қазақ
7 Шөп жинағыш
Шөп жинағыш шабылған шөпті жинайды.
8 Иінтірек
Иінтірек бас тұтқаны реттеу және жинау
үшін пайдаланылады.
9 Лақтырманың қақпағы
Лақтырманың қақпағы лақтырма науасын
жабады.
10 Тұтқа
Тұтқа кесік биіктігін реттеген кезде
көгалшапқышты ұстап тұру және
көгалшапқышты тасымалдау үшін
пайдаланылады.
11 Иінтірек
Иінтірек кесік биіктігін реттеу үшін
пайдаланылады.
12 Қақпақ
Қақпақ аккумуляторды жауып тұрады.
13 Тасымалдау тұтқасы
Тасымалдау тұтқасы көгалшапқышты
тасымалдау үшін пайдаланылады.
14 Құлып
Құлып қапталдан түсіріп тастау қақпағын
жабық күйде сақтайды.
15 Қапталдан түсіріп тастау қақпағы
Қапталдан түсіріп тастау қақпағы
қапталдан түсіріп тастау саңылауын
жабады.
16 Қапталдан түсіріп тастау саңылауы
Қапталдан түсіріп тастау саңылауы
шабылған шөпті бір жаққа қарай
бағыттайды.
17 Иінтірек
Иінтірек кіріктірілген жапқышты ашу және
жабу үшін қолданылады.
18 Ұзартқыш
Ұзартқыш шабылған шөпті бүйір жағынан
жерге қарай бағыттайды.
19 Пышақ
Пышақ шөпті шабады және жабындайды.
20 Үнемдеу режимінің қосқышы
Үнемдеу режимінің қосқышы үнемдеу
режимін қосып өшіреді.
21 Тоқтатқыш иінтірек
Тоқтатқыш иінтірек аккумуляторды
аккумулятор бөлімінде ұстап тұрады.
22 1-аккумулятор бөлімі
1-аккумулятор бөліміне аккумулятор
салынады.
446
23 2-аккумулятор бөлімі
2-аккумулятор бөліміне қосалқы
аккумулятор салынады.
24 Аккумулятор
Аккумулятор көгалшапқышты электр
қуатымен жабдықтайды.
25 Батырма
Батырма аккумулятордағы жарық
диодтарын іске қосады. Ол Bluetooth®
сигналы интерфейсін (бар болса) қосады
және өшіреді.
26 Жарық диодтары
Жарық диодтары аккумулятор зарядының
деңгейін және ақауларды көрсетеді.
# Машина нөмірі жазылған фирмалық
тақтайша
3.2
Белгілер
Белгілер көгалшапқышта, аккумуляторда
және қуаттау құрылғысында болуы мүмкін
және келесі мағынаны білдіреді:
Өнімдердің шуыл эмиссиясын
L
салыстыруға мүмкіндік беретін,
WA
2000/14/EC директивасына сәйкес
dB(A) өлшем бірлігімен алынған
кепілді дыбыстық қуат деңгейі.
Пышақты қосыңыз.
Қозғалғыш механизм жетегін
қосыңыз.
Кесік биіктігін реттеңіз.
Шөп жинағыштың толтыру
индикаторы.
Жапқышты ашуға және жабуға
арналған иінтірек.
Бұл белгі үнемдеу режимінің
ECO
ECO
қосқышын білдіреді.
1 жарық диоды қызыл түспен жанып
тұр. Аккумулятор қатты қызып кетті
немесе тым суық.
4 жарық диоды қызыл түспен
жыпылықтап тұр. Аккумуляторда
ақау орын алды.
3 Шолу
0478-131-9871-A