Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Zhermack D2 Bedienungsanleitung Seite 115

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 21
ойықтарын сүртіп шығыңыз және олардың таңдалған зарарсыздандырғыш өндірушісі анықтаған
мерзімде ерітіндімен суланып тұрғанына көз жеткізіңіз. Қажет болса, барлық беттер мен ойықтардың
таңдалған зарарсыздандырғыш өндірушісі анықтаған мерзімде ерітіндімен суланып тұруын қамтамасыз
ету үшін, қосымша суланған шүберектерді қолданыңыз.
2. Жуғыш құралдың іздерін кетіру үшін мөлшерлегіш пен сөренің барлық беттерін және ойықтарын таза әрі
тозбаған, суланған (таза суға батырылған, бірақ су тамшыламайтын) шүберекпен кем дегенде екі (2 рет)
сүртіп шығыңыз. Қажет болса, қосымша шүберектерді қолданыңыз.
3. Мөлшерлегіш пен сөрені толығымен құрғағанша кептіріп қойыңыз.
4. Мөлшерлегіш пен сөрені тексеріп, көзге көрінетін лас жерлері тазаланғанына көз жеткізіңіз. Егер
ластану белгілері көрінсе, 6.2.2 және 6.2.3 бөлімдерінде берілген қадамдарды қайталаңыз. Құрылғы
зақымдалған, түсі бұзылған, тозған немесе оның пішіні бұзылған болса, мөлшерлегішті ауыстырыңыз.
5. Қосымша техникалық қызмет көрсетуге немесе майлауға ұсыныс берілмейді.
6.2.4 СТЕРИЛЬДЕУ
1. Мөлшерлегіш пен сөрені ISO 11607 және ANSI/AAMI ST76:2017 стандарттарына сәйкес келетін екі бөлек
қаптамаға (қағаз/пластик стерильдеу қалталарына) салыңыз (3.1 сур.), содан кейін алдын ала вакуумдау
циклін орындай алатын автоклавқа қалталарды салыңыз.
2. Төмендегі кестеде берілген стерильдеу параметрлерін пайдаланыңыз:
Параметрлер
Цикл түрі
Анықтамалық температура
Өңдеу уақыты
Құрғату уақыты
Стерильдеу аяқталған соң, мөлшерлегіш пен сөрені стерильдеу қаптамаларында жабық, таза және құрғақ
жерде сақтаңыз. Құрылғыны қайта құрастырмай тұрып, стерильдеу қаптамаларын тексеріп алыңыз. Егер
қаптамалар зақымдалған немесе суланған болса, пайдаланар алдында мөлшерлегіш пен сөрені қайта
қалпына келтіріңіз.
6.2.5 ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚҰРАСТЫРУ
ЕСКЕРТУЛЕР/САҚТАНДЫРУЛАР:
• Құрастыру алдында мөлшерлегішті ӘРДАЙЫМ тазалау, зарарсыздандыру және
стерильдеу қажет (6.2.2, 6.2.3 және 6.2.4 бөлімдерін қараңыз). Мұны мөлшерлегішті
қайта пайдаланудың дәл алдында ғана орындауыңыз қажет.
• Тоғыспалы ластану қаупін азайту үшін, мөлшерлегішті басқа емделушіге қолданар алдында
әрдайым бір реттік қақпақтар / оқшаулағыш тыстарды қолданыңыз және пайдаланудан
кейін оларды алып тастаңыз. Бір реттік қақпақтарды / оқшаулағыш тыстарды пайдалану
оны нұсқауларға сәйкес тазалау, зарарсыздандыру және стерильдеудің қажеттілігін жоққа
шығармайды.
1. Қолыңызды зарарсыздандырып, жаңа бір реттік қолғап киіңіз.
2. Стерильденген мөлшерлегіш пен сөрені қалталарынан шығарыңыз (4.1 сур.).
3. Таза және стерильді Phillips бұрауышын пайдаланып, сөредегі екі дискінің бұрандаларын алыңыз (4.2
сур.).
4. Қара тетікті басыңыз (4.3/1 сур.) және сөрені (4.3/2 сур.) көрсетілген бағытта итеріңіз.
5. Сөредегі екі дискіні және олардың бұрандаларын Phillips бұрауышының көмегімен ауыстырыңыз (4.4
сур.).
6. Мөлшерлегіш құрастырылды және картриджді қабылдауға дайын (4.5 сур.).
7. Сөренің астындағы қара тетікті итеріңіз (4.6/1 сур.) және сөрені жүрісінің басына қарай мөлшерлегіштен
тартып алыңыз (4.6/2 сур.).
8. Картридж құлпын көтеріңіз (4.7/1).
9. Картриджді салып, оның дұрыс жаққа қарап тұрғанын тексеріңіз. Картриджді салған кезде, оның
Мәндер
Алдын ала вакуумдау
132 °C
3 минут
20 минут

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis