Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

3M Versaflo V-500E Bedienungsanleitung Seite 60

Druckluftregler
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Versaflo V-500E:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 8
K
Осы нұсқауларды 3M™ Versaflo™ V-500E регуляторы туралы
анықтамалық парақшамен бірге оқыңыз, сол жерден мыналар туралы
ақпарат табасыз:
Жоғарғы қорғаныс жиынтығы бекітілген
Қосалқы бөлшектер
Аксессуарлар
3M™ Versaflo™ V-500E регуляторының жинағында мыналар болуы тиіс:
a) V-500E құрылғысы (белдік жəне ысқырықпен)
b) Пайдалану бойынша нұсқау
c) Еске салу ақпараты
^
Бұйымды талаптарға сəйкес жəне тиісінше пайдалану үшін жергілікті
ережелерді сақтаңыз, берілген барлық ақпаратпен танысыңыз немесе
қауіпсіздік техникасы саласындағы маманнан / 3М өкілінен кеңес
алыңыз. (Жергілікті байланыстар туралы ақпарат).
3M™ Versaflo™ V-500E регуляторы мақұлданған дулығалардың бірімен
(анықтамалық парақшаны қараңыз) пайдалануға арналған.
Бұл өнім EN14594 (Тыныс алу жолдарын қорғау құрылғылары – Үздіксіз
ағынмен сығылған ауа беретін тыныс алу аппараттары) стандартының
талаптарына сай.
Реттелмелі регулятор/ауа берілуін реттеу құрылғысы белге орнатылып,
ішкі, ауыстырмалы көмір сүзгімен, ескерту ысқырығымен жəне кірістірілген
дыбыс бəсеңдеткішпен жабдықталады. Регуляторда аэрозольді бояу
жабдығын немесе пневматикалық құралдарды қабылдай алатын 1/4
дюймдік BSP қабылдағыш саңылау мен қосымша шығару саңылауы бар.
Осы бұйымдар Еуропалық Қауымдастықтың 89/686/ЕЕС Директивасы
(Жеке қорғану құралдары бойынша Директива) талаптарына сəйкес
келеді, сондықтан СЕ белгісімен белгіленген.
Сертификаттау ЕҚ типтік үлгісінің 10-бабы мен ЕҚ сапаны қадағалау
11-бабына сай осы өнімдер кіретін жүйе үшін BSI, Kitemark суд,
Дэви-авеню, Knowlhill, Милтон Кейнс MK5 8PP, Ұлыбританияда жүргізілген
(Өкілетті органның 0086 номері ).
Бұл респираторды барлық нұсқауларды ұстана отырып пайдалану керек:
- осы кітапшадағы нұсқау,
- жүйенің басқа құрамдас бөліктерімен бірге берілетін нұсқаулар
(мысалы, V-500E анықтамалық парақша, дулығаның пайдалану бойынша
нұсқаулары).
Ласатаушы заттардың шоғыралануы жоғарғы қорғанысты пайдалану
бойынша нұсқаулықта көрсетілген көрсеткіштерден артық болған
жағдайда ешқашан қолданбаңыз.
Осы бұйымды тыныс жолдарын белгісіз атмосфералық ластағыш
заттардан немесе ластағыш заттардың концентрациясы белгісіз немесе
адам өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын ортада қорғау үшін
пайдаланбаңыз.
Осы бұйымды оттегінің мөлшері 19,5% аз ортада пайдаланбаңыз (3М
анықтамасы: кейбір елдер оттегі мөлшерінің жеткіліксіздігіне қатысты өз
шектеулерін қолдануы мүмкін. Күмəніңіз болса, кеңес сұраңыз).
Тек қана анықтама брошюрасында көрсетілген жоғарғы қорғаныс жəне
қосымшалар/аксессуарлармен ғана жəне техникалық спецификацияда
ұсынылған пайдалану шарттары шегінде ғана қолдану керек.
Бұйымды тек оны пайдалануға үйретілген қызметкерлер пайдаланулары
тиіс.
Келесі жағдайларда жұмыс аймағынан тез шығыңыз:
a) Eгер жүйенің кез келген бір бөлігі бүлінсе.
b) қорғаушы дуылғаға берілетін ауа ағыны азайса немесе тоқтап қалса.
c) тыныс алу қиындаса.
d) Басыңыздың айналуы немесе басқа ауру пайда болса.
e) Ауызыңызда ластағыш заттардың дəмін, иісін сезінсеңіз немесе теріңіз
қыши бастаса.
Бұл бұйымда ешқандай түрде түрлендірмеңіз жəне өзгертпеңіз. Бұйымның
тозған қосалқы бөлшектерін тек 3М түпнұсқа қосалқы бөлшектерімен
алмастырыңыз.
Бұл бұйымда оттегін немесе оттегімен байытылған ауаны пайдаланбаңыз.
Жарылыс қауіпті ортада пайдалану қажет болған жағдайда, 3М
техникалық қызмет бөлімінен кеңес алыңыз.
+4°C-тан төмен температураларда қолданған кезде, аппарат қатып
қалмау үшін, жұтылатын ауадағы ылғал құрамын бақылауда ұстаған жөн.
Əрдайым мыналарды қамтамасыз етіңіз:
берілетін ауа көзінің белгілі болуы;
берілетін ауаның таза болуы;
Берілетін ауаның сапасы тыныс алуға жарамды болуы, EN12021.
Ауамен жабдықтау жүйесінің мүмкіндіктері оған жалғанған
пайдаланушылардың барлығын қанағаттандыратындығын тексеріңіз
Егер көмекші порт арқылы пневматикалық керек-жарақтар жалғайтын
кезде, керек-жарақ ауа ағыны талаптары бойынша ауаны барынша
тұтынғанда, дулығаға баратын ауа ағының кемінде ең төменгі жағдайлары
болуын қамтамасыз етіңіз.
Жүйенің жұмыс жылдамдығы өте жоғары жəне тарту ағындары күшті
болған кезде үстіңгі қысым теріс мəнді болуы мүмкін
Бұл өнім тек жұмыс жағдайларында, сығылған ауа беретін түтіктің
зақымдану қаупі төмен жəне киюшінің қозғалыстары шектелген жерлерде
пайдаланылуы тиіс. Сығылған ауа беру жүйесі тиісті түрде бағаланып,
реттелген қысымды босататын қауіпсіздік клапанымен жабдықталуы тиіс.
Бұл құрылғылар тасымалы сығылған ауа беру жүйелерімен қоланылмауы
тиіс.
Бұйымның пайдаланушының терісіне тиюі мүмкін бөліктерінің
материалдары адамдардың көпшілігінде аллергия туғызатыны туралы
ақпарат жоқ.
Берілген өнім құрамында табиғи резеңке латекстен жасалған құрамдас
бөліктер жоқ
Жоғарғы қорғаныс маркіленуін анықтау үшін, жоғарғы қорғанысты
пайдалану бойынша тиісті нұсқаулықтарды қараңыз
The V-500E регуляторы EN14594 бойынша таңбаланған.
V-500E регуляторы өндірілген күнімен таңбаланған.
Сығылған ауаны беру құбырлары тиісінше EN14594, EN270 жəне/немесе
EN1835 деп таңбаланған.
Олар сондай-ақ келесі түрде таңбаланған: - 308-00-35P жəне 308-00-40P А
(EN14594) классты қондырғымен қолдануға жарамды «A» деп
таңбаланған. 308-00-72P Жылуға төзімді жəне Антистатикалық деп
таңбаланған.
Тексерілген аппарат толық жабдықталған, бүлінбеген жəне дұрыс
жиналған болуы тиіс. Кез-келген бүлінген немесе ақаулы бөлшектер
дуылға пайдаланылғанға дейін 3М түпнұсқа қосалқы бөлшектерімен
алмастырылуы тиіс.
Алдын ала, жоғарғы қорғанысты пайдаланбас бұрын, пайдалану бойынша
тиісті нұсқаулықта көрсетілгендей оның конструкциясын тексеріңіз.
Қабылдау ниппельдері алғашқы пайдалану алдында V-500E регуляторына
қондырылып, ауа өткізбейтіндей етіп тығыздалуы керек (мақұлданған 3M
ниппельдерінің тізімін V-500E анықтамалық парақшасынан қараңыз).
Ниппельдер жинақпен берілген шайбалардың көмегімен қондырылып,
динамометриялық кілтпен 15Nm ± 1Нм-ге дейін тартылуы тиіс.
1. Тиісті кеңірдекті таңдаңыз (анықтама брошюрасын, бекітілген 3М
кеңірдектер тізімін қара.) жəне оның жоғарғы шетін жоғарғы қорғаныс
конструкциясына қосыңыз.
Тыныс алу түтігінің байонет ұшындағы (яғни, регуляторға жалғанған
ұшындағы) тығыздағышта тозу немесе зақым белгілері бар-жоғын
тексеріңіз. Егер тығыздағыш тозса, тыныс алу түтігі ауыстырылуы тиіс.
2. Белдікті V-500E регуляторымен беліңізге ыңғайлап дұрыстап алып,
бекітіңіз де, тыныс алу түтігінің төменгі ұшын құрылғының шығару
саңылауына жалғаңыз.
3. Пайдалану бойынша тиісті нұсқаулықта көрсетілгендей жоғарғы
қорғанысты реттеңіз.
4. Сығылған ауа беру түтігін қосымша 3M Aircare – ауа сүзу құрылғысы
мен V-500E регулятордың арасында жалғап, ауа сүзу құрылғысындағы
қысым «Техникалық сипаттама» бөлімінде сипатталғандай болуын
қамтамасыз етіңіз.
5. Дулығаға кемінде ең төменгі ауа ағыны баруын қамтамасыз етіп,
барынша қолайлы болу үшін, V-500E регуляторындағы ауа ағынын
реттеңіз. (Егер ең төменгі ауа ағынынан төмендеп кетсе, ескерту
ысқырығы дыбыс шығарады – «Ақаулықтарды табу» бөлімін қараңыз).
60

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis