Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Redmond RMC-M4502 Bedienungsanleitung Seite 69

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RMC-M4502:
Inhaltsverzeichnis
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 22
«Шегерілген старт» функциясында уақытты орнатқанда кейбір бағдарламаларда
уақыттың есептелуі тек аспап тапсырылған жұмыс температурасына келгенде ба-
сталатынын есепке алу керек.
Егер рецептіде жылдам бұзылатын өнімдер (жұмыртқалар, балғын сүт, ет, ірімшік
және т.б.) болса, Отсрочка старта функциясын пайдалану ұсынылмайды.
Дайын тағам температурасын ұстау функциясы (автоысыту)
Автоысыту таңдалған әзірлеу бағдарламасы іске қосылумен бірге автоматты түрде
қосылады және ол аяқталғанда дайын тағам температурасын 70–75°С деңгейінде 24
сағат ішінде ұстай алады. Автоысыту қосылғанда «Поддержание тепла / Отмена»
түймешігінің индикаторы жанады, әзірлеу бағдарламасы аяқталысымен дисплейде осы
режимде жұмыс істеу уақытының есептелуі көрінеді.
Қажет кезде «Поддержание тепла / Отмена» батырмасын басып, автожылытуды
сөндіруге болады.
Тағамды ысыту функциясы
REDMOND RMC-M4502 мультипісіргішін суық тағамды ысыту үшін пайдалануға болады.
Дайын тағамды табаққа салыңыз, аспаптың корпусына орнатыңыз, қақпақты жауып,
«Поддержание тепла / Отмена» түймешігін басыңыз. Тағам 70–75°С дейін ысытылады
және ыстық күйде 24 сағаттың ішінде ұсталуы мүмкін. «Поддержание тепла / Отмена»
түймешігін қайта бассаңыз, ысыту өшеді. Автоысытуды өшіру үшін «Поддержание тепла
/ Отмена» түймешігін басыңыз.
Автожылыту және жылыту функциялары арқасында мультипісіргіш өнімдерді 24 сағатқа
дейін ыстық күйінде сақтай алады, алайда біз тағамды ыстық күйінде 2-3 сағаттан астам
қалдыруды ұсынбаймыз, себебі бұл оның дәмдік қасиеттерінің өзгеруіне алып келуі мүмкін.
Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда әрекеттердің жалпы тәртібі
1. Қажетті құрамдастарды дайындаңыз (өлшеңіз).
2. Құрамдастарды әзірлеу бағдарламасына сәйкес мультипісіргіш табағына орналастырыңыз
және оны аспаптың корпусына енгізіңіз. Сұйықтықпен қоса, барлық құрамдастар
табақтың ішкі бетіндегі ең жоғары белгіден төмен болғанын байқаңыз. Табақ қисаймай
орнатылғанына және қыздыру элементіне тығыз тиетініне көз жеткізіңіз.
3. Мультипісіргіш қақпағын сыртыл естілгенше жабыңыз. Аспапты электр желіге қосыңыз.
4. «Меню» түймешігін басып, қажетті әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз (дисплейде тиісті
бағдарламаның индикаторы жанады).
5. Егер бағдарламада азық түрін таңдау қарастырылса, «Вид продукта» түймешігін («МУЛЬ-
ТИПОВАР», «ПАР», «ЖАРКА» бағдарламалары үшін) немесе «ВАРКА» түймешігін («ВАР-
КА» бағдарламасы үшін) басып тиісті бағдарламаны таңдаңыз. Әр ішкі бағдарлама үшін
аспап дисплейінде көрінетін әзірлеу уақытының өзіндік мәні әдепкі орнатылған.
6. Әдепкі орнатылған уақыт мәнін өзгерте аласыз.
Қажет кезде стартты кейінге қалдыру уақытын орната аласыз. «Отложенный старт»
функциясы «ЖАРКА» және «ПАСТА» бағдарламаларын пайдаланылғанда қол жетімсіз.
7. Әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін «Старт» түймешігін басыңыз. «Старт» және
«Поддержание тепла / Отмена» түймешіктерінің индикаторлары жанады. Орнатылған
бағдарлама орындала бастайды және әзірлеу уақыты керісінше есептеледі. «ПАР»
бағдарламасында керісінше есеп су қайнап, табақта жеткілікті тығыздық болған соң
басталады; «МУЛЬТИПОВАР» , «ЖАРКА» бағдарламаларында — аспап жұмыс режимі-
не шыққан соң; «ПАСТА» бағдарламасында — табақта су қайнап, азық-түлік салынып,
«Старт» түймешігі қайта басылған соң.
8. Әзірлеу уақыты аяқталғаны туралы дыбыс сигналы ескертеді. Ары қарай аспап автоысы-
ту режиміне ауысады («Поддержание тепла / Отмена» түймешігінің индикаторы жанады).
9. Енгізілген бағдарламаны болдырмау, әзірлеу үдерісін немесе автоысытуды үзу үшін
«Поддержание тепла / Отмена» түймешігін басыңыз.
Сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін REDMOND RMC-M4502 мультиқайнатқышына қоса
берілетін аспаздық кітаптағы арнайы осы үлгі үшін шығарылған тағам дайындау
рецепттерін пайдалануды ұсынамыз. Сәйкес рецепттерді www.redmond.company сай-
тынан таба аласыз.
Егер, сіздің ойыңызша әдеттегі автоматты бағдарламаларды қажетті нәтижелерге
қол жеткізе алмасаңыз, «МУЛЬТИПОВАР» әмбебап бағдарламасын пайдаланыңыз. Қолмен
баптаудың кеңейтілген ауқымы сіздің аспаздық тәжірибелеріңіз үшін зор мүмкіндіктер
ашады.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Осы бағдарлама пайдаланушы тапсырған әзірлеу уақыты мен температура параметрлері
бойынша тағамды әзірлеуге арналған. REDMOND RMC-M4502 мультипісіргіші «МУЛЬТИПОВАР»
бағдарламасының арқасында бір қатар асханалық құралды алмастыруы мүмкін және тағамды
іс жүзінде сізге қызық ескі кулинариялық кітапта оқылған немесе Интернеттен алынған кез
келген рецепт бойынша әзірлеуге мүмкіндік береді.
Әдепкі әзірлеу уақыты таңдалған азық түріне байланысты: «ОВОЩИ» («КӨКӨНІС») — 15
минут, «МЯСО» («ЕТ») — 40 минут, «РЫБА» («БАЛЫҚ») — 20 минут. Әдепкі әзірлеу темпе-
ратурасы — 160°С.
Уақытты қолмен реттеу аралығы: 1 сағатқа дейін аралық үшін 1 минут немесе 5 минут — 12 сағат
дейін аралық үшін 5 минут өзгеру қадамымен 1 ден 12 сағатқа.
Температураны қолмен реттеу аралығы («Температура» түймешігі басылып өзгертіледі):
5°С өзгеру қадамымен 40-160°С.
«ПАР» бағдарламасы (буда әзірлеу)
Буда көкөніс, ет, балық, диеталық және вегетариандық тағамдарды, манты, бала мәзірі
тағамдарын әзірлеуге кеңес беріледі. Әдепкі әзірлеу уақыты азықтың таңдалған түріне
байланысты: «ОВОЩИ» («КӨКӨНІС») — 10 минут, «МЯСО» («ЕТ») — 40 минут, «РЫБА»
(«БАЛЫҚ» — 20 минут). Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен 5 минуттан 1 сағатқа
дейін аралықта орнатуға болады.
Осы бағдарламада әзірлеу үшін арнайы контейнерді пайдаланыңыз (жинаққа кіреді):
1. Табаққа 600-1000 мл су құйыңыз. Табаққа буда әзірлеуге арналған контейнерді орнатыңыз.
RMC-M4502
KAZ
69

Quicklinks ausblenden:

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis