғандай тиісті
сақтық шараларын қолдану арқылы болдырмауға
болады.
 Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері
соққыларды ұстап қалатындай қалыпта болуы
керек. Айналымдар артқан кезде кері
соққыларға немесе реакциялық моменттерге
мүмкіндігінше жақсы қарсы тұру үшін бар болса
қосымша тұтқаны пайдаланыңыз. Оператор тиісті
сақтық шараларының көмегімен кері соққыларға
және реакциялық моменттерге қарсы тұра алады.
 Қолыңыз айналып жатқан құралдың жанында
болмауы керек. Кері соққы кезінде құрал
қолыңызға жылжуы мүмкін.
 Кері соққы кезінде электр құрал жылжитын
аумақтан ары тұрыңыз. Кері соққы электр құралды
бұғатталу орнындағы тегістеу шеңберінің
қозғалысына кері бағытта жылжытады.
 Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т. б. әсіресе
абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының
дайындамадан ыршуын және сыналануын
болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі
бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде
сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және
кері соққыны тудырады.
 Аралау шынжырларын және аралау полотносын
пайдаланбаңыз. Мұндай жұмыс құралдары жиі кері
соққының немесе электр құралды бақылауды
жоғалтудың себебіне айналады.
Тегістеу және кесу туралы арнайы нұсқаулар
 Тек осы электр құралына арналған қорғағыш
қаптамаларды ғана пайдаланыңыз. Электр
құралыңызға арналмаған абразивті құралдар
жеткілікті жабылмайды және қауіпті болуы мүмкін.
 Құрал қорғағыш қаптаманың деңгейінен шығып
тұрмау үшін майысқан тегістеу дискісін электр
құралға берік және мүмкіндігінше жоғары
қауіпсіздік деңгейімен орнату керек. Қорғағыш
қаптаманың деңгейінен шығып тұратын, дұрыс
орнатылмаған тегістеу шеңберін жеткілікті қорғау
мүмкін емес.
 Қорғаныш қаптамасы электр құралында берік
бекітілген, ажарлауыш шарықтың ең кіші
бөлшегі пайдаланушы үшін қауіпсіздік
деңгейінің ең жоғары көрсеткішіне сай реттелген
болуы қажет. Қорғаныш қаптамасы
пайдаланушыны сынған бөлшектерден, ажарлауыш
шарығының кездейсоқ тиюінен және киімді жағып
жіберуі мүмкін ұшқындардан қорғайды.
 Абразивті құралдарды тек ұсынылатын
жұмыстар үшін пайдалану керек. Мысалы:
ешқашан кесу шеңберінің бетін тегістемеңіз.
Кесу шеңберлері материалды жиекпен алуға
арналған. Бүйірлік күштер әсер етсе осы абразивті
құрал сынуы мүмкін.
 Әрқашан зақымдалмаған, таңдалған тегістеу
шеңбері үшін өлшемдері және пішіні дұрыс
қысқыш фланецтерді пайдаланыңыз. Дұрыс
фланецтер тегістеу шеңбері үшін тірек болып
табылады және оның сыну қаупін азайтады. Кесу
шеңберлеріне арналған фланецтер тегістеу
шеңберлеріне арналғаннан ерекшеленуі мүмкін.
 Үлкен электр құралдардың тозған тегістеу
шеңберлерін пайдаланбаңыз. Үлкен электр
құралдарға арналған тегістеу шеңберлері шағын
электр құралдардың жоғары айналу
жылдамдықтарына арналмаған және сынуы мүмкін.
Тегістеу шеңберімен кесуге қатысты қауіпсіздік
техникасы туралы қосымша ерекше нұсқаулар
 Кесу шеңберінің бұғатталуын немесе артық басу
қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесулерді
орындамаңыз. Кесу шеңберіне артық жүктеме
түсіру оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі
және осылайша кері соққының немесе абразивті
құралдың сынуы мүмкіндігін арттырады.
 Айналатын шеңбердің алдындағы және
артындағы аймаққа жақындамаңыз. Кесу
шеңберін дайындамада өзіңізден ары жүргізсеңіз,
онда кері соққы жағдайында айналып жатқан
шеңбер бар электр құрал сізге ыршуы мүмкін.
 Кесу шеңбері сыналанса немесе жұмыс үзілісінде
электр құралды өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша
қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан
шеңберді кесілген жерден шығаруға ешқашан
тырыспаңыз, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.
Сыналану себебін анықтаңыз және жойыыңыз.
 Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр
құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді
жалғастырмай тұрып кесу шеңберіне толық
айналымдарға жетуге мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе
шеңбер тұрып қалуы, дайындамадан ыршуы және
кері соққыға әкелуі мүмкін.
 Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу
керек.
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis