4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
немесе электр сымдарының жоқтығына
көз жеткізіңіз.
■ Егер зарядтау құрылғысы қабырғаға осы
қолдану нұсқаулығында сипатталғанға
сәйкес құрастырылса, онда зарядтау
құрылғысы немесе аккумулятор құлап кетуі
мүмкін немесе зарядтау құрылғысы тым
ысып кетуі мүмкін. Адамдар жарақат алуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
► Зарядтау құрылғысын осы қолдану
нұсқаулығында сипатталғандай етіп,
қабырғаға орнатыңыз.
■ Егер зарядтау құрылғысы қабырғаға
кіріктірме аккумуляторымен бірге
орнатылатын болса, аккумулятор зарядтау
құрылғысынан түсіп қалуы мүмкін. Адамдар
жарақат алуы және оларға материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Алдымен зарядтау құрылғысын
қабырғаға орнатыңыз, сосын
аккумуляторды енгізіңіз.
4.10
Тасымалдау
4.10.1
Көгалшапқыш
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш тасымалдау кезінде
аударылып немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
► Көгалшапқышты төңкерілмейтіндей және
қозғалмайтындай етіп кергіш
таспалармен, белдіктермен немесе
тормен бекітіңіз.
4.10.2
Аккумулятор
Сақтандыру
■ Аккумулятор қоршаған ортаның әсерінен
қорғалмаған. Егер аккумулятор қоршаған
ортаның белгіленген әсерлеріне ұшыраса,
онда аккумулятор бұзылуы және бүлінуі
мүмкін.
► Жарамсыз аккумуляторды
тасымалдамаңыз.
■ Аккумуляторды тасымалдау кезінде, ол
төңкерілуі немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды қаптамаға салғанда, ол
жылжымауы керек.
0478-131-9800-B
► Қаптаманың жылжымайтындығына көз
жеткізіп, оны бекітіңіз.
4.10.3
Қуаттағыш
Сақтандыру
■ Қуаттағышты тасымалдау кезінде, ол
төңкерілуі немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және оларға
материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Штепсельді айырды розеткадан
суырыңыз.
► Аккумуляторды алып тастаңыз.
► Бекіту белбеуімен, белдігімен немесе
торқапшығымен бірге қуаттағышты
төңкерілмейтін және жылжымайтын
болатындай бекіту керек.
■ Біріктіруші сым қуаттағышты тасымалдауға
арналмаған. Біріктіруші сым және
қуаттағыш жарамсыз болуы мүмкін.
► Біріктіруші сымды тарқатыңыз және
қуаттағышқа қосыңыз.
4.11
Сақтау шарттары
4.11.1
Көгалшапқыш
Сақтандыру
■ Балалар көгалшапқыштың қауіптілігін тани
және бағалай алмауы мүмкін. Балалар
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
► Көгалшапқышты балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
■ Көгалшапқыштағы электр түйіспелері мен
металл бөлшектері ылғалдан коррозияға
ұшырауы мүмкін. Көгалшапқыш
зақымдалуы мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
► Көгалшапқышты таза және құрғақ күйде
сақтаңыз.
■ Егер сақтау барысында аккумулятор
орнында болса, пышақ кенет қосылып кетуі
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы және
мүлікке зиян келтірілуі мүмкін.
► Аккумуляторды шығарыңыз.
қазақ
431