Herunterladen Diese Seite drucken

Bayer Medrad Avanta Gebrauchsanleitung Seite 34

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Medrad Avanta:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 9
Srpski
Кіріспе: берілген нұсқаулықтағы ақпаратты оқып
шығыңыз. Бұл ақпаратты түсіну MEDRAD
шприцінің қызуын сақтайтын элементті дұрыс
пайдалануға көмектеседі.
Қауіпсіздік туралы маңызды хабарлама: MEDRAD
Avanta шприцінің қызуын сақтайтын элемент тиісті
дайындықтан өткен жəне ангиографиялық
процедуралар мен əдістер бойынша тəжірибесі бар
медициналық қызметкерлердің пайдаланылуына
арналған.
Тағайындалуы: MEDRAD Avanta шприцінің қызуын
сақтайтын элемент кардиологияда, радиологияда
жəне васкулярлық хирургияда орындалатын
диагностикалық жəне интервенциялық
ангиографиялық процедураларда пайдалану үшін
MEDRAD Avanta басқыш қабына жүктелген, оператор
алдын ала қыздырған контрасттық заты бар шприцтің
қызуын сақтауға арналған.
Қарсы көрсетілімдері: MEDRAD Avanta инфузиялық
терапияға арналған инъекциялық жүйесінен басқа кез
келген жабдықпен пайдалануға арналмаған.
Сатылымға қатысты шектеулер: АҚШ-тың
федералдық заңнамасы осы жабдықтарды тек
дəрігерлерге немесе олардың тапсырысы бойынша
сатуға рұқсат етеді.
REACH регламентіне сəйкестік ақпаратын
www.REACH.bayer.com сайтынан табуға болады.
Ескертулер
Күйіп қалу қаупі: қыздырғыш элементпен
əрекеттесу оператордың жарақаттануына
əкелуі мүмкін. Қызуды сақтайтын элементпен
абайлап жұмыс істеңіз.
Ашылған немесе зақымданған
қаптамалардағы жабдықтар немесе
зақымданған компоненттер пайдаланылса,
оператор немесе емделуші жарақаттануы
мүмкін. Əр пайдалану алдында құрамы мен
қаптамасын қарап шығыңыз.
Алдын алу шаралары
Жалғауға сəйкес келмейтін порт
пайдаланылса, қызуды сақтау элементі
коннекторы зақымдалуы мүмкін. Жалғау
алдында жүйедегі қосылымға арналған сəйкес
портты дұрыс анықтаңыз.
MEDRAD Avanta шприцінің қызуын сақтайтын
элемент
MEDRAD Avanta шприцінің қызуын сақтайтын элементті
оператор абайлап пайдалануы керек жəне ол MEDRAD
Avanta инфузиялық терапияға арналған инъекциялық
жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне қажет емес.
Тазалау
®
Avanta
MEDRAD Avanta шприцінің қызуын сақтайтын
элементті дымқыл шүберекпен сабын мен суды
пайдалану арқылы тазалау керек. Тазалау алдында
қуатты əрқашан ажыратыңыз.
Ақаулық индикаторы
Жанып тұрған қызыл индикатор MEDRAD Avanta
шприцінің қызуын сақтайтын элементте ақаулық бар
екенін білдіреді. Қызуды сақтайтын элементті жүйеден
ажыратып, кемінде 30 секунд күтіңіз, содан соң қызуды
сақтайтын элементті қайта жалғаңыз. Егер қызыл
индикатор жанып тұра берсе, оны ажыратып,
MEDRAD Avanta шприцінің қызуын сақтайтын
элементті пайдалануды тоқтатыңыз. Bayer
компаниясының сервистік қызметіне қоңырау
шалыңыз.
MEDRAD Avanta шприцінің қызуын сақтайтын
элементті орнату
1. MEDRAD Avanta шприцінің қызуын сақтайтын
элементті инъекторлық бастың басқыш қабына
астынан кигізу арқылы орнатыңыз. FluiDots
индикаторлары үстінен көрінетінін тексеріңіз.
2. MEDRAD Avanta шприцінің қызуын сақтайтын
элементін MEDRAD Avanta инъекторлық басының
төменгі бөлігіндегі MEDRAD Avanta шприцінің
қызуын сақтайтын элементтің портына жалғаңыз.
Ескертпе: коннекторды қатты күш салып жалғамаңыз.
3. Инъекторлық басқа жалғағаннан кейін, MEDRAD
34
Инъекторлық бас (артқы көрінісі)
MEDRAD Avanta
шприцінің қызуын
сақтайтын
элементтің порты
Avanta шприцінің қызуын сақтайтын элементтің
жылулығын дереу тексеріңіз.

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Ava 500 syrh