2. Азықты рецептке сәйкес өлшеп дайындаңыз, контейнерге біркелкі салыңыз және табақты
аспап корпусына енгізіңіз. Табақ қыздыру элементіне тығыз тиетініне көз жеткізіңіз.
3. «Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда әрекеттердің жалпы тәртібі»
тарауының 3-9 т. нұсқауларын ұстаныңыз.
«ЖАРКА» бағдарламасы
Көкөніс, ет, балық, теңіз өнімдері, жартылай фабрикат және т.б. қуыруға кеңес беріледі.
Әдепкі әзірлеу уақыты азықтың таңдалған түріне байланысты: «ОВОЩИ» («КӨКӨНІС»)
— 10 минут, «МЯСО» («ЕТ») — 40 минут, «РЫБА» («БАЛЫҚ») — 15 минут. Әзірлеу уақытын
1 минут орнату қадамымен 5 минуттан 1 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады. Азықты
аспаптың қақпағы ашық тұрғанда қуыруға рұқсат етіледі.
«ТУШЕНИЕ» бағдарламасы
Көкөніс, ет, балық, теңіз өнімдерін бұқтыруға, сонымен қатар ұзақ жылумен өңдеуді талап
ететін іркілдек пен басқа тағамдарды әзірлеуге кеңес беріледі. Тағайындалу бойынша
бағдарламадағы әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату
қадамымен 10 минуттан 12 сағатқа дейін аралықта орнатуға болады.
«ВАРКА» бағдарламасы
Күріш, қарақұмық пен жармалардан үгілмелі ботқаларды әзірлеуге кеңес беріледі. Әдепкі
әзірлеу уақыты азықтың таңдалған түріне байланысты: «ВАРКА-ЭКСПРЕСC» — 25 минут-
тан, «ВАРКА-ОБЫЧНАЯ» — 1 сағат, «ВАРКА-КАША» — 10 минут. Әзірлеу уақытын 1 минут
орнату қадамымен 5 минуттан 1 сағат 30 минутқа дейін аралықта («ВАРКА-КСПРЕСС»,
«ВАРКА-ОБЫЧНАЯ») және 5 минут орнату қадамымен 30 минуттан 2 сағатқа дейін аралықта
«ВАРКА-КАША» орнатуға болады.
Сүтті ботқаларды пісіргенде келесіге кеңес беріледі:
• дәндері бүтін барлық жарманы мұқият жуу (күріш, қарақұмық, тары және т. б.);
• әзірлеудің алдында мультипісіргіш табағына сары май жағу;
• рецепттер кітабында көрсетілген қатыстықтарды қатаң ұстану, құрамдастардың
мөлшерін қатыстықпен өзгерту;
• майы алынбаған сүтті пайдаланылғанда оны 1:1 қатыстықпен сумен араластыру.
«ПАСТА» бағдарламасы (макарон әзірлеу)
Макарон өнімдерін, тұшпара, хинкали және т.б. әзірлеуге, жұмыртқа мен сосискі асуға кеңес
беріледі. Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 8 минуттан құрайды.
Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен 2 ден 20 минутқа дейін аралықта қолмен орнатуға
болады. Бағдарламаны іске қосқан соң су қайнағаны туралы хабарлайтын дыбыс сигналын
күтіңіз, құрамдастарды салып, аспап қақпағын жабыңыз және «Старт» түймешігін басыңыз. Бұдан
кейін әзірлеу уақытының керісінше есептелуі басталады.
Кейбір азықты (макарон, тұшпара және т.б.) әзірлегенде көбік қалыптасады. Табақ
сыртына ықтимал ағызбау үшін қақпағын ашып әзірлеуге болады.
«СУП» бағдарламасы
Әртүрлі сұйық тағамды (көже, борщ, рассольник, балық сорпасы, щи, солянка және т. б.), соны-
мен қатар компоттар мен сусындарды әзірлеуге кеңес беріледі. Тағайындалу бойынша
70
бағдарламадағы әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен
10 минуттан 8 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Пісірме әзірлеуге кеңес беріледі (кекс, бисквит, пирог). Тағайындалу бойынша бағдарламадағы
әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 30 минуттан
4 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
III. ҚОСЫМША МҮМКІНДІКТЕР
• Қамырдың толықсытуы
• Фондю әзірлеу
• Шыжып тұрған майда әзірлеу
• Сүзбе, ірімшік әзірлеу
Сондай-ақ рецепт қосу кітабін көріңіз. Сәйкес рецепттерді www.redmond.company
сайтынан таба аласыз.
IV. АСПАП КҮТІМІ
Аспапты тазалауға кірісудің алдында ол электр желіден ажыратылып, толық суығанына көз
жеткізіңіз. Бірінші рет пайдаланудың алдында немесе әзірлеген соң бөтен иісті кетіру үшін
табақ пен аспаптың ішкі қақпағын 9-пайыздық сірке суы ерітіндісімен сүртуге және жарты
лимонды «ПАР-РЫБА» бағдарламасында 15 минуттың ішінде қайнатуға кеңес беріледі.
Аспапты тазалау үшін жұмсақ мата мен ыдыс жуу құралдарын пайдаланыңыз. Бұйымды
пайдаланған соң бірден тазалауға кеңес береміз.
Тазалаған кезде абразивті заттарды, абразивті жабындысы бар губкаларды және
химиялық агрессивті заттарды пайдалануға тыйым салынады.
Аспаптың корпусын суға батыруға немесе оны су ағындысының астына қоюға тыйым
салынады. Аспап корпусын тазалау қажет болғанда жасалады. Табақты аспапты пайдаланған
сайын тазалауға кеңес беріледі, оны ыдыс жуу машинасында жууға болады. Тазалау
аяқталысымен табақтың сыртқы бетін құрғатып сүртіңіз.
Аспапты пайдаланған сайын ішкі қақпақ пен бу клапанын тазалауға, сонымен қатар
конденсатты кетіруге кеңес беріледі.
Негізгі қақпақтың төменгі жағындағы екі пластмассалық бекіткішті орталыққа қарай
басып және ішкі қақпақты күш салмай өзіңізге қарай және төмен тартып оны ажыратыңыз.
Екі қақпақ беттерін тазалаңыз және құрғатып сүртіңіз. Одан кейін ішкі қақпақты негізгісінің
қуыстарына енгізіңіз, бекіткіштерді біраз күш салып сыртыл естілгенше басып, бекітіңіз.
Бу клапаны қақпағын біраз күш салып жоғары және өзіңізге қарай тартып, абайлап шешіңіз.
Көрсеткіштің бағытымен бекіткішті басыңыз және люк қақпағын ашыңыз. Бөлшектерді
жуыңыз, кептіріңіз, біріктіріп жинаңыз және бу клапанын шығаруға арналған шығыңқы
жерін артқа қаратып аспап қақпағына орнатыңыз.
Асты әзірлеу барысында қалыптасатын және табақ айналасында аспап корпусындағы
арнайы қуыста жиналатын конденсат майлықтың көмегімен жеңіл кетеді.
• Балалар тағамын әзірлеу
• Ыдыс-аяқты зарарсыздандыру
• Сұйық азық-түлікті пастерлеу
• Стерилдеу