Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Redmond RMC-M4502 Bedienungsanleitung Seite 44

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RMC-M4502:
Inhaltsverzeichnis
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 15
Дайын тағам температурасын ұстау функциясы (автоысыту)
Автоысыту таңдалған әзірлеу бағдарламасы іске қосылумен бірге автоматты түрде
қосылады және ол аяқталғанда дайын тағам температурасын 70–75°С деңгейінде
24 сағат ішінде ұстай алады. Автоысыту қосылғанда «Поддержание тепла / Отмена»
түймешігінің индикаторы жанады, әзірлеу бағдарламасы аяқталысымен дисплейде
осы режимде жұмыс істеу уақытының есептелуі көрінеді.
Қажет кезде «Поддержание тепла / Отмена» батырмасын басып, автожылытуды
сөндіруге болады.
Тағамды ысыту функциясы
REDMOND RMC-M4502 мультипісіргішін суық тағамды ысыту үшін пайдалануға болады.
Дайын тағамды табаққа салыңыз, аспаптың корпусына орнатыңыз, қақпақты жауып,
«Поддержание тепла / Отмена» түймешігін басыңыз. Тағам 70–75°С дейін ысытылады
және ыстық күйде 24 сағаттың ішінде ұсталуы мүмкін. «Поддержание тепла / Отмена»
түймешігін қайта бассаңыз, ысыту өшеді. Автоысытуды өшіру үшін «Поддержание
тепла / Отмена» түймешігін басыңыз.
Автожылыту және жылыту функциялары арқасында мультипісіргіш өнімдерді
24 сағатқа дейін ыстық күйінде сақтай алады, алайда біз тағамды ыстық күйінде
2-3 сағаттан астам қалдыруды ұсынбаймыз, себебі бұл оның дәмдік қасиеттерінің
өзгеруіне алып келуі мүмкін.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда әрекеттердің жалпы тәртібі
1. Қажетті құрамдастарды дайындаңыз (өлшеңіз).
2. Құрамдастарды әзірлеу бағдарламасына сәйкес мультипісіргіш табағына
орналастырыңыз және оны аспаптың корпусына енгізіңіз. Сұйықтықпен қоса,
барлық құрамдастар табақтың ішкі бетіндегі ең жоғары белгіден төмен
болғанын байқаңыз. Табақ қисаймай орнатылғанына және қыздыру элементіне
тығыз тиетініне көз жеткізіңіз.
3. Мультипісіргіш қақпағын сыртыл естілгенше жабыңыз. Аспапты электр желіге қосыңыз.
4. «Меню» түймешігін басып, қажетті әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз (дисплейде
тиісті бағдарламаның индикаторы жанады).
5. Егер бағдарламада азық түрін таңдау қарастырылса, «Вид продукта» түймешігін
(«МУЛЬТИПОВАР», «ПАР», «ЖАРКА» бағдарламалары үшін) немесе «ВАРКА»
түймешігін («ВАРКА» бағдарламасы үшін) басып тиісті бағдарламаны таңдаңыз.
Әр ішкі бағдарлама үшін аспап дисплейінде көрінетін әзірлеу уақытының
өзіндік мәні әдепкі орнатылған.
6. Әдепкі орнатылған уақыт мәнін өзгерте аласыз.
Қажет кезде стартты кейінге қалдыру уақытын орната аласыз. «Отложенный
старт» функциясы «ЖАРКА» және «ПАСТА» бағдарламаларын пайдаланылғанда
қол жетімсіз.
7. Әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін «Старт» түймешігін басыңыз. «Старт» және
«Поддержание тепла / Отмена» түймешіктерінің индикаторлары жанады. Орнатылған
бағдарлама орындала бастайды және әзірлеу уақыты керісінше есептеледі. «ПАР»
бағдарламасында керісінше есеп су қайнап, табақта жеткілікті тығыздық болған
соң басталады; «МУЛЬТИПОВАР» , «ЖАРКА» бағдарламаларында — аспап жұмыс
режиміне шыққан соң; «ПАСТА» бағдарламасында — табақта су қайнап, азық-
түлік салынып, «Старт» түймешігі қайта басылған соң.
8. Әзірлеу уақыты аяқталғаны туралы дыбыс сигналы ескертеді. Ары қарай аспап
автоысыту режиміне ауысады («Поддержание тепла / Отмена» түймешігінің
индикаторы жанады).
9. Енгізілген бағдарламаны болдырмау, әзірлеу үдерісін немесе автоысытуды үзу
үшін «Поддержание тепла / Отмена» түймешігін басыңыз.
Сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін REDMOND RMC-M4502 мультиқайнатқышына
қоса берілетін аспаздық кітаптағы арнайы осы үлгі үшін шығарылған тағам
дайындау рецепттерін пайдалануды ұсынамыз. Сәйкес рецепттерді
www.redmond.company сайтынан таба аласыз.
Егер, сіздің ойыңызша әдеттегі автоматты бағдарламаларды қажетті
нәтижелерге қол жеткізе алмасаңыз, «МУЛЬТИПОВАР» әмбебап бағдарламасын
пайдаланыңыз. Қолмен баптаудың кеңейтілген ауқымы сіздің аспаздық
тәжірибелеріңіз үшін зор мүмкіндіктер ашады.
44
Downloaded from
www.Manualslib.com
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Осы бағдарлама пайдаланушы тапсырған әзірлеу уақыты мен температура параметрлері
бойынша тағамды әзірлеуге арналған. REDMOND RMC-M4502 мультипісіргіші
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасының арқасында бір қатар асханалық құралды алмастыруы
мүмкін және тағамды іс жүзінде сізге қызық ескі кулинариялық кітапта оқылған немесе
Интернеттен алынған кез келген рецепт бойынша әзірлеуге мүмкіндік береді.
Әдепкі әзірлеу уақыты таңдалған азық түріне байланысты: «ОВОЩИ» («КӨКӨНІС») —
15 минут, «МЯСО» («ЕТ») — 40 минут, «РЫБА» («БАЛЫҚ») — 20 минут. Әдепкі әзірлеу
температурасы — 160°С.
Уақытты қолмен реттеу аралығы: 1 сағатқа дейін аралық үшін 1 минут немесе 5 минут —
12 сағат дейін аралық үшін 5 минут өзгеру қадамымен 1 ден 12 сағатқа.
Температураны қолмен реттеу аралығы («Температура» түймешігі басылып
өзгертіледі): 5°С өзгеру қадамымен 40-160°С.
«ПАР» бағдарламасы (буда әзірлеу)
Буда көкөніс, ет, балық, диеталық және вегетариандық тағамдарды, манты, бала мәзірі
тағамдарын әзірлеуге кеңес беріледі. Әдепкі әзірлеу уақыты азықтың таңдалған
түріне байланысты: «ОВОЩИ» («КӨКӨНІС») — 10 минут, «МЯСО» («ЕТ») — 40 минут,
«РЫБА» («БАЛЫҚ» — 20 минут). Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен 5
минуттан 1 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады.
Осы бағдарламада әзірлеу үшін арнайы контейнерді пайдаланыңыз (жинаққа кіреді):
1. Табаққа 600-1000 мл су құйыңыз. Табаққа буда әзірлеуге арналған контейнерді
орнатыңыз.
2. Азықты рецептке сәйкес өлшеп дайындаңыз, контейнерге біркелкі салыңыз
және табақты аспап корпусына енгізіңіз. Табақ қыздыру элементіне тығыз
тиетініне көз жеткізіңіз.
3. «Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда әрекеттердің жалпы тәртібі»
тарауының 3-9 т. нұсқауларын ұстаныңыз.
«ЖАРКА» бағдарламасы
Көкөніс, ет, балық, теңіз өнімдері, жартылай фабрикат және т.б. қуыруға кеңес беріледі. Әдепкі
әзірлеу уақыты азықтың таңдалған түріне байланысты: «ОВОЩИ» («КӨКӨНІС») — 10 минут,
«МЯСО» («ЕТ») — 40 минут, «РЫБА» («БАЛЫҚ») — 15 минут. Әзірлеу уақытын 1 минут орнату
қадамымен 5 минуттан 1 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады. Азықты аспаптың қақпағы
ашық тұрғанда қуыруға рұқсат етіледі.
«ТУШЕНИЕ» бағдарламасы
Көкөніс, ет, балық, теңіз өнімдерін бұқтыруға, сонымен қатар ұзақ жылумен өңдеуді
талап ететін іркілдек пен басқа тағамдарды әзірлеуге кеңес беріледі. Тағайындалу
бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут
орнату қадамымен 10 минуттан 12 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады.
«ВАРКА» бағдарламасы
Күріш, қарақұмық пен жармалардан үгілмелі ботқаларды әзірлеуге кеңес беріледі.
Әдепкі әзірлеу уақыты азықтың таңдалған түріне байланысты: «ВАРКА-ЭКСПРЕСC» —
25 минуттан, «ВАРКА-ОБЫЧНАЯ» — 1 сағат, «ВАРКА-КАША» — 10 минут. Әзірлеу уақытын
1 минут орнату қадамымен 5 минуттан 1 сағат 30 минутқа дейін аралықта («ВАРКА-
КСПРЕСС», «ВАРКА-ОБЫЧНАЯ») және 5 минут орнату қадамымен 30 минуттан
2 сағатқа дейін аралықта «ВАРКА-КАША» орнатуға болады.
Сүтті ботқаларды пісіргенде келесіге кеңес беріледі:
дәндері бүтін барлық жарманы мұқият жуу (күріш, қарақұмық, тары және т. б.);
әзірлеудің алдында мультипісіргіш табағына сары май жағу;
рецепттер кітабында көрсетілген қатыстықтарды қатаң ұстану, құрамдастардың
мөлшерін қатыстықпен өзгерту;
майы алынбаған сүтті пайдаланылғанда оны 1:1 қатыстықпен сумен араластыру.
manuals search engine
«ПАСТА» бағдарламасы (макарон әзірлеу)
Макарон өнімдерін, тұшпара, хинкали және т.б. әзірлеуге, жұмыртқа мен сосискі асуға кеңес
беріледі. Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 8 минуттан құрайды.
Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен 2 ден 20 минутқа дейін аралықта қолмен
орнатуға болады. Бағдарламаны іске қосқан соң су қайнағаны туралы хабарлайтын дыбыс
сигналын күтіңіз, құрамдастарды салып, аспап қақпағын жабыңыз және «Старт» түймешігін
басыңыз. Бұдан кейін әзірлеу уақытының керісінше есептелуі басталады.
Кейбір азықты (макарон, тұшпара және т.б.) әзірлегенде көбік қалыптасады. Табақ
сыртына ықтимал ағызбау үшін қақпағын ашып әзірлеуге болады.
«СУП» бағдарламасы
Әртүрлі сұйық тағамды (көже, борщ, рассольник, балық сорпасы, щи, солянка және т. б.),
сонымен қатар компоттар мен сусындарды әзірлеуге кеңес беріледі. Тағайындалу
бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут
орнату қадамымен 10 минуттан 8 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Пісірме әзірлеуге кеңес беріледі (кекс, бисквит, пирог). Тағайындалу бойынша
бағдарламадағы әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату
қадамымен 30 минуттан 4 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
III. ҚОСЫМША МҮМКІНДІКТЕР
Қамырдың толықсытуы
Балалар тағамын әзірлеу
Фондю әзірлеу
Ыдыс-аяқты зарарсыздандыру
Шыжып тұрған майда әзірлеу
Сұйық азық-түлікті пастерлеу
Сүзбе, ірімшік әзірлеу
Стерилдеу
Сондай-ақ рецепт қосу кітабін көріңіз. Сәйкес рецепттерді www.redmond.company
сайтынан таба аласыз.
IV. АСПАП КҮТІМІ
Аспапты тазалауға кірісудің алдында ол электр желіден ажыратылып, толық суығанына
көз жеткізіңіз. Бірінші рет пайдаланудың алдында немесе әзірлеген соң бөтен иісті
кетіру үшін табақ пен аспаптың ішкі қақпағын 9-пайыздық сірке суы ерітіндісімен
сүртуге және жарты лимонды «ПАР-РЫБА» бағдарламасында 15 минуттың ішінде
қайнатуға кеңес беріледі.
Аспапты тазалау үшін жұмсақ мата мен ыдыс жуу құралдарын пайдаланыңыз. Бұйымды
пайдаланған соң бірден тазалауға кеңес береміз.
Тазалаған кезде абразивті заттарды, абразивті жабындысы бар губкаларды және
химиялық агрессивті заттарды пайдалануға тыйым салынады.
Аспаптың корпусын суға батыруға немесе оны су ағындысының астына қоюға тыйым
салынады. Аспап корпусын тазалау қажет болғанда жасалады. Табақты аспапты
пайдаланған сайын тазалауға кеңес беріледі, оны ыдыс жуу машинасында жууға
болады. Тазалау аяқталысымен табақтың сыртқы бетін құрғатып сүртіңіз.
Аспапты пайдаланған сайын ішкі алюминий қақпақ пен бу клапанын тазалауға,
сонымен қатар конденсатты кетіруге кеңес беріледі.
Негізгі қақпақтың төменгі жағындағы екі пластмассалық бекіткішті орталыққа қарай
басып және ішкі қақпақты күш салмай өзіңізге қарай және төмен тартып оны
ажыратыңыз. Екі қақпақ беттерін тазалаңыз және құрғатып сүртіңіз. Одан кейін ішкі
қақпақты негізгісінің қуыстарына енгізіңіз, бекіткіштерді біраз күш салып сыртыл
естілгенше басып, бекітіңіз.
Бу клапаны қақпағын біраз күш салып жоғары және өзіңізге қарай тартып, абайлап
шешіңіз. Көрсеткіштің бағытымен бекіткішті басыңыз және люк қақпағын ашыңыз.
Бөлшектерді жуыңыз, кептіріңіз, біріктіріп жинаңыз және бу клапанын шығаруға
арналған шығыңқы жерін артқа қаратып аспап қақпағына орнатыңыз.
Асты әзірлеу барысында қалыптасатын және табақ айналасында аспап корпусындағы
арнайы қуыста жиналатын конденсат майлықтың көмегімен жеңіл кетеді.
Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis