Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Жабдықтарды Қолдану - Kärcher SC 1 Kurzanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SC 1:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Бұйымды өшіру
 Бұйымды тұрақтылығын қамтамасыз ететін
бетке қойыңыз.
 Электр ашасын электр розеткасына салыңыз.
Бақылау шамы жанады.
Нұсқау
Шамамен 3 минуттан кейін бу тазалағыш жұмысқа
дайын.
 Балалардан қорғау сақтандырғышын жоғары
қарай басыңыз.
 Бу берудің деңгейін реттегішін бу шығатындай
қосыңыз.
Назарыңызда болсын
Бұйымды бірінші рет қолданып тұрған кезде, бу
шүмегінен кішкене түтін бұлты шығуы мүмкін.
Бұйымға жұмыс істеуге бейімделуге кішкене
уақыт қажет. Бастапқыда бу біркелкі емес
шығады жəне ол дымқыл болады, судың
бірнеше тамшылары да шығуы мүмкін.
Жіберіліп отыратын будың мөлшері үнемі
жоғарылап отырады, шамамен бір минуттан
кейін бу жіберудің максималды деңгейіне
жетеді.
Жұмы барысында бұйымды тым қатты бүйіріне
еңкейтпеңіз (еңкейтудің макс. бұрышы - 30°).
Бу тазалағышынан əлі де су ағуда.
Суды еселеп құю
Жұмыс кезінде бу мөлшері азайып, жəне соңында бу
шықпай қойған кезде, бу қазанына суды еселеп құю
қажет.
Нұсқау
Қауіпсіздік қалпақшасы бу қазанының ішінде əлі аз
да болса, қысым болса, ашылмайды.
Сурет
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
 Бу шығуы тоқтамағанша, бу шығару түймешігін
басыңыз. Енді бұйымдың бу қазанында қысым
жоқ.
 Балалардан қорғау сақтандырғышын төмен
қарай басыңыз.
 Бұйымнан қауіпсіздік қалпақшасын бұрап
шығарыңыз.
 Қазанға ең көп дегенде 200 мл таза құбыр суын
құйыңыз.
 Бұйымға қауіпсіздік қалпақшасын нығыз бұрап
жабыңыз.
 Электр ашасын электр розеткасына салыңыз.
 Балалардан қорғау сақтандырғышын жоғары
қарай басыңыз.
Бу тазалағыш жұмысқа дайын.
Бұйымды істен шығару
Сурет
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
 Бу шығуы тоқтамағанша, бу шығару түймешігін
басыңыз. Енді бұйымдың бу қазанында қысым
жоқ.
 Балалардан қорғау сақтандырғышын төмен
қарай басыңыз.
Бұйымды сақтау
Сурет
 Судан босатып алыңыз.
Сурет
 Желілік бауды су сауытына айналдыра ораңыз
да, оны бау ұстағышымен бекітіңіз.
 Бұйымның құрғауына мүмкіндік беріңіз де, кейін
оны қосалқы бұйымдар дорбасына салыңыз.
 Бұйымды құрғақ жəне суық тимейтін жерде
сақтаңыз.
Жабдықтарды қолдану
Маңызды қолдану тұралы нұсқаулары
Жер бетін тазалау
Бу тазалағышын қолданбас бұрын еденді сыпыру не
шаңсорғылау ұсынылады. Осылайша еден ылғалды
тазалау алдында кір/бос қоқыстан тазаланады.
Тоқыманы жаңарту
Тоқыма бұйымдарын тазалауды бастамас бұрын,
алдымен көрінбейтін аймақта тоқыманың бу əсеріне
тұрақтылығын тексеру қажет. Алдымен бумен
тазалаңыз да, кептіріп, матаның түсі, пішіні өзгеруін
тексеріңіз.
Қапталған, жалатылған немесе лакталған
беттерді тазалау
Ас бөлмесінің жəне үй жиһазы, есіктер, паркет
сияқты лакталған немесе жасанды материалдармен
қапталған беттерді тазалаған кезде, балауыз, жиһаз
политурасы, жасанды материалдардан жасалған
беттер жəне сыр бөлініп, түсіп қалуы, дақтар пайда
болуы мүмкін. Осы беттерді тазалау кезінде матаны
кішкене құрғатыңыз жəне беттерін сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жапсырылған жиектерге буды бағыттамаңыз,
себебі жабыстырғыш түсіп қалуы мүмкін.
Бұйымды лак жағылмаған ағаш немесе паркет
едендерді тазалау үшін пайдаланбаңыз.
Əйнектерді тазалау
Суық ауа райы кезінде, əсіресе қыста, терезе
əйнектерін, əйнек бетін бумен ақырындап өңдеп,
жылытыңыз. Осылайша, əйнекте жарықшақтардың
пайда болуына əкелуі мүмкін əйнек бетінің
деформациялану кернеуі түседі.
Содан кейін терезе бетін қол бүріккішімен жəне
қаптамамен тазалаңыз. Судан босату үшін ракельді
қолданыңыз немесе беттерін құрғақ етіп сүртіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Терезе жақтауының лакпен қапталған жерлеріне
нұқсан келтіріп алмас үшін, буды оған қарай
бағыттамаңыз.
Бу шүмегі / бу пистолеті
Сіз бу шүмегін немесе бу пистолетін саптамаларсыз
да пайдалана аласыз, мысалы:
ілулі тұрған киімдегі иістер мен бүрмелерді
кетіру үшін оларды 10-20 см қашықтықтан
бумен өңдеңіз.
шаңды ылғалды кетіру үшін, осы мақсатта
шүберекті аздап бумен өңдеп, онымен жиһазды
сүртіңіз.
– 7
KK
119

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Sc 1 premium + floor kitSc 1 premiumSc 1 + floor kit

Inhaltsverzeichnis