Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Zhermack D2 Bedienungsanleitung Seite 113

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 21
ЕРЕКШЕ ЕСКЕРТУЛЕР/САҚТАНДЫРУЛАР:
• Мөлшерлегішті тазалау, зарарсыздандыру және стерильдеудің алдында әрдайым оның
картриджі мен араластырғыш ұшын алу қажет.
• Сонымен қатар жеке құрамдастарын тазалау, зарарсыздандыру және стерильдеудің
алдында мөлшерлегіштің сөресін де алып тастаңыз.
• Мөлшерлегішті жұмыс күйіне қайтару үшін тек қолмен тазалау жеткіліксіз болады.
Тазалаудан кейін әрдайым зарарсыздандыру және стерильдеуді орындауыңыз қажет.
• Мөлшерлегішті жұмыс күйіне қайтару үшін тек қолмен зарарсыздандыру жеткіліксіз
болады. Зарарсыздандырудан кейін әрдайым стерильдеуді орындауыңыз қажет.
• Мөлшерлегішті 1 сағат қолданғаннан кейін қолмен тазалаңыз және зарарсыздандырыңыз.
• Мөлшерлегішті қолмен зарарсыздандыру үшін әрдайым изопропил спирті (<20%)
мен төрттік аммоний тұздарының (<0,3%) ерітіндісін (мыс., CaviWipes®) пайдалану
керек. Байланысу уақыты бойынша таңдалған зарарсыздандыру құралы өндірушісінің
нұсқауларын орындаңыз.
• Құрамында фенолды, йодофорлы немесе органикалық ерітінділері (мыс., спирт) бар
зарарсыздандырғыш ерітінділерді пайдалансаңыз, уақыт өте келе құрылғының беттерінде
дақтар пайда болуы мүмкін.
• Мөлшерлегішті зарарсыздандыру мақсатында орташа деңгейде зарарсыздандыруға
рұқсат етілген (спораларға қарсы белсенді емес).
• Мөлшерлегішпен келесі әрекеттерді орындауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
- химиялық бумен, құрғақ жылумен немесе суық химиялық стерилизаторларға батыру
арқылы стерильдеу;
- зарарсыздандырғыш сұйықтықтарға батыру, себебі бұл өнім түсінің немесе пішінінің
бұзылуына әкелуі мүмкін;
- аспаптарды жууға арналған машиналармен немесе термодезинфекторлармен тазалау/
зарарсыздандыру;
- ультрадыбыстық ванналарда тазалау.
• Мөлшерлегішті автоматты зарарсыздандыру тәсілдерін пайдаланып зарарсыздандыруға
рұқсат етілмейді.
• Мөлшерлегішті сақтауға қолайлы жерге қоймай тұрып, оны әрдайым тазалау,
зарарсыздандыру және стерильдеу қажет.
• Пайдалану алдында мөлшерлегішті әрдайым стерильдеу қажет.
• Мөлшерлегішті және сөрені стерильдеу температурасы 132°C градустан аспауы тиіс.
• Мөлшерлегішті стерильдеу үшін автоклавта бумен стерильдеу тәсілін қолдануға рұқсат
етіледі.
• Стерильдеуден кейін мөлшерлегіш пен сөрені стерильдеу қаптамасында, шашырайтын
дене сұйықтықтарынан немесе аэрозольден қорғалған жабық, таза және құрғақ жерде
сақтау қажет.
• Мөлшерлегішті қайта пайдаланбай тұрып, стерильдеу қаптамасын тексеріп алыңыз. Егер
қаптама зақымдалған немесе суланған болса, пайдаланар алдында мөлшерлегіш пен
сөрені қайта қалпына келтіріңіз.
6.2.1 ҚҰРЫЛҒЫНЫ БӨЛШЕКТЕУ:
a. АЛҒАШҚЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
1. Phillips бұрауышын пайдаланып, сөрені бекітіп тұрған екі дискінің бұрандаларын алыңыз (1.1 сур.).
2. Екі дискіні алып тастап, қара тетікті басыңыз (1.2/1 сур.) және сөрені (1.2/2 сур.) көрсетілген бағытта
тартып алыңыз.
3. Осыған дейін бұрап алынған бұрандаларды пайдаланып, сөредегі дискілерді ауыстырыңыз (1.3 сур.).
4. Мөлшерлегіш құрастырылды (1.4 сур.) және тазалауға, зарарсыздандыруға және стерильдеуге дайын
(6.2.2, 6.2.3 және 6.2.4 бөлімдерін қараңыз).
b. ӘР ПАЙДАЛАНУДАН КЕЙІН
1. Ластанған мөлшерлегішті таза, жабық контейнерге салып, тазалауға және зарарсыздандыруға арналған
бөлмеге апарыңыз.
2. Бір реттік қақпағын / оқшаулағыш тысын алыңыз.
3. Ластанған қолғапты шешіп, қолыңызды зарарсыздандырыңыз және таза қолғап киіңіз.
4. Мөлшерлегіштегі қара тетікті басыңыз (2.1/1 сур.) және сөрені жүрісінің басына қарай тартыңыз (2.1/2
сур.).

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis