8.2 Екі жақты бас тұтқаны
жинау (RME 339)
Қысылу қаупі бар!
Айналмалы тұтқаны босату
арқылы бас тұтқаның жоғарғы
бөлігін жинауға болады.
Сондықтан айналмалы тұтқаны
бұрап шығарған кезде бас
тұтқаның жоғарғы бөлігін бір
қолмен ең жоғарғы нүктеде
ұстаңыз.
Тасымалдау күйі (құрылғыны тазарту,
ықшам тасымалдау жəне тұмшалау
үшін):
● Айналмалы тұтқаны (1) еркін
айналмағанша босатыңыз.
● Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (2) алға
қарай еңкейтіңіз.
Жұмыс күйі (құрылғыны жылжыту
үшін):
● Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін (2)
артқа аударыңыз жəне бір қолмен
ұстап тұрыңыз.
● Айналмалы тұтқаларды (1) толық
бұрап бекітіңіз. Шоғырсымды
ұстаушының (3) дұрыс позициясын
қадағалаңыз.
8.3 Кесу биіктігінің
орталықтандырылған реттеуі
5 кесік биіктігін таңдауға болады.
1-деңгей = 30 мм
5-деңгей = 70 мм
Ұлыбританияға арналған
көгалшапқыш:
6 кесік биіктігін таңдауға болады.
506
S деңгейі = 20 мм
5-деңгей = 70 мм
7
Зақымдалуға жол бермеу үшін ең
төмен кесік биіктігі тек
бұдырлары жоқ газондарда
пайдаланылуы керек.
Кесік биіктігін реттеу:
● Биіктікті реттеуге арналған
тұтқаны (1) көгалшапқыштан сəл ары
итеріңіз де, шығыңқы жерлер (2)
тұтқаны босатуы керек.
● Ең жоғары кесік биіктігі:
Көгалшапқышты биіктікті реттеуге
арналған тұтқамен (1) көтеріңіз
(тұтқа алға қарай жылжиды).
Ең төмен кесік биіктігі:
Көгалшапқышты биіктікті реттеуге
арналған тұтқамен (1) төмен итеріңіз
(тұтқа артқа қарай жылжиды).
● Биіктікті реттеуге арналған
тұтқаны (1) көгалшапқышқа қарай
басыңыз да, шығыңқы жерлер (2)
тұтқаға бекітілуі керек. Таңдалған
кесік биіктігі алдыңғы шығыңқы
жерде (3) оқылуы мүмкін.
8.4 Шөп жинағыш
Ілу:
● Лақтырманың қақпағын (1)
ашып, ұстап тұрыңыз.
● Шөп жинағышты (2) түйреуішпен (3)
8
құрылғының артқы жағындағы
саңылауларға (4) іліңіз.
● Лақтырманың қақпағын (1) жабыңыз.
Алу:
● Лақтырманың қақпағын (1) ашып,
ұстап тұрыңыз.
● Шөп жинағышты (2) көтеріп, артқа
қарай шығарыңыз.
● Лақтырманың қақпағын (1) жабыңыз.
8.5 Шөпжинағышты толтыру
индикаторы
Пышақтан пайда болған ауа
ағыны шөпжинағышты толтыру
индикаторын (1) көтереді. Шөп
жинағыш толы болса, ауа ағыны тоқтап
қалады. Ауа ағыны тым аз болса,
шөпжинағышты толтыру индикаторы (1)
қозғалыссыз күйге қайтып оралады. Бұл
шөп жинағышты босатуға нұсқау болып
табылады.
Шөпжинағышты толтыру
индикаторының ақаусыз жұмысы тек
оңтайлы ауа ағынында қамтамасыз
етіледі. Ылғалды, тығыз немесе биік
шөп, төмен кесік деңгейлері, ластану
немесе т.с.с. басқа əсерлер ауа
ағынына жəне шөпжинағышты толтыру
индикаторының жұмысына кедергі
келтіруі мүмкін.
A Шөп жинағыш толтырылды
B Шөп жинағыш толтырылуда:
● Толған шөп жинағышты босатыңыз
(
11.5).
9
10
0478 121 9919 C - KK