Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch PWR 180 CE Originalbetriebsanleitung Seite 248

Wandbearbeitungssysteme
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PWR 180 CE:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

OBJ_BUCH-2193-004.book Page 249 Friday, September 9, 2016 9:08 AM
Жұмыс уақытында болатын шаңды шығаруды азайту үшін
келесі сақтық шараларын қолданыңыз.
– Тек Bosch ұсынған кірістірілген қорғағыш және шығару
қаптамасы, сондай-ақ, M сыныпты шаңсорғыш бар
алмас, алмалы-салмалы аспаптарды, қолтұтқаны
пайдаланыңыз. Басқа тіркесімдер шаңды жинаудың
нашарлауына және шаңның жиналуына әкелуі мүмкін.
– Шаңсорғыштың техникалық қызмет көрсету және
шаңсорғыш пен сүзгілерді тазалау туралы нұсқауларын
орындаңыз. Толы болса, шаңжинағыштарды бірден
тазалаңыз. Жүйелі түрде шаңсорғыштағы сүзгіні
тазалаңыз және шаңсорғышта сүзгіні әрқашан
дұрыстап орнатыңыз.
– Қолтұтқаны тек мақсатына сай пайдаланыңыз.
– Құрылыс алаңдарындағы жұмысқа қойылатын жалпы
талаптарды орындаңыз.
– Еркін жұмыс аймағын қамтамасыз етіңіз. Ұзақ
жұмыстар кезінде шаңсорғыш еркін қозғалуы немесе
уақтылы қозғалуы керек.
– Жұмыс орнын тазалау үшін сәйкес шаңсорғышты
пайдаланыңыз. Бұрылыстарда жиналған шаңды
көтермеңіз.
Қосымша тұтқаны реттеу (F суретін қараңыз)
Қосымша тұтқаның 4 еңісін белгілі жұмыстарда оңай
жұмыс күйіне жету үшін реттеу мүмкін (мысалы, шетке
жақын ажарлауда).
– Екі қатпарлы бұранданы 9 босатып, қосымша тұтқаны 4
керекті жұмыс күйіне еңкейтіңіз.
– Қатпарлы бұрандаларды 9 қайта берік бекітіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру (G суретін қараңыз)
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 5 алға
басыңыз.
Қосқыш/өшіргішті 5 орнату үшін қосқыш/өшіргішті 5
алды төменге тірелгенше басыңыз.
 Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.
– Электр құралды өшіру үшін сөндіргішті 5 жіберіңіз
немесе бекітілсе, сөндіргішті 5 қысқа уақыт бойы
басыңыз және жіберіңіз.
Bosch Power Tools
Айналу моментін орнату
Айналымдар санын таңдайтын реттеуші арқылы 7 қажетті
айналымдар санын реттеуге болады.
Талап етілетін айналымдар санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға
болады.
Алмалы-салмалы аспаптардың тізімін ұсынылған айналу
сандарымен "Алмалы-салмалы аспап пен айналымдар
санын таңдау" бөлімінде, 250 бетінде табасыз.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ескертпе: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда бұл іске қосу тогын
шектеудің, қайтадан қосылудан қорғаудың және кері
соққы кезінде өшірудің істен шыққанын білдіреді. Электр
құралды бірден сервистік қызметке жіберу керек,
мекенжайларды "Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері" тарауынан қараңыз.
Тұрақты электроника
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен
кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
– Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 5 өшірілген
күйге келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.
Артық жүктеу қорғанысы
Қайта іске қосқанда қозғалтқыш тоқтайды. Құрылғының
бос жүрістегі ең жоғары жүктемеде шамамен 30 секунд
бойы сууына мүмкіндік беріңіз.
Қaзақша | 249
1 609 92A 1LR | (9.9.16)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis