Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

LG MU2R15 Montageanleitung Seite 405

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für MU2R15:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 130
АУАМЕН ҮРЛЕП ТАЗАРТУ ЖƏНЕ БОСАТУ
20
АУАМЕН ҮРЛЕП ТАЗАРТУ ЖӘНЕ БОСАТУ
Салқындатқыш жүйесінде қалған ауа және ылғал-
дық төменде берілгендей кері әсерін тигізеді.
- Жүйедегі қысым артады.
- Жұмыс тогы артады.
- Салқындату (немесе жылыту) тиімділігі кемиді.
- Салқындатқыш контурындағы ылғалдық қатып,
капиллярлық түтікті оқшаулауы мүмкін.
- Су салқындатқыш жүйесіндегі бөлшектердің тот-
тануына алып келуі мүмкін.
Сондықтан жүйені босатқаннан кейін ішкі және
сыртқы бөлім арасындағы құбыр мен түтіктің
ағатын жерлерін тексеріңіз.
Тексеру әдісі
Дайындау
Ішкі және сыртқы бөлімдер арасындағы әр түтік
(сұйықтық және газ түтіктерінің екеуін де) дұрыс
қосылғандығын және барлық сымдардың сынағы
аяқталғанын тексеріңіз. Сыртқы бөлімдегі газ
және сұйықтық түтіктерінен жұмыс клапанының
қақпақтарын алыңыз. Сыртқы блоктағы сұйықтық
және газ жағының екеуі де осы кезеңде жабық
сақталғанын тексеріңіз.
Ағуды тексеру
Үлестіргіш клапанды (қысым датчиктерімен)
жалғап, азот газының цилиндрін осы қызметтік
портқа сай шығару шлангтерімен құрғатыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
!
Бөліп таратқыш клапанды ағуды тексеру үшін
міндетті түрде пайдаланыңыз. Бұл клапан
қолжетімді болмаса, осы мақсат үшін бекіткіш
клапанын пайдаланыңыз. Бөліп таратқыш
клапанның "Жоғары" тұтқасы әрқашан жақын
жерде тұруы керек.
- Жүйені құрғақ азот газымен 551 P.S.I.G.
артық қысымдаңыз және датчик көрсеткіші
551 P.S.I.G. жеткен кезде цилиндр клапанын
жабыңыз. Келесі, сұйық сабынмен сыртқа
ағуды тексеріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
!
Азоттың салқындатқыш жүйесіне сұйықтық
күйінде кіріп кетуін болдырмау үшін, жүйеге
қысым жасаған кезде баллонның жоғарғы
жағы төменгі жағына қарағанда биік болуы
тиіс. Әдетте баллон тік тұрған күйінде пайда-
ланылады.
- Түтік пен газ және сұйықтықтың екі жағындағы
қызметтік клапандардың (ішкі мен сыртқы екеуі)
барлық қосылымдарынан сыртқа ақпауын тексе-
ріңіз. Көбіктер ағатын жерлердің бар екендігін
білдіреді. Сабын жерлерді таза шүберекпен
сүртуіңіз қажет.
- Жүйеде ағатын жерлердің жоқ екендігі
анықталғаннан кейін, азот баллонындағы электр
шлангісінің қосқышын босатып азот қысымын
шығарыңыз. Жүйедегі қысым қалыпты күйге
дейін азайтылғаннан кейін, шлангіні баллоннан
ажыратыңыз.
Ішкі блок
Бөліп таратқыш клапан
Сыртқы бөлім
Қысым датчигі
Lo
Hi
Электр шлангісі
Азот газ цилиндрі
(тік тұрған күйінде)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis