2 Осы Пайдалану нұсқаулығы туралы ақпарат
2
Осы Пайдалану
нұсқаулығы туралы
ақпарат
2.1
Қолданылатын құжаттар
Бұл пайдалану жөніндегі нұсқаулық
өндірушінің 2006/42/EC ЕҚ директивасына
сәйкес түпнұсқа пайдалану нұсқаулығының
аудармасы болып табылады.
Жергілікті қауіпсіздік техникасының ережелері
қолданылады.
► Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа
қоса төмендегі құжаттарды оқып шығыңыз,
түсініп алыңыз және сақтап қойыңыз:
– STIHL аккумуляторы қауіпсіздік
техникасының нұсқаулары AK
– STIHL қуаттау құрылғыларының
пайдалану жөніндегі
нұсқаулығы AL 101, 301, 500
– STIHL аккумуляторлары және кіріктірілген
аккумуляторы бар өнімдер бойынша
қауіпсіздік туралы ақпарат: www.stihl.com/
safety-data-sheets
2.2
Мәтіндегі ескертулердің
таңбаламасы
Қауіп
■ Ескерту, ауыр жарақат келтіруі немесе
өлімге себеп болуы мүмкін қауіптілікті
білдіреді.
► Аталған шаралар, күрделі жарақаттан
немесе өлімнен құтылуға көмектеседі.
Сақтандыру
■ Ескерту, ауыр жарақат келтіруі немесе
өлімге себеп болуы мүмкін қауіптілікті
көрсетеді.
► Аталған шаралар, күрделі жарақаттан
немесе өлімнен құтылуға көмектеседі.
Нұсқау
■ Ескерту, мүліктік нұқсан келтіруі мүмкін
қауіптілікті көрсетеді.
► Аталған шаралар, мүлікке нұқсан
келтіруден құтылуға көмектеседі.
2.3
Мәтіндегі нышандар
Бұл нышан осы Пайдалану
нұсқаулығындағы бір тарауға қатысты
болып келеді.
0478-131-9871-A
3
Шолу
3.1
Көгалшапқыш және
аккумулятор
1 Құлыптау түймесі
Құлыптау түймесі шабу жетегінің
берілістерді ауыстыру айырымен бірге
пышақты қосып өшіреді.
2 Шабу жетегінің қосқыш иінтірегі
Шабу жетегінің
берілістерді ауыстыру айыры құлыптау
түймесімен бірге пышақты қосып өшіреді.
3 Бас тұтқа
Бас тұтқа көгалшапқышты ұстау, бағыттау
және тасымалдау үшін пайдаланылады.
4 Қозғалғыш механизм жетегінің берілістерді
ауыстыру айыры
Қозғалғыш механизм жетегінің қосқыш
иінтірегі қозғалғыш механизм жетегін
қосып өшіреді.
5 Иінтірек
Иінтірек қозғалғыш механизм жетегінің
жылдамдығын реттеу үшін қолданылады.
6 Шөп жинағышты толтыру индикаторы
Шөп жинағышты толтыру индикаторы шөп
жинағыштың толтырылу деңгейін
көрсетеді.
қазақ
445