Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Zhermack D2 Bedienungsanleitung Seite 114

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 21
5. Картридж құлпын көтеріңіз (2.2/1 сур.). Картриджді мөлшерлегіштен алып (2.2/2 сур.), оны картридж
өндірушісі берген нұсқаулар бойынша тазалаңыз және зарарсыздандырыңыз.
6. Phillips бұрауышын пайдаланып, сөрені бекітіп тұрған екі дискінің бұрандаларын алыңыз (2.3 сур).
7. Екі дискіні алып тастап, қара тетікті басыңыз (2.4/1 сур.) және сөрені (2.4/2 сур.) көрсетілген бағытта
тартып алыңыз.
8. Осыған дейін бұрап алынған бұрандаларды пайдаланып, сөредегі дискілерді ауыстырыңыз (2.5 сур.).
9. Мөлшерлегіш құрастырылды (2.6 сур.) және тазалауға, зарарсыздандыруға және стерильдеуге дайын
(6.2.2, 6.2.3 және 6.2.4 бөлімдерін қараңыз).
6.2.2 ҚОЛМЕН ТАЗАЛАУ
1. СӨРЕНІҢ БЕТТЕРІН ТАЗАЛАУ (1.4 және 2.6 сур. көрсетілген B компоненті):
1.a Изопропил спирті (<20%) мен төрттік аммоний тұздарының (<0,3%) ерітіндісіне (мыс., CaviWipes®)
батырылған тоқылмаған шүберекті пайдаланып, сөренің барлық беттерін 30 секунд бойы сүртіңіз.
Лас жерлері көрініп тұрса, қосымша шүберектерді қолданыңыз.
1.b Сөренің барлық беттерін қылдары жұмсақ щеткамен (мыс., тіс щеткасымен) 30 секунд бойы тазалап,
кірдің қалған іздерін кетіріңіз. Қажет болса, щеткамен тазалауды кір қалмағанша жалғастырыңыз.
1.c Жуғыш құралдың қалдықтарын кетіру үшін сөренің барлық беттерін таза әрі тозбаған, суланған (таза
суға батырылған, бірақ су тамшыламайтын) шүберекпен кем дегенде екі (2 рет) сүртіп шығыңыз. Қажет
болса, қосымша шүберектерді қолданыңыз.
2. СӨРЕНІҢ ОЙЫҚТАРЫН ТАЗАЛАУ (1.4 және 2.6 сур. көрсетілген A компоненті):
2.a Изопропил спирті (<20%) мен төрттік аммоний тұздарының (<0,3%) ерітіндісіне (мыс., CaviWipes®)
батырылған және тоқылмаған шүберекті пайдаланып, оны барлық саңылауларынан өткізу арқылы
сөренің барлық ойықтарын 30 секунд бойы сүртіңіз. Лас жерлері көрініп тұрса, қосымша
шүберектерді қолданыңыз.
2.b Сөренің барлық ойықтарын қылдары жұмсақ щеткамен (мыс., тіс щеткасымен) 30 секунд бойы тазалап,
кірдің қалған іздерін кетіріңіз. Қажет болса, щеткамен тазалауды кір қалмағанша жалғастырыңыз.
2.c Жуғыш құралдың қалдықтарын кетіру үшін сөренің барлық ойықтарын таза әрі тозбаған, суланған (таза
суға батырылған, бірақ су тамшыламайтын) шүберекпен кем дегенде екі (2 рет) сүртіп шығыңыз. Қажет
болса, қосымша шүберектерді қолданыңыз.
3. МӨЛШЕРЛЕГІШТІҢ БЕТТЕРІН ТАЗАЛАУ (1.4 және 2.6 сур. көрсетілген B компоненті):
3.a Изопропил спирті (<20%) мен төрттік аммоний тұздарының (<0,3%) ерітіндісіне (мыс., CaviWipes®)
батырылған тоқылмаған шүберекті пайдаланып, мөлшерлегіштің барлық беттерін 30 секунд бойы
сүртіңіз. Лас жерлері көрініп тұрса, қосымша шүберектерді қолданыңыз.
3.b Мөлшерлегіштің барлық беттерін қылдары жұмсақ щеткамен (мыс., тіс щеткасымен) 2 минут және 30
секунд бойы тазалап, кірдің қалған іздерін кетіріңіз. Қажет болса, щеткамен тазалауды кір қалмағанша
жалғастырыңыз.
3.c Жуғыш құралдың қалдықтарын кетіру үшін мөлшерлегіштің барлық беттерін таза әрі тозбаған, суланған
(таза суға батырылған, бірақ су тамшыламайтын) шүберекпен кем дегенде екі (2 рет) сүртіп шығыңыз.
Қажет болса, қосымша шүберектерді қолданыңыз.
4. МӨЛШЕРЛЕГІШТІҢ ОЙЫҚТАРЫН ТАЗАЛАУ (1.4 және 2.6 сур. көрсетілген B компоненті):
4.a Изопропил спирті (<20%) мен төрттік аммоний тұздарының (<0,3%) ерітіндісіне (мыс., CaviWipes®)
батырылған тоқылмаған шүберекті пайдаланып, оны мөлшерлегіштің барлық ойықтарының
арасынан және сөрені ұстап тұрған бөлікке өткізу арқылы 30 секунд бойы сүртіңіз. Лас жерлері
көрініп тұрса, қосымша шүберектерді қолданыңыз.
4.b Сөренің барлық ойықтарын қылдары жұмсақ щеткамен (мыс., тіс щеткасымен) 30 секунд бойы тазалап,
кірдің қалған іздерін кетіріңіз. Қажет болса, щеткамен тазалауды кір қалмағанша жалғастырыңыз.
4.c Жуғыш құралдың қалдықтарын кетіру үшін сөренің барлық ойықтарын таза әрі тозбаған, суланған (таза
суға батырылған, бірақ су тамшыламайтын) шүберекпен кем дегенде екі (2 рет) сүртіп шығыңыз. Қажет
болса, қосымша шүберектерді қолданыңыз.
6.2.3 ҚОЛМЕН ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ
1. Изопропил спирті (<20%) мен төрттік аммоний тұздарының (<0,3%) ерітіндісіне (мыс., CaviWipes®)
батырылған тоқылмаған шүберекті пайдаланып, мөлшерлегіш пен сөренің барлық беттері мен

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis