Herunterladen Diese Seite drucken

Stihl RMA 443.3 PV Gebrauchsanleitung Seite 455

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
10 Аккумуляторды салу және алу
10 Аккумуляторды салу
және алу
10.1
Аккумуляторды салу
Көгалшапқышты екі аккумулятормен
пайдалануға болады. Бір аккумулятор заряды
таусылған болса, құрылғы басқа аккумулятор
бөліміндегі аккумуляторға автоматты түрде
ауысады.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Қақпақты (1) тұтқасынан (2) ұстап,
тірелгенше ашып, ұстап тұрыңыз.
► Аккумуляторды (3) 1-аккумулятор
бөліміне (4) немесе 2-аккумулятор
бөліміне (5) тірелгенше кіргізіңіз.
Аккумулятор (3) шерту дыбысымен орнына
түседі және бекітіледі.
► Екінші аккумуляторды қосымша алып жүру
қажет болса: аккумуляторды басқа
аккумулятор бөліміне (4 немесе 5) салып
қойыңыз.
Аккумулятор сырт еткен дыбыспен орнына
түседі және бекітіледі.
► Қақпақты (1) жауып қойыңыз.
10.2
Аккумуляторды шығару
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Қақпақты (1) тұтқасынан (2) ұстап,
тірелгенше ашып, ұстап тұрыңыз.
► Аккумуляторды (3) ұстап тұрып, құлыптау
иінтірегін (4) басыңыз.
Аккумулятор құлыптан босатылады.
► Аккумуляторды (3) шығарыңыз.
► Қақпақты (1) жауып қойыңыз.
0478-131-9870-A
11 Көгалшапқышты қосу
және өшіру
11.1
Көгалшапқышты іске қосу
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Іске қосу түймесін (1) басыңыз.
Көгалшапқыш іске қосылады.
Үш секундтан кейін алдын ала орнатылған
шабу режимінің индикаторы жанады.
Жарық диодты шамдар (2,3) 1- және 2-
аккумулятор бөлімдеріндегі
аккумуляторлардың заряд деңгейін
көрсетеді.
Бес минут ішінде ешқашан әрекет болмаса,
көгалшапқыш ұйқы режиміне ауысады.
11.2
Пышақты қосу және өшіру
11.2.1
Пышақты қосу
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Іске қосу түймесін (1) басыңыз.
► Үш секунд ішінде шабу режимінің
берілістерді ауыстыру айырын (2) сол
қолмен бас тұтқаға (3) қарай толықтай
тартып, бас бармақ бас тұтқада (3)
жататындай етіп ұстаңыз.
Пышақ айналып тұрады.
► Бас тұтқаны (3) және шабу режимінің
берілістерді ауыстыру айырын (2) оң
қолмен бас бармақ бас тұтқада (3)
жататындай етіп ұстаңыз.
11.2.2
Пышақты өшіру
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын жіберіңіз.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша күтіңіз.
қазақ
455

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Rma 448.3 pvRma 453.3 pvWa40Wa41Wa42