орнату аяқталысымен «Установка времени» түймешігін басыңыз, дисплейде ағымдағы
уақыт сағаттарының индикаторы жыпылықтай бастайды.
3. «Время приготовления» түймешігін басып, сағаттардың мәнін қадамдап өзгертіңіз.
Түймешікті үш секундтан көп ұстасаңыз, мән жылдам өзгере бастайды.
4. Уақытты орнату аяқталысымен «Подогрев/Отмена» түймешігін басыңыз немесе уақыт
индикаторы жыпылықтағанын қойғанша бірнеше секунд күтіңіз.
Әзірлеу уақытын орнату
REDMOND RMC-M70 мультипісіргішінде әр бағдарлама үшін әдепкі орнатылған әзірлеу
уақытын қолмен өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Тапсырылған уақыттың өзгерту қадамы
мен ықтимал диапазоны таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты.
1. «Установка времени» түймешігін басыңыз, минуттар индикаторы жыпылықтай бастай-
ды. «Время приготовления» түймешігін басып, минуттардың мәнін қадамдап өзгертіңіз.
Түймешікті үш секундтан көп ұстасаңыз, мән жылдам өзгере бастайды.
2. «Установка времени» түймешігін басыңыз, сағаттар индикаторы жыпылықтай бастай-
ды. «Время приготовления» түймешігін басып, сағаттардың мәнін қадамдап өзгертіңіз.
Түймешікті үш секундтан көп ұстасаңыз, мән жылдам өзгере бастайды.
3. Әзірлеу уақытын бір сағаттан аз орнату керек болғанда сағатты орнату режимінде
«Время приготовления» түймешігін дисплейден сағат индикаторы кеткенше
бірізділікпен басыңыз. «Установка времени» түймешігін басыңыз, минуттар индика-
торы жыпылықтай бастайды. «Время приготовления» түймешігін бірізділікпен басып,
минуттардың қажетті мәннін орнатыңыз.
4. Жасалған орнатылымдарды болдырмау үшін «Подогрев/Отмена» түймешігін басыңыз.
Қажет болғанда бүкіл әзірлеу бағдарламасын қайта енгізіңіз.
Автоматты бағдарламаны қолмен өзгерткенде аспап бірден ең аз әзірлеу уақытын
орнатады.
REDMOND RMC-M70 мультипісіргіші энергияға тәуелсіз жадыға ие. Электр қоректену
10 минутқа дейін уақытша өшкенде шегерілген стартты қоса, барлық тапсырылған тең-
шелімдер сақталады.
Функция «Отложенный старт» («Шегерілген старт» функциясы)
Автоматты әзірлеу бағдарламасы орындалуы қажет дәл уақытты тапсыруға мүмкіндік
береді. Әзірлеу үдерісін 10 минут орнату қадамымен 10 минуттан 24 сағатқа дейін аралықта
шегеруге болады. Аспап ас ең жиі әзірленетін уақытты сақтауға мүмкіндік беретін екі
тәуелсіз таймермен жабдықталған.
Таймерді теңшеу үшін:
1. «Меню» түймешігін басып автоматты бағдарламаны таңдаңыз.
2. «Отложенный старт» түймешігін басып, «ТАЙМЕР 1» немесе «ТАЙМЕР 2» таңдаңыз.
3. «Установка времени» түймешігін басып, таймерде сағатты орнату режимін қосыңыз,
сағат индикаторы жыпылықтай бастайды.
66
4. «Время приготовления» түймешігінің көмегімен қажетті сағат мәнін орнатыңыз (ор-
нату қадамы — 1 сағат).
5. «Установка времени» түймешігін қайта басып, таймерде минуттарды орнату режимін
қосыңыз, минуттар индикаторы жыпылықтай бастайды.
6. «Время приготовления» түймешігінің көмегімен қажетті минуттар мәнін орнатыңыз
(орнату қадамы — 10 минут).
7. Уақытты орнату аяқталысымен «Старт» басыңыз. «Старт», «Подогрев/Отмена» және
«Отложенный старт» түймешіктерінің индикаторы жанады. Дисплейде ағам дайын-
дығының уақыты көрінеді.
«Шегерілген старт» функциясында уақытты орнатқанда кейбір бағдарламаларда уақыттың
есептелуі тек аспап тапсырылған жұмыс температурасына келгенде басталатынын есепке
алу керек.
Дайын тағам температурасын ұстау функциясы (автоысыту)
Автоысыту таңдалған әзірлеу бағдарламасы іске қосылумен бірге автоматты түрде қосы-
лады және ол аяқталғанда дайын тағам температурасын 70-75°С деңгейінде 24 сағат
ішінде ұстай алады. Автоысыту қосылғанда «Подогрев/Отмена» түймешігінің индикаторы
жанады, әзірлеу бағдарламасы аяқталысымен дисплейде осы режимде жұмыс істеу уақы-
тының есептелуі көрінеді.
Асты 80°С қоса дейін температурада әзірлеген жағдайда автоысыту функциясы әдеп-
кі өшеді.
Әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен автоысытуды ылғи қосудың керегі
жоқ. Мұны есепке алғанда REDMOND RMC-М70 мультипісіргішінде негізгі әзірлеу бағдар-
ламасы іске қосылған немесе жұмысы кезінде осы функцияны алдын ала өшіру мүмкін-
дігі қарастырылған. Бағдарлама басталған соң автоысытуды алдын ала өшіру үшін
«Подогрев/Отмена» түймешігінің индикаторы өшкенше «t°С / Автоподогрев Вкл/Выкл»
түймешігін басып ұстаңыз. Автоысытуды қайта қосу үшін «t°С / Автоподогрев Вкл/Выкл»
түймешігін тағы бір рет басып ұстаңыз, «Подогрев/Отмена» түймешігінің индикаторы
жанатын болады. Бұл функция сол сияқты кейінге қалдырылған стартты қолдану кезін-
де жұмыс істейді.
Тағамды ысыту функциясы
REDMOND RMC-M70 мультипісіргішін суық тағамды ысыту үшін пайдалануға болады.
Дайын тағамды табаққа салыңыз, аспаптың корпусына орнатыңыз, қақпақты жауып, «По-
догрев/Отмена» түймешігін басыңыз. Тағам 70-75°С дейін ысытылады және ыстық күйде
24 сағаттың ішінде ұсталуы мүмкін. «Подогрев/Отмена» түймешігін қайта бассаңыз, ысы-
ту өшеді. Автоысытуды өшіру үшін «Подогрев/Отмена» түймешігін басыңыз.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда әрекеттердің жалпы тәртібі
МАҢЫЗДЫ! Егер сіз суды қайнатуға арналған құралды қолдансаңыз (мысалы, өнімдерді
пісіру үшін), дайындау температурасын 100°С-дан жоғары қоюға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.