Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Briggs & Stratton 080000 Bedienungsanleitung Seite 126

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für 080000:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 47
Техникалық қызмет көрсету үшін құрылғыны еңкейткен кезде
• Техникалық қызмет көрсету үшін құрылғыны еңкейту керек болған кезде
жанармай багы (қозғалтқышқа орнатылған болса) бос болуы керек, әйтпесе,
жанармай ағып, өрт шығуы немесе жарылыс болуы мүмкін.
Жабдықты тасымалдаған кезде
• Тасымалдаған кезде жанармай багы БОС болуы қажет немесе жанармай
беруді тоқтату клапаны ЖАБЫҚ қалыпта болуы тиіс.
Жанармайды немесе багында жанармай бар жабдықты сақтаған кезде
• Пештерден, каминдерден, су қыздырғыштардан немесе тұтату көздері бар
басқа құрылғылардан аулақ сақтаңыз, себебі олар жанармай буын тұтатып
жіберуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Қозғалтқыш оталдырылғанда ұшқын пайда болады.
Ұшқын маңайдағы жанғыш газдарды тұтатуы мүмкін.
Соның салдарынан жарылыс болуы және өрт шығуы мүмкін.
• Маңайда табиғи немесе сұйылтылған мұнай газы шығып жатса,
қозғалтқышты оталдырмаңыз.
• Сығымдалған оталдыру сұйықтықтарын қолданбаңыз, себебі олардың
булары жанғыш болады.
ЕСКЕРТУ
УЛЫ ГАЗ ҚАУПІ. Қозғалтқыштан шығатын газда көміртегі монооксиді бар.
Ол – адамды бірнеше минутта өлтіре алатын улы газ. Ол көзге көрінбейді,
оның иісі мен дәмі жоқ. Сондықтан оны сезу МҮМКІН ЕМЕС. Шыққан
түтін иісін сезбесеңіз де, көміртегі монооксиді газын жұтуыңыз мүмкін.
Осы өнімді қолданған кезде құсқыңыз келсе, басыңыз айналса немесе
өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, ДЕРЕУ таза ауаға шығыңыз. Дәрігерге қаралыңыз.
Көміртегі монооксидімен уланған болуыңыз мүмкін.
• Бұл өнімді ТЕК сыртта, терезелер, есіктер және саңылаулардан аулақ жерде
қолданыңыз, осылайша, көміртегі монооксиді газының жиналуы және тұрғын
үйлерге тартылу қаупін азайтасыз.
• Батареямен жұмыс істейтін немесе электр желісінен істеп, батареялардан
қосалқы түрде қуаттана алатын көміртегі монооксиді дабылдарын өндіруші
нұсқауларына сәйкес орнатыңыз. Түтін дабылдары көміртегі монооксиді
газын анықтай алмайды.
• Бұл өнімді үйлерде, гараждарда, төлелерде, еден астындағы бос жерде,
қалқаларда немесе басқа жартылай жабық жерлерде ҚОЛДАНБАҢЫЗ, тіпті
ауа айналуы үшін желдеткіштерді қолдану немесе есік пен терезелерді ашып
қою көмектеспейді. Көміртегі монооксиді мұндай жерлерде тез жиналып, өнім
өшірілгеннен кейін де бірнеше сағат сақталуы мүмкін.
• Бұл өнімді ҮНЕМІ жел соққан жаққа қарай қойыңыз және қозғалтқыштың газ
шығатын түтігін тұрғын үйлерден аулақ қаратыңыз.
ЕСКЕРТУ
Оталдыру сымы жылдам кері тартылған (кері тарту) кезде қолыңыз
қозғалтқышқа қарай тартылып, сымды жіберуге үлгермейсіз.
Бұның салдарынан сүйектеріңіз сынуы, не шатынауы мүмкін, қол-
аяғыңызды ауыртып алуыңыз не сіңірлеріңіз созылуы мүмкін.
• Қозғалтқышты оталдырған кезде кері соққының алдын алу үшін іске қосқыш
сым арқанды кедергі сезілгенше баяу тартыңыз да, одан кейін шапшаң
тартып қалыңыз.
• Қозғалтқышты оталдырмас бұрын барлық сыртқы жабдықты/қозғалтқыш жүгін
алып тастаңыз.
• Жүздер, қалақты дөңгелектер, керілген шығыршық дөңгелектер, тісті
доңғалақтар сияқты, бірақ олармен шектелмейтін жабдықтың тікелей
қосылған құрамдас бөліктерін мықтап бекіту керек.
ЕСКЕРТУ
Айналатын бөлшектер қолдарға, аяқтарға, шашқа, киімге немесе
әшекейлерге тиюі немесе оларды орап алуы мүмкін.
Соның салдарынан жарақаттан болған ампутация немесе тіннің қатты
үзілуі орын алуы мүмкін.
• Жабдықты қолданған кезде қорғағыштар орнатылған болуы тиіс.
126
• Қолдарыңыз бен аяқтарыңызды айналатын бөлшектерден аулақ ұстаңыз.
• Шашыңыз ұзын болса, буып қойыңыз және әшекейлерді шешіп қойыңыз.
• Салбыраған бос киім кимеңіз, салбырап тұратын баулар немесе ілініп қалуы
мүмкін заттар тақпаңыз.
ЕСКЕРТУ
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жылу бөлінеді. Қозғалтқыш бөлшектері,
әсіресе бәсеңдеткіш қатты қызып кетеді.
Оған тисеңіз, қатты күйіп қалуыңыз мүмкін.
Жанғыш қалдықтар, мысалы жапырақтар, шөп, бұтақтар, т.б. тұтануы
мүмкін.
• Бәсеңдеткішті, қозғалтқыш цилиндрін және тілімшелерді ұстамас бұрын, олар
салқындағанша күтіңіз.
• Бәсеңдеткіш пен цилиндр маңынан жиналған қалдықтарды алып тастаңыз.
• Калифорнияның мемлекеттік ресурстар кодексінің 4442 бабына сәйкес
қозғалтқыштың газ шығару жүйесі ұшқын сөндіргішімен жабдықталмаған
болса (4442 бабында сипатталғанға сәйкес) немесе ол тиімді түрде жұмыс
істейтін күйде болмаса, қозғалтқышты кез келген орман, тоғай немесе шөп
бар жерде қолдануға тыйым салынады. Басқа штаттар немесе федералдық
юрисдикцияларда осыған ұқсас заңдар бар. Осы қозғалтқышқа орнатылған
газ шығару жүйесіне арналған ұшқын сөндіргішін алу үшін бастапқы жабдық
өндірушісіне, сатушысына немесе дилеріне хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ
Кездейсоқ ұшқын шығарудан өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
Кездейсоқ оталдыру салдарынан қол-аяғыңыз ілініп қалуы, жарақаттан
болған ампутация немесе тіннің қатты үзілуі орын алуы мүмкін.
Өрт қаупі
Бейімдеу немесе жөндеу жұмыстарын атқармас бұрын:
• Оталдыру білтесінің сымын ажыратып, оны оталдыру білтесінен аулақ
ұстаңыз.
• Аккумулятордың теріс ағытпасын ағытыңыз (тек электрлі оталдыруы бар
қозғалтқыштар).
• Тек тиісті құралдарды қолданыңыз.
• Қозғалтқыш жылдамдығын арттыру үшін реттегіш серіппені, жалғамаларды
немесе басқа бөлшектерді өзгертуге болмайды.
• Бөлшектерді бірдей бөлшектермен алмастыру және түпнұсқа бөлшектер
тұрған орындарға орнату қажет. Басқа бөлшектер түпнұсқа бөлшектермен
бірдей өнімділікке жетпеуі мүмкін және құрылғыны зақымдап, жарақат алуға
себеп болуы мүмкін.
• Тегершікті доңғалақты балғамен немесе қатты затпен ұруға болмайды, себебі
ол кейін жұмыс істеп тұрып бөлініп кетуі мүмкін.
Ұшқын шығаруды тексерген кезде:
• Мақұлданған оталдыру білтесін тексеру құралын қолданыңыз.
• Оталдыру білтесі шешіп алынған күйде ұшқын шығаруды тексермеңіз.
Мүмкіндіктер мен басқару
құралдары
Қозғалтқышты басқару құралдары
Әр түрлі мүмкіндіктер мен басқару құралдарының орнын біліп алу үшін (сурет: )1, 2,
3, 4, 5суретті қозғалтқышыңызбен салыстырыңыз.
A.
Қозғалтқыштың идентификациялық нөмірлері Үлгі - Түрі - Коды
B.
Оталдыру білтесі
C.
Жанармай багі мен қақпағы
D.
Ауа тазалағышы
E.
Іске қосу сымының тұтқасы
F.
Май деңгейін өлшейтін өзек
G.
Бәсеңдеткіш, бәсеңдеткіш қорғанысы (бар болса), ұшқын сөндіргіші (бар
болса)
H.
Ауа кіретін тор
I.
Дроссель жапқышын басқару құралы (бар болса)
BRIGGSandSTRATTON.com

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

090000093j00100000

Inhaltsverzeichnis