Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Stihl GH 370 S Gebrauchsanleitung Seite 503

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GH 370 S:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Қолыңыз, денеңіздің басқа
бөліктері немесе киіміңізді
суарма шұңғымаға немесе
қалдықтарды түсіріп тастауға
арналған бұрғы құдығының ішіне
сұқпаңыз. Көз, бет, саусақ, алақан жəне
т.б. мүшелерге жарақат келтірілу қаупі
бар.
Тіреуші үстіңгі бетке үнемі сүйеніңіз
жəне тиісті тепе-теңдікті сақтаңыз.
Қолдарыңызды құрылғының үстінен
шығармаңыз.
Материалды салған кезде
пайдаланушы нұсқалған жұмыс
аймағында болу керек. Ұсақтағыш
жұмыс істеп тұрғанда пайдаланушы
жұмыс аймағында болуы тиіс, лақтыру
аймағында болуға тыйым салынған.
(
8.1)
Жарақат алу қаупі бар!
Құрылғының жұмысы кезінде
ұсақталған материал жоғары қарай
лақтырылуы мүмкін. Пайдаланушы
бетін, көздері мен қолдарын қатты
жарақаттап алуы мүмкін. Сондықтан
қорғаныш көзілдірік пен қорғаныш
қолғаптар киіңіз жəне басыңызды
материал салатын саңылаудан алшақ
ұстаңыз.
Бензин немесе электр қозғалтқышы
жұмыс істеп тұрған құрылғыны
еңкейтуге болмайды.
Құрылғы жұмыс уақытында құлаған
жағдайда, электр іштен жанатын
қозғалтқышты дереу сөндіріп, от
алдыру білтесі сымының штекерін
суырып алыңыз.
Лақтырма астаушасында ұсақталатын
материалдың кептеліп қалмауын
қадағалаңыз, себебі бұл ұсақтау
нəтижесінің нашарлауына немесе кері
соққыларға алып келуі мүмкін.
0478 216 9908 A - KK
Бақша ұсақтағышына ұсақталатын
материал салған кезде ұсақтау
камерасына металл бөлшектер, тастар,
пластик заттар, шыны жəне т.с.с. бөтен
заттардың салынбауын қадағалаңыз,
себебі бұл құрылғының зақымдануына
жəне тиеу шұңғымасынан кері
соққылардың берілуін алып келуі
мүмкін.
Жарақат алу қаупі бар!
Пайдаланушы кері ұшқан
ұсақталатын материал мен бөтен
заттардан ауыр жарақат алуы
мүмкін. Құрылғыға бөтен заттар
салмаңыз жəне материалдың
кептелуін бірден жөндеп
отырыңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Бақша ұсақтағышына кесілген
бұтақшаларды салған кезде кері
лақтыруы мүмкін. Пайдаланушы
кері лақтырылған ұсақталатын
материалдан ауыр жарақат алуы
мүмкін. Қорғаныш қолғап пен
көзілдірік киіңіз!
Іштен жанатын қозғалтқышты мына
жағдайда сөндіріңіз,
– құрылғыны аударту, жылжыту
немесе тарту алдында,
– бұрандалы тығындарды босату жəне
құрылғыны ашу алдында,
– толтыру алдында. Құрылғыны тек
іштен жанатын қозғалтқыш
суытылған кезде толтырыңыз.
Өрт қаупі бар!
Кескіш құрал
ажыратылғаннан кейін толық
тоқтағанға дейін біршама
уақыт өтетінін естен
шығармаңыз.
Іштен жанатын қозғалтқышты сөндіріңіз,
от алдыру білтесі сымының штекерін
суырыңыз жəне барлық жылжымалы
құралдардың тоқтағанын күтіңіз,
– құрылғыны қалдырудың алдында,
– құрылғыны көтеріп алып,
тасымалдау алдында,
– құрылғыны тасымалдау алдында,
– бітеуіштерді немесе кескіш бөліктегі,
тиеу шұңғымасындағы немесе
лақтырманың науасындағы
қоқыстарды кетірер алдында,
– кескіш бөлікпен жұмыс істеу
алдында,
– құрылғы тексеріліп немесе
тазаланып жатқанның алдында
немесе басқа да жұмыстарды
өткізердің алдында.
Егер кескіш құралға байқаусызда бөтен
заттар салынса, құрылғыдан бөтен
дыбыстардың шыққанын немесе оның
əдеттегіден өзгеше дірілдеуін
байқасаңыз, дереу қозғалтқышты
сөндіріңіз жəне құрылғының
инерциялық қозғалысының тоқтағанын
күтіңіз. Оталдыру білтесі сымының
штекерін суырып алыңыз, тиеу
шұңғымасын шешіп алыңыз да, келесі
əрекеттерді орындаңыз:
– Құрылғыда, əсіресе кескіш бөлікте
(пышақ, дискілі пышақ, пышақ
бұрандамасы) зақымдану
белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз
жəне құрылғыны қайта оталдырып,
онымен жұмысты жалғастырмас
бұрын кəсіби маманға қажетті жөндеу
жұмыстарын жасатып алыңыз.
501

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis