Herunterladen Diese Seite drucken

Philips HD9100 Bedienungsanleitung Seite 221

Werbung

Ескертпе
Кейбір ингредиенттер пісіру уақыты бойынша арасында
шайқауды немесе аударуды талап етеді («Тағам кестесін»
қараңыз). Ингредиенттерді шайқау үшін кастрюльмен бірге
табаны тартып шығарыңыз да, оны ыстыққа төзімді жұмыс
үстелінің үстіне қойыңыз, себетті шығару үшін себетті босату
түймесін басып қақпағын ашыңыз, себетті раковинаның үстінде
шайқаңыз. Содан кейін себетті табаға салыңыз да, оларды
қайтадан құрылғыға салыңыз.
Егер таймерді пісіру уақытының жартысына қойсаңыз, таймер
қоңырауын естисіз, бұл ингредиенттерді шайқайтын немесе
аударатын уақыт келді деген сөз. Таймерді қалған пісіру уақытына
қайта орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.
8 Таймер қоңырауы естілген кезде, пісіру уақытының
өткенін білдіреді.
Ескертпе
Құрылғыны қолмен өшіруге болады. Ол үшін таймер тұтқасын
0 мәніне (сағат тіліне қарсы) бұрап қойыңыз; сағат тілімен
бұрағанға қарағанда бұған аздап күш кетеді.
9 Табаны тартыңыз да, ингредиенттердің дайын екенін
тексеріңіз.
Ескерту
Пісіру процесі аяқталғаннан кейін аэрогриль табасы ыстық
болады. Табаны құрылғыдан шығарған кезде оны әрдайым
ыстыққа төзімді жұмыс үстелінің үстіне қойыңыз (мысалы,
ыдыс астына қоятын төсем және т.б.).
Ескертпе
Ингредиенттер әлі дайын болмаса, табаны тұтқасынан ұстап,
аэрогрильдің ішіне қарай сырғытыңыз, сосын біраз қосымша
минут қосыңыз.
ҚАЗАҚ
221

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Hd9100/20