Herunterladen Diese Seite drucken

Құрылғыға Шолу; Монтаждау; Пайдалануға Беру - CMi C-B-RM-40 Originalbetriebsanleitung

Benzin-rasenmäher

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
• Өрт қаупінің алдын алу мақсатында
қозғалтқыш пен шығару ойығы жəне
отын багының айналасы шөптен, жапы-
рақтардан немесе сорғылап тұрған
жағармайдан (майдан) бос болуы тиіс.
• Шөп жинағышта тозудың белгілері бар-
жоқтығын жүйелі түрде тексеріп
тұрыңыз. Функционалдығын тексеріңіз.
• Машинаны сөндірмес бұрын, қозғал-
тқышты суытып алыңыз.
• Кескіш пышақтарға техникалық қызмет
көрсету кезінде, тіпті машинаның сөн-
дірулі күйінде де кескіш пышақтардың
қозғалуы мүмкін екенін есте сақтау
қажет.
• Қауіпсіздік техникасы тұрғысынан
ескірген немесе зақымдалған бөлшек-
тер алмастырылуы тиіс. Тек түпнұсқа
қосалқы бөлшектер мен толымда-
уыштарды пайдаланыңыз.
• Жанармай багын босату қажет болған
жағдайда, оны ашық аспан астында
жанармай айдауға арналған сорғымен
іске асырған жөн.
Құрылғыға шолу
Нұсқау: Аспаптың іс-жүзіндегі
көрінісі суреттегіден ерекшеленуі
мүмкін.
► 3-бет., 1-тармақ
1. Қосу тұтқасы
2. Бағыттаушы тұтқа
3. Бағыттаушы тұтқаның астыңғы бөлігі
4. Қорғаныс қақпағы
5. Қозғалтқыш
6. Кесу биіктігін реттеу иінтірегі
7. Қабылдау сауыты
► 3-бет., 2-тармақ
8. Мотор майына арналған құю саңыла-
уының бұрандық тығыны
9. Сымарқанды стартер
10. Сұйыққойманың қақпағы
11. Отын сорғысы
12. Ауа сүзгісінің корпусы
13. Оталдыру білтесі бар оталдыру сымы
Жеткізілім жиынтығы
• Пайдалану бойынша нұсқаулық
• Көгалшапқыш
• Қабылдау сауыты
• Бағыттаушы тұтқа
• Бағыттаушы тұтқаның астыңғы бөлігі
• Ұсақ бөлшектер салынған пакет
Монтаждау
Бағыттаушы тұтқаны монтаждау
Нұсқау: Барлық монтаждау опера-
циялары екі жағынан жүргізіледі.
► 4-бет., 3-тармақ
– Бағыттаушы тұтқаның төменгі бөлігін
(3) құрылғының жиектемесіне қонды-
рыңыз жəне бұрандалармен (14) бұрап
бекітіңіз.
– Бағыттаушы тұтқаны (2) бағыттаушы
тұтқаның астыңғы бөлігіне (3) орна-
тыңыз жəне бекітуші болттарды (15)
кигізіңіз.
– Гайкаларды (16) салыңыз жəне бұрап
бекітіңіз.
Пайдалануға беру
Отын құю
ҚАУIП! Жарақат алу қаупі бар!
Бензин жоғары температурада
тұтануы мүмкін!
Бакқа отын құю алдында қозғал-
тқышты сөндіріп, оны салқындатып
алыңыз.
Отынмен жұмыс жасаған кезде
қауіпсіздік техникасы бойынша бар-
лық нұсқауларды міндетті түрде
сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғы-
ның зақымдалу қаупі бар!
Құрылғы мотор майынсыз жет-
кізіледі.
Пайдалануға енгізер алдында мін-
детті түрде мотор майын құйыңыз.
Нұсқау: Тек сəйкес отынды пайда-
лану керек (► Қауіпті діріл – 161-
бет.).
► 4-бет., 4-тармақ
– Бактың қақпағын (10) ашып, алып
тастаңыз.
– Жанармайды абайлап құю керек (бак
құтысы: ► Қауіпті діріл – 161-бет.).
Төгіп алмаңыз!
– Бактың қақпағын (10) қайтадан қолмен
тартып жабыңыз.
Мотор майын құю
► 3-бет., 2-тармақ
– Мотор майын құюға арналған бұран-
далы тығынынды (8) босатып, алып
тастаңыз.
KAZ
165

Quicklinks ausblenden:

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

234185