Herunterladen Diese Seite drucken

Жалпы Нұсқаулар; Бұйымды Мақсатына Сəйкес Қолдану; Қоршаған Ортаны Қорғау; Керек-Жарақ Жəне Қосалқы Бөлшектер - Kärcher SC 4 EasyFix Iron Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SC 4 EasyFix Iron:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Мазмұны
Жалпы нұсқаулар............................................... 181
Қоршаған ортаны қорғау ................................... 181
Жеткізілім жинағы .............................................. 181
Кепілдік ............................................................... 181
Қорғаныс құрал-жабдықтары ............................ 181
Құрылғының сипаттамасы................................. 182
Орнату ................................................................ 182
Пайдалану .......................................................... 183
Қондырмаларды қолдану .................................. 184
Ақаулар кезіндегі көмек ..................................... 187
Техникалық мағлұматтар .................................. 188

Жалпы нұсқаулар

Құрылғыны алғаш рет қолданбас
бұрын, осы пайдалану жөніндегі
түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз.
Оларға сай əрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да əрі қарай пайдалану немесе келесі
иесі үшін сақтап қойыңыз.
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
Бұйымды үй шаруашылығында ғана қолданыңыз.
Құрал буды тазартуға арналған жəне оны осы
нұсқаулықта сипатталғандай сəйкес
толымдаушылармен қолдануға болады. Тазартқыш
құралдар қажет емес. Қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқауларды орындаңыз.

Қоршаған ортаны қорғау

Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.

Жеткізілім жинағы

Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Əр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік
шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық
немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда,
ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз
жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз
болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе
жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына
түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайы артқы жағында берілген)

Қорғаныс құрал-жабдықтары

АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-
жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
Бұйымдағы белгілер
(Бұйым түріне байланысты)
Күю қаупі бар, жұмыс кезінде
құрылғының беті қызады
Будан күю қаупі бар
Пайдалану нұсқаулығын оқып
шығыңыз
Жұмыс кезінде қысым реттегіші бу қазанындағы
қысымды мүмкіндігінше тұрақты ұстайды. Бу
қазанында максималды жұмыс қысымына жеткен
кезде, қыздыру өшіріледі, ал бу тару кезінде қысым
төмен түскен кезде қайта қосылады.
Сақтандырғыш термостат
Сақтандырғыш термостат құрылғының қызып
кетуінің алдын алады. Қысым реттегіші мен қазан
термостаты істен шыққан жəне құрылғы қызып
кететін жағдайда, сақтандырғыш термостат
құрылғыны өшіреді. Сақтандырғыш термостатты
өшіру үшін, KÄRCHER өкілетті сервистік қызметіне
жүгініңіз.
Қазақша

Кепілдік

Қысым реттегіші
181

Quicklinks ausblenden:

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Sc 4 easyfix premium iron