Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch 0 607 251 102 Originalbetriebsanleitung Seite 179

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-580-004.book Page 179 Monday, September 19, 2016 3:53 PM
179 | Қaзақша
Жинау
Жеткізу көлемі
Барлық пневматикалық құралдар орнатылған қысқышпен
бірақ алмалы-салмалы аспапсыз жеткізіледі.
Сенімді пайдалану аспаптары
 Егер пневматикалық құралды ілгіш немесе қысқыш
аспапта пайдалану керек болса, ауа жетістіруді
қосудан алдын аспапты бекітіңіз. Осымен кездейсоқ
пайдаланудың алдын аласыз.
Ілгіш аспап
0 607 251 102/... 261 10.
Ілгішпен 6 пневматикалық құралды ілгіш аспапта бекіту
мүмкін.
 Жүйелік түрде ілгіш күйін және ілгіш аспаптың
ілгегін тексеріңіз.
Қысқыш аспап
0 607 253 10./... 254 100
– Берілген қысу аймағында 15 пневматикалық құралды
қысқыш аспабында бекіту мүмкін. Толық қысу орнын
пайдаланыңыз. Қысу орны кішірек болса қысу күштері
қаттырақ әсер етеді.
Шығатын ауа жүйесі
Шығатын ауа жүйесімен шығатын ауаны шлангпен жұмыс
орнынан ары бағыттап бір уақытта оптималды дыбыс
өткізбеуге жету мүмкін. Сондай-ақ жұмыс шарттарын да
жақсартасыз, өйткені жұмыс орны майлы ауамен
ластанбайды немесе шаң мен жоңқа көтерілмейді.
0 607 251 102/... 252 103/... 253 10.
(А суретін қараңыз)
– Бәсеңдеткішті ауа шығуынан 12 шығарып, шлангтық
келте құбырымен 5 алмастырыңыз.
– Шланг қамыттарын 18 ауа шығару шлангында 17
босатып ауа шығару шлангын келте құбыр 5 үстінен
шланг қамытын тартып бекітіңіз .
0 607 254 100/... 260 10./... 261 10.
(В суретін қараңыз)
– Ауаны жұмыс орнынан ары бағыттайтын шығатын ауа
шлангын (орталық) 20, ауа құйылу шлангы 19 үстінен
орнатыңыз. Сосын пневматикалық құралды ауа
жетісітруге қосып („Ауа жетістіруге қосылу", 179бетін
қараңыз) ауа шығуы шлангын (орталық) 20 орнатылған
ауа жетісітру үстінен құрал аяғына тартыңыз.
Ауа жетістіруге қосылу (C суретін қараңыз)
 Ауа қысымы 6,3 бардан (91 пси) төмен болмауына
көз жеткізіңіз, өйткені пневматикалық құрал осы
жұмыс қысымына арналған.
Максималды қуатқа жету үшін шлангтың жарықтағы ені
мен қосылу ойығы көлемі „Техникалық мәліметтер"
кестесінде көрсетілгенлей болуы қажет. Толық қуатты
сақтау үшін шлангтардың максималды ұзындығы 4 м
болуы қажет.
1 609 92A 37S | (19.9.16)
Жеткізілген сығылған ауа бөгде дене мен ылғалдықтан бос
болуы қажет, өйткені пневматикалық құралды
зақымданудан, ластанудан немесе зеңден қорғау қажет.
Ескертпе: Сығылған ауа қызмет көрсету құрылғысын
пайдалану керек. Бұл құрылғы арқылы пневматикалық
құралдың мінсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мүмкін.
Қызмет көрсету құрылғысының пайдалану
нұсқаулықтарын орындаңыз.
Барлық арматура, біріктіру құбырлары мен шлангтар
қысым және талап етілген ауа көлеміне сай ретте
орындалуы қажет.
Жеткізу шлангтарының жаншылмауына, иілмеуіне немесе
жартылмауына көз жеткізіңіз!
Қажет болса ауа кіруінде манометрмен пнематикалық
құралды қосып қысымды өлшеңіз.
Ауа жетістіруінің пневматикалық құралға қосылуы
– Шлангтық келте құбырды 5 ауа кірісінің 11 біріктіретін
келте құбырына бұрап кіргізіңіз.
Пневматикалық құралдың ішкі клапан бөлшектерін
зақымдамау үшін, шлангтық келте құбырды 5 ауа
кірісінің 11 алдындағы біріктіретін келсе құбырына
бұрап кіргізу немесе шығару кезінде жазылма кілттімен
(кілт көлемі 22 мм) тіреңіз.
– Шланг қамыттарын 18 ауа құйылу шлангында 19
босатып ауа құйылу шлангын келте құбыр 5 үстінен
шланг қамытын тартып бекітіңіз .
Ескертпе: Ауа құйылу шлангын алдымен пневматикалық
құралға сосын қызмет көрсету құрылғысына қосыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру
(D суретін қараңыз)
 Алмалы-салмалы аспаптарды орнатқанда олардың
тұтқалары аспап патронында бекем тұруына көз
жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап тұтқасы аспап
патронына терең салынбаса, одан шығып босап,
басқару мүмкін болмауы ықтимал.
 Тек қана мінсіз, тозбаған алмалы-салмалы
аспаптарды пайдаланыңыз. Ақауы бар алмалы-
салмалы аспаптар бұзылып, жарақат пен зиян келтіруі
мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспапты кемінде 10 мм қысу
керек. Егерр тұтқаның жарықтағы көлемі
ұсынылған ұзындықтан артса максималды
айналымдар санын қысқарту керек.
 Тек сәйкес зақымдалмаған айыр тәрізді кілтті
пайдаланыңыз („Техникалық мәліметтерді"
қараңыз).
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Қысқыш 22 пен қысқыш сомын 3 бұл пневматикалық
құралда бір бірлік болады. Осылай алмалы-салмалы
аспапты 1 алатын қысқыш зақымданудан қорғалады.
– Ажарлау шпинделін 4 айыр тәрізді кілтпен 21 кілт
аймағында 8 қысыңыз.
– Қысқыш сомынды 3 айыр тәрізді кілтпен 23 кілт
аймағында 9 сағат тіліне қарсы бұрап босатыңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis