Herunterladen Diese Seite drucken

Philips HD9100 Bedienungsanleitung Seite 212

Werbung

212ҚАЗАҚ
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбастан бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият
оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
-
Құралды ыстық газ плитасының немесе электр плитасы
мен электр табаларының барлық түрлерінің үстіне немесе
жанына, не болмаса қыздырылған пештің ішіне қоймаңыз.
-
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға да, оны
ағын судың астында да шаюға да болмайды.
-
Ток соғу қаупін алдын алу үшін, құралға су немесе басқа
сұйықтық кірмеу керек.
-
Қыздыру элементіне тимеуі үшін, қуырылатын
ингредиенттерді әрдайым себетке салыңыз.
-
Құрал жұмыс істеп жатқанда, ауа кіретін және шығатын
тесіктерді жаппаңыз.
-
Табаға май құймаңыз. Өрт шығуы мүмкін.
-
Штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзі зақымданған
болса, құралды қолданбаңыз.
-
Жұмыс істеп жатқанда, құралдың ішін қолмен ұстамаңыз.
-
Ешқашан себетте көрсетілген максималды деңгейден
асатын тамақ көлемін салмаңыз.
-
Пештің таза болуын және онда тағам қалдықтарының
болмауын әрқашан тексеріңіз.
Абайлаңыз
-
Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін,
оны Philips, оның қызмет агенті немесе сол сияқты кәсіби
мамандар алмастыруы тиіс.
-
Құралды тек жерге тұйықталған қабырға розеткасына ғана
қосуға болады. Әрдайым ашаның қабырға розеткасына
дұрыс салынғанын тексеріңіз.
-
Бұл құрал сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқаруға арналмаған.
-
Пайдалану барысында құралдың ұстауға келетін жерлері
ысып кетуі мүмкін.
-
Бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар мен
физикалық, сезу немесе ойлау қабілеттері шектеулі не
болмаса тәжірибесі және білімі аз адамдар қадағалаумен
немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар
алған және байланысты қауіптерді түсінген жағдайда
пайдалана алады. Балалар құралмен ойнамауы керек. 8
жасқа толмаған балалар ересектің қадағалауынсыз тазалау
және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізбеуі
тиіс.
-
Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
-
Құралды қабырғаға қарсы немесе басқа да құралдарға
қарсы қоймаңыз. Құралдардың артында, екі жағынан және

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Hd9100/20