қазақ
► Қақпақты (1) тұтқасынан (2) ұстап,
тірелгенше ашып, ұстап тұрыңыз.
► Аккумуляторды (3) ұстап тұрып, құлыптау
иінтірегін (4) басыңыз.
Аккумулятор құлыптан босатылады.
► Аккумуляторды (3) шығарыңыз.
► Қақпақты (1) жауып қойыңыз.
11 Көгалшапқышты қосу
және өшіру
11.1
Пышақты қосу және өшіру
11.1.1
Пышақты қосу
► Көгалшапқышты аудармаңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Құлыптау түймесін (1) оң қолмен басып
тұрыңыз.
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын (2) сол қолмен бас тұтқаға (3) қарай
толықтай тартып, бас бармақ бас
тұтқада (3) жататындай етіп ұстаңыз.
Пышақ айналып тұрады.
► Құлыптау түймесін (1) жіберіңіз.
► Бас тұтқаны (3) және шабу
жетегінің берілістерді ауыстыру айырын (2)
оң қолмен бас бармақ бас тұтқада (3)
жататындай етіп ұстаңыз.
11.1.2
Пышақты өшіру
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын жіберіңіз.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша күтіңіз.
► Пышақ айналуын жалғастырса:
аккумуляторды шығарыңыз және STIHL
делдалына жолығыңыз.
Көгалшапқыш ақаулы.
460
11 Көгалшапқышты қосу және өшіру
11.2
Қозғалғыш механизм жетегін
қосу және өшіру
11.2.1
Қозғалғыш механизм жетегін қосу
Иінтіректің көмегімен барынша жоғары
қозғалыс жылдамдығын 5 деңгей бойынша
алдын ала таңдауға болады. Иінтіректі
бағытымен жылжытқанда, барынша жоғары
жылдамдық көтеріледі, ал
жылжытқанда, жылдамдық төмендейді.
күйінде қозғалғыш механизм жетегі
ажыратылады.
Қозғалғыш механизм жетегінің берілістерді
ауыстыру айырының көмегімен жылдамдықты
2,0 км/сағ шамасынан алдын ала таңдалған
максималды жылдамдыққа дейін біркелкі
реттеуге болады. Қозғалғыш механизм
жетегінің берілістерді ауыстыру айыры бас
тұтқаға қарай қаншалықты тартылса,
жылдамдық соншалықты жоғары болады,
21.1.
Реттелген жылдамдық аккумулятордың
қызмет ету уақытына әсер етеді. Жылдамдық
қаншалықты төмен болса, аккумулятордың
қызмет ету уақыты соншалықты ұзақ болады.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Пышақты қосу
► Иінтіректі (1) қажетті күйіне орнатыңыз.
► Қозғалғыш механизм жетегінің берілістерді
ауыстыру айырын (2) бас тұтқаға (3) қарай
толықтай тартып, бас бармақ бас
тұтқада (3) жататындай етіп ұстаңыз.
Көгалшапқыш қозғала бастайды.
11.2.2
Қозғалғыш механизм жетегін өшіру
► Қозғалғыш механизм жетегінің берілістерді
ауыстыру айырын жіберіңіз.
► Көгалшапқыш тоқтағанша күтіңіз.
► Көгалшапқыш қозғалысты жалғастырса:
аккумуляторды шығарыңыз және STIHL
делдалына жолығыңыз.
Көгалшапқыш ақаулы.
бағытымен
0478-131-9871-A