Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Құрылғыны Тазалау - Stihl GH 370 S Gebrauchsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GH 370 S:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
11.1 Іштен жанатын қозғалтқыш
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
əр пайдаланудан бұрын
Ұзақ уақыт пайдалану үшін əрқашан
мотор майының жеткілікті деңгейі жəне
май мен ауа сүзгісін жиі ауыстыру
əсіресе маңызды. Іштен жанатын
қозғалтқышты пайдалану жөніндегі кез
келген нұсқаулықтан Сіз таба алатын
пайдалану жəне қызмет көрсету
жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын
сақтаңыз.
Суыту қабырғалары үнемі таза тұруы
керек, себебі тек сонда ғана іштен
жанатын қозғалтқыштың жеткілікті
түрде суытылуы қамтамасыз етіледі.
11.2 Құрылғыны тазалау
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
əр пайдаланғаннан кейін
Құрылғыны əр пайдаланудан кейін
тазалау керек. Жақсы күту құрылғыны
зақымданулардан қорғайды жəне оның
пайдалану мерзімін ұзартады.
Бақша ұсақтағышының тазалау
позициясы:
Құрылғыны суретте көрсетілген
күйдегідей ғана тазалауға болады.
● Тиеу шұңғымасын бөлшектеңіз.
(
7.8)
Егер бақша ұсақтағышы
сипатталғандай орнатылмаса, құрылғы
(іштен жанатын қозғалтқыш)
зақымдалуы мүмкін.
0478 216 9908 A - KK
Қысыммен аққан суды
электр қозғалтқыштың
немесе іштен жанатын
қозғалтқыштың
бөлшектеріне, сонымен
қатар тығыздауыштарға, мойынтіректер
орнатылған жерлерге жəне электр
бөлшектеріне, мысалы, ажыратқышқа
бағыттауға тыйым салынады. Бұл
қымбат жөндеу қажеттілігін тудырады.
Жиналып қалған батпақ пен
органикалық қалдықтар
қылшақпен, ылғалды
матамен немесе ағаш
таяқпен тазаланбаса, STIHL
компаниясы арнайы тазалағыш
құралды пайдалануды ұсынады
(мысалы, арнайы STIHL тазартқыш
құралы).
Агрессивті жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
Дискілі пышақтарды тұрақты тазалап
17
тұру қажет.
Қозғалтқыштың дұрыс суытылуын
қамтамасыз ету үшін, суыту
қабырғаларын, желдеткіш
қалқаншаларын, ауа сүзгісінің
маңындағы кеңістікті жəне т.б. жиналып
қалған балшықтан тазалаңыз.
11.3 Пышақтардың күтімі
Жарақат алу қаупі
бар!
Жұмыстардың тек
қорғаныш қолғаптармен
ғана орындаңыз!
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
əр пайдаланар алдында
● Тиеу шұңғымасын шешіп алыңыз.
(
7.8)
● Пышақтарда зақымдану (жүзінің
жарықтары немесе сызаттар) жəне
тозу белгілерінің бар-жоғын
тексеріңіз жəне қажет болса,
аударып салыңыз немесе
ауыстырыңыз.
Пышақ тозуының шектері:
Белгіленген тозудың шектеріне
жетпес бұрын тиісті пышақтарды
бұру немесе ауыстыру қажет.
STIHL компаниясы STIHL
делдалдарын ұсынады.
● Пышақтың бірнеше жерінде тесіктен
пышақ шетіне дейінгі қашықтықты
өлшеңіз.
Минималды қашықтық 6 мм
Пышақты бұру:
Кескіш пышақ бұрылмалы пышақ
ретінде басқарылады. Басқаша
айтқанда, дөкір пышақтар бір рет
бұрылуы мүмкін жəне құрылғы
əрдайым жұмысқа дайын тұрады.
Əрқашан пышақтардың екеуін де
бұрыңыз!
● Дискілі пышақты бөлшектеңіз. (
18
● Бұрандаларды (1) босатыңыз жəне
гайкалармен (2) бірге бұрап
шығарыңыз.
● Пышақты (3) жоғары қарай
шығарыңыз.
● Дискілі пышақты тазалаңыз.
7.6)
509

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis