Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher SC 4 EasyFix Iron Bedienungsanleitung Seite 186

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SC 4 EasyFix Iron:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Кілемге арналған қондырманы еденге арналған
қондырмадан алу
АБАЙЛАҢЫЗ
Аяқтың күюі
Бумен өңдеу кезінде кілемге арналған қондырма
қатты қызуы мүмкін.
Бу щеткасымен жалаң аяқ немесе ашық аяқкиімде
ешқашан жұмыс істемеңіз жəне алмаңыз.
Бу щеткасымен тек сəйкес келетін аяқкиімде
жұмыс істеңіз жəне алыңыз.
1. Кілемге арналған қондырманың тілшесін бəтеңке
тұмсығымен төмен басыңыз.
2. Еденге арналған қондырманы жоғары көтеріңіз.
Сурет O
Бу шығарылатын үтік
Нұсқау
Белсенді буды ұстап алу мүмкіндігі бар KÄRCHER
үтіктеу тақтасын пайдалануға кеңес береміз. Бұл
үтіктеу тақтасы сіз алған құрылғыға оңтайлы
сəйкес келеді. Ол үтіктеу процесін жеңілдетеді
жəне жылдамдатады. Қолданылатын үтіктеу
тақтасында кез келген жағдайда буды түбіне
дейін өткізетін тор болуы керек.
Нұсқау
Үтіктеу тақтасын бу сорғышынсыз пайдаланған
кезде, конденсат жиналып қалса, үтіктеу
тақтасының қаптауышы суланып қалуы мүмкін
екендігін ескеру керек.
Бу қысымды үтікті пайдалануға беру
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Конденсаттың/ылғалдың есебінен мүліктің
зақымдануы
Үтіктеу кезінде конденсат еденге тамшылап,
сезімтал еден жабынын зақымдауы мүмкін.
Мүмкін болса, үтіктеу жұмыстарын конденсатқа
сезімтал емес еден жабынында (мысалы,
плиткалар / тас) орындаңыз.
Сезімтал еден жабындары үшін конденсат ағып
кететін аймақтың жеткілікті қорғалуы
қамтамасыз етілгеніне көз жеткізіңіз (мысалы, су
өткізбейтін еден жабыны).
Нұсқау
Бу онда конденсацияланбауы жəне үтіктелетін
киімге тамбау үшін, үтік табаны ыстық болу
керек.
1. Бу қазанында құбыр суы немесе құбыр суы мен
макс. 50 % дистилденген су қоспасы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
2. Құрылғы ұясына үтіктің бу келтеқосқышын
салып, сырт еткен дыбыс естілгенше жабыңыз.
3. Бу тазартқышын іске қосыңыз, Құрылғыны қосу
бөлімін қараңыз.
4. Бу генераторы жұмысқа дайын болмайынша
күтіңіз.
5. Индикатор шамы (қызғылт сары) өшкеннен кейін
үтік пайдалануға дайын.
6. Пайдалану кезінде үтік қызып жатқанда
индикатор жанады. Қызып жатқан кезде
қолдануды тоқтатудың қажеті жоқ.
186
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Киімді зақымдау
Үтіктеу бойынша нұсқауларды ұстанбау киімнің
зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Киімге тігілген жапсырмасындағы үтіктеу
бойынша нұсқаулармен танысыңыз.
Нұсқау
Белгіленген, оңтайлы температура
параметрімен барлық үтіктелетін
материалдарды қосымша температура орнатпай
үтіктеуге болады.
Нəзік маталар мен салынған суреттерді артқы
жағынан бумен, үтіктің тікелей жанасуынсыз
үтіктеңіз.
Нұсқау
Үтік 5 минуттан артық уақыт бойы қозғалмаса,
құрылғыны сөндіретін автоматты өшірумен
жабдықталған. Бұл автоматты өшіру үтік үздіксіз
қызбайтындықтан қауіпсіздікті арттырады жəне
қуатты үнемдейді. Үтік қозғалғаннан кейін
қайтадан қосылып, қыза бастайды.
Нұсқау
Тұтас перделерді, көйлектерді жəне т.б. бумен
тігінен өңдеу үшін үтікті тігінен ұстауға болады.
1. Тез арада Үтіктің қыздыру индикатор шамы
(қызғылт сары) өшкен бойда, үтіктеуге кірісуге
болады.
2. Бу берілуін ажыратқышты төмендегі тұтқадан
басыңыз. Ажыратқыш басылып тұрғанда, бу
шыға береді.
3. Үтіктеуді бастамас бұрын будың шығарылуын
шүберекке бағыттап, бу тегіс шығарылмайынша
күтіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғыны зақымдау
Бу қазанында судың жеткіліксіз мөлшері
құрылғының зақымдалуына əкеледі
Бу қазанында су бар екеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Киімді зақымдау
Үтіктеу бойынша нұсқауларды ұстанбау киімнің
зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Киімге тігілген жапсырмасындағы үтіктеу
бойынша нұсқаулармен танысыңыз.
Нұсқау
Белгіленген, оңтайлы температура
параметрімен барлық үтіктелетін
материалдарды қосымша температура орнатпай
үтіктеуге болады.
Нəзік маталар мен салынған суреттерді артқы
жағынан бумен, үтіктің тікелей жанасуынсыз
үтіктеңіз.
 Үтіктің қыздыру индикатор шамы (қызғылт сары)
өшкенше күтіңіз.
Үтік үтіктеуге дайын.
Қазақша
Бумен үтіктеу
Құрғақ үтіктеу

Quicklinks ausblenden:

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Sc 4 easyfix premium iron