Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

LG MU2R15 Bedienungs- Und Montageanleitung Seite 308

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für MU2R15:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 49
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
8
• Қашықтан басқару пультіндегі барлық батареяларды жаңасымен ауыстырыңыз. Ескі және
жаңа батареяларды немесе әртүрлі батареяларды араластырмаңыз. Өрт немесе құрылғы
ақаулығының орын алу қаупі бар.
• Батареяларды қайта зарядтамаңыз немесе бөлшектемеңіз. Батареяларды отқа
жақындатпаңыз. Олар жанып, жарылуы мүмкін.
• Батареялардан шыққан сұйықтық денеңізге немесе киіміңізге тиіп кетсе, таза сумен
жақсылап жуыңыз. Батареялардан сұйықтық ағып кетсе, қашықтан басқару пультін
пайдаланбаңыз. Батареялардағы химиялық заттар күйдіруі мүмкін немесе денсаулыққа
басқа да кесірін тигізуі мүмкін.
• Батареядан аққан сұйықтықты жұтып қойсаңыз, ауыз қуысын мұқият шайып, содан соң дәрігерге
хабарласыңыз. Бұл талапты орындамау салдарынан денсаулыққа қатты зиян келуі мүмкін.
• Ылғалдылық өте жоғары болған жағдайда және есік немесе терезе ашық қалған жағдайда,
ауа салқындатқыштың ұзақ уақыт бойы қосылуына жол бермеңіз. Ылғал жиналып,
жиһазыңызды сулауы немесе зақымдауы мүмкін.
• Ыстық ауаның тарту күшіне теріңізді, балаларды немесе өсімдіктерді жақындатпаңыз. Бұл
денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
• Өнімнен шыққан суды ішпеңіз. Ол санитарлық талаптарға сай емес және денсаулығыңызға
кері әсерін тигізуі мүмкін.
• Құрылғыны биік жерде тазалағанда, қызмет көрсеткенде немесе жөндегенде берік орындық немесе
тасымалы сатыны пайдаланыңыз. Сақ болыңыз және жеке жарақатты болдырмаңыз.
• Жабдықты механикалық зақымнан қорғалған күйде сақтау керек.
• Қызмет көрсету жұмыстары тек жабдық өндірушісінің ұсыныстарына сәйкес орындалуы
тиіс. Басқа білікті қызметкерлердің көмегі талап етілетін техникалық қызмет көрсету және
жөндеу жұмыстары жанғыш суық агенттерді пайдалану тәжірибесі бар адамның
бақылауымен орындалуы тиіс.
• Құбырлар желісінің минималды көлемі орнатылуы тиіс.
• Механикалық жалғағыштар сыртта қайта пайдаланылған жағдайда, тығыздауыш
бөліктерді жаңарту қажет
• Ернеуі кең қосылымдар іште пайдаланылған жағдайда, ернеуі кең бөлікті қайтадан жасау
қажет.
• Ажыратуға арналған құрылғылар сымдық ережелерге сәйкес тіркелген сымдарға қосылуы
керек.
• Бұл құрылғы физикалық, сезгіштік не ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе бақылауда
болмаса не қауіпсіздік үшін жауапты тұлға тарапынан құрылғыны пайдалануға қатысты
нұсқаулар берілмесе, тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың (балаларды қоса)
пайдалануына арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнамауын бақылау керек.
• Жабдықты қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар берілгенде және қауіпқатерлерді
түсінген жағдайда бұл жабдықты 8 жастан асқан және физикалық, сенсорлық немесе
ақылой қабілеттері шектеулі адамдардың пайдалануына рұқсат етіледі. Балалардың бұл
жабдықпен ойнауына тыйым салынады. Тазалау және техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын балалар бақылаусыз жүргізбеуі тиіс.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis