Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GIS 1000 C Professional Originalbetriebsanleitung Seite 264

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GIS 1000 C Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-2270-005.book Page 264 Wednesday, September 21, 2016 5:29 PM
264 | Қaзақша
Терминология түсініктемелері
Инфрақызыл жылылық сәулеленуі
Инфрақызыл жылылық сәулеленуі бұл әр денеден
шығатын электрмагниттік сәулелену. Сіулеленуі көлемі
дене температурасы мен эмиссия дәрежесіне
байланысты.
Эмиссия дәрежесі
Нысандың эмиссия дәрежесі материал мен бетінің
құрылымына байланысты. Ол дене идеалды сәуле
таратушыға салыстырғанда (қара бене, эмиссиялық
дәреже =1) қанша инфрақызыл жылылық сәулелерін
таратуын көрсетеді.
Жылылық көпірі
Жылылық көпірі ретінде керекті болмаған жылылықты
сыртқа немесе ішіне өткізіп осылай қабырғаның қалған
немесе керекті температурасынан қатты айрылатын
нысан есептеледі.
Жылылық көпірінде беттік температура қалған бөлме
температурасынан төмен болуы себебінен, осы жайларда
зең басу қауіпі жоғары болады.
Салыстырмалы ауа ылғалдығы
Салыстырмалы ауа ылғалдылығы ауада қанша су буы бар-
лығын білдіреді. Дерек ауа қабылдай алатын максималды
су буынының пайыздық мәні ретінде көрсетіледі. Макис-
малды су буының көлемі температураға байланысты:
температура қанша жоғары болса, ауа сонша көп су буын
қабылдауы мүмкін.
Егер салыстырмалы ауа ылғалдылығы тым жоғары болса,
зең басу қауіпі көтеріледі. Тым төмен ауа ылғалдылығы
денсаулыққа жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Еру нүктесінің температурасы
Еру нүктесінің температурасы ауадағы бу конденсациялану
температурасын білдіреді. Еру нүктесінің температурасы
салыстырмалы ауа ылғалдылығына және ауа темпера-
турасына байланысты.
Егер беттің температурасы еру нүктесінің температу-
расынан төмен болса, онда су бұл бетте конденсация-
ланады. Екі температура айырмашалығы неғұрлым үлкен
болса және салыстырмалы ауа ылғалдылығы неғұрлым
жоғары болса соғұрлым қатты болады.
Беттегі конденсат зең басудың бас себебі болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын тек түпнұсқалық орам немесе қорағағыш
қалта (керек-жарақ) сияқты сәйкес орамда сақтаңыз не-
месе тасымалдаңыз. Оны, мысалы, пластик қалтада сақта-
маңыз, оның булары ауа ылғалдылығы мен қоршау темпе-
ратурасы сенсорын 5 зақымдауы мүмкін. Өлшеу құралына
сенсорға жақын ешбір жапсырманы жабыстырмаңыз.
Өлшеу құралын ауа ылғалдылығы 30 – 50 % аралығынан
тыс болатын жайда ұзақ уақыт сақтамаңыз. Егер өлшеу
1 609 92A 211 | (21.9.16)
құралы тыс ылағалды немесе тым құрғақ жайда сақталса,
онда іске қосуда қате өлшеулер орындалуы мүмкін.
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Тазалауда өлшеу құралына ешбір сұйықтық тимеуі тиіс.
Әсіресе ауа ылғалдылығы мен қоршау температура
сенсорын 5, камераны 22, қабылдау линзасын 23, шамды
24 және лазер шығыс тесіктерін 2 абайлап тазалаңыз:
камерада, қабылдау линзасында немесе лазер шығыс
тесіктерінде қылшық жатпауына көз жеткізіңіз. Камера,
қабылдау линзасы мен лазер шығыс тесіктерін тек
линзалар мен фотоаппараттарға арналған құралдармен
тазалаңыз. Өткір затпен сенсор, камера немесе қабылдау
линзасынан ласты жоюға әрекет жасамаңыз, және камера
мен қабылдау линзасын сүртпеңіз (қыру қауіпі).
Жөндеу үшін өлшеу құралын түпнұсқалық орамда немесе
қорғау қалтасында (керек-жарақ) жіберіңіз.
Егер өлшеу құралыңызды қайта калибрлеуді қаласаңыз,
Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз
("Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері"
бөлімін қараңыз).
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өлшеу құралының зауыттық
тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis